Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тау періштесі

Ертеде аспан императордың сұлу да сымбатты жеті қызы болыпты. Бұл арулар бірталай жасқа келіп, жалғыздықтан қатты қамығып, бір күні кемпірқосақ көпірге келіп ақ бұлттардың арасын ашып адамдарды бақылайды. Қарапайым жандар өмірі суреттегідей, ерлер түзде, әйелдер үйде...

Осы кезде кенже қыз қолына қолшатыр ұстап, бейіт басында жылап жатқан жас жігітті көріп апайынан оның кім екенін сұрайды. Апайы ол жігіттің есімі Дұң Йоң және әкесінен айырылып жерлеуге қаражаты болмағанынан, өзін сатып әкесін жерлемекші екенін айтады.

Кенеттен Аспанның Оңтүстік Қақпасы ашылып аспае гүркіреп қоңыраудың қатты дауысы шығып, алайдүлей болып кетеді. Тек Кенже қыз ғана манағы жігітке көз алмастан қарай берді. Сол сәтте апайы оны іздеп келіп : «Сіңілім, сен не ойлап кеттің», — деп сұрайды. Кенже қыз Дұң Йоңның шыншылдығына тәнті болып онымен бас қосқысы келетінін жеткізеді. Апайы: «Мен сенің қалауыңды түсінемін, тек әкеміз білген кезде не болады деп қорқам», — дейді. Кенже қыз өз апайына иек артатынын айтады.

Апайының жүрегі ауырып сіңілісін қолына шам шырақ ұстатады: «Қиналғаныңда осыны жақсаң, біз көмекке келеміз», — деп түсіндіреді.

Апайының ыстық ықыласын көңіліне түйген ару шырақты алып ақ бұлтқа мініп адамдар арасына қарай бет алды. Осы кезде қара жер оянып оған әкесі білгенде қиын болатынын айтып, қызды қайтармақшы болғанымен, ақыры қыздың өтінішін жерге тастай алмай мақұл болады.

Ал Дұң Йоң Қожайынның үйіне жұмысқа бара жатқан жолда сұлу бикешті кезіктіріп, қыз бен жігіттің бір жолда жүруі ыңғайсыз болар деп кіші жолға бұрылғанда, әлгі арудың қайта алдынан шығарын кім білген. Жігіт: «Қарындас, сіз неге менің жолыма бөгет бола бересіз», — деп сұрағанда, Кенжеқыз : «Ағасы, сіздің есіміңіз кім болады, қайда тұрасыз, қайда жол тартып барасыз», — деп үн қатты.

Сонда жігіт өз әкесін жерлеу үшін өзін сатқаны туралы айтып берді, сұлу өзінің сезімін білдіріп, онымен бас қосқысы келетіндігін айтады.

Кенже қызға көңіл қосқысы келген жігітті өзінің кедей тұрмысын ойлап қатты қынжылады. Екеуі осы жөнінде әңгімелесіп жатқан кезде арттарынан қарқылдап күлген дауысты естиді. Сөйтсе ол ақ басты Ақсақал екен. Ол екеуінен не істеп жүргендерін сұрайды, сонда әлгі Кенжеқыз екеуінің бір бүтін болғылары келетінін айтады.

Ал Дұң Йоң болса әрі ойланып, бері ойланып бір ғана мәселенің шешілмегенін, той рәсіміне басшылық етер және жеңгетай болар адам жоқ екенін жеткізеді. Ақсақал басшылықты өз мойнына аламын, ал жеңгетайлыққа осы жердегі ағаштар болады дейді. Осы кезде Кенжеқыз алдындағы ағашқа : «Ағатай, сіз бізге жеңгетай болыңызшы», — деп өтінеді. Егер де Дұң Йоңның үш рет дауыстап атын атаса, ол тіл қататынын айтқан соң, жігіт сенерсенбестен тіл қатқаны сол еді, әлгі ағаш келісімін береді. Осылайша екі жас Көк Тәңірге және Ақсақалға разылықтарын білдіріп үйленеді.

Дұң Йоңның Қожайыны оның келіншегімен келгенін көріп, сен баға алмаған әйеліңді де ертіп келдің бе? Дейді сонда жас келін: мен тоқыма тоқи аламын дейді, онда сен бір түннің ішінде он мақта көрпе тоқы деп тапсырады, егер тоқи алсаң, жарының үш жылдық жұмыс күнін жүз күнге, ал жасай алмаған жағдайда алты жылға ауыстырамын дейді. Кенжеқыз жарына: «Сен уайымдама, өз тірлігіңді жасай бер», — деп оны жібірген соң алты әпкесін көмекке шақырғаны сол еді, олар лезде жетіп жетеуі бір түннің ішінде тапсырманы орындайды.

Келесі күні таңертең жас келіннің бітірген ісін көрген қожайын бұл жұмысқа қатты таңғалады, бырақ оған бұл істегенің ұрлық деп айыптайды. Алайда ұрланған болса да, оны дәлелдейтін куәгер де жоқ болғандықтан қожайын амалсыз үш жылдық жұмыс уақытысын жүз күн етеді.

Екі ғашық қуанышты күйде үйге келе жатқан жолда Кенжеқыз шаршап талдың көлеңкесіне кеп отырып, күйеуінің жыртық көйлегін жамап отырады, Дұң Йоң қыздың сандығының ішінен шыққан кішкене сәбидің киімін көріп: «Маған айтар қуанышты хабарың бар ма?», — деп Кенжеқыздан сұрағанда, ол басын изеп жарын үлкен бақытқа кенелтеді. Бұл хабарды естіген Дұң Йоң жақын арадан жұбайына жеміс іздеп кетеді. Енді қадам басып жүргені сол еді қатты жел тұрып аласапыран болып кетеді. Сөйтсе бұл Кенжеқыздың артынан келген әкесінің әскерінің дауылы екен. Олар әкесінің қатты ашуланып жатқанын айтып жеткізеді. Әкесінің жанына оралғысы келмеген қыз тез арада апайларын көмекке шақырады, олардың орнына тұмсығында хаты бар кішкене құс келеді. Сөйтсе әкесі олардың Кенжеқызға көмектескенін біліп ашуланып, оларды абақтыға қамап қойған екен. Осы кезде жеміс теріп келген жары жұбайының жасын көріп не болғанын сұрап, істің бәрін естіген кезде, императордың әскері қайта оралып, қайтатын уақыт болғанын айтады.

Дұң Йоң қорықпастан жұбайын алып қалуға тырысқанымен, Кенжеқыз жарына кесірін тигізгісі келмей, кетуге келіседі. Мұны естіген Дұң Йоң жерге басы айналып құлап түседі. Кенже қыз жанындағы ағашқа: «Келер жылы ағаштар бүршік атып, гүлдеген кезде әкемнің ашуына қарамастан екеуіміздің жүрегіміз бір болады», — деп, қанмен хат жазып қалдырады. Соңғы рет жарына қимастай бір қарап амалсыздан ақ бұлтқа еріп көк әлеміне көтерілеп кете берді....


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама