- 25 мау. 2021 00:00
- 155
Мәдениеттану мамандығының адам өміріндегі маңызы
«Мәдениеттану» терминін алғаш рет американдық антрополог Лесли Уайт ұсынған болатын. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Мәдениеттану дегеніміз адамдардың рухани мәдениеті мен қоғамның өзара әрекеттесу тенденциялары туралы ғылым және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Мәдениеттану мамандығы оқу үрдісіне 1994 жылдан бастап енді.Қазіргі таңда Мәдениеттану мамандығының Қазақстан Республикасы бойынша рөлі өсіп, маңызды мамандықтардың біріне айналып келе жатыр. Мәдениеттану мамандығының көптеген ерекшеліктері бар, соның ішінде оның бірнеше саланы қамтитыны. Мәдениеттанушылар Тарих, Филология, Этнография, Философия, Дінтану, салаларын жақсы біледі, сондықтан кең ауқымды гуманитарлық мамандар болып табылады. Бұл мамандықтың иесілері ешқашан жұмыссыз қалмайды деп есептеймін. Өйткені Мәдениеттанушылар әрдайым сұраныста болады және сұраныс жыл сайын алдыға қарай өсе береді деген сенімдемін.
Жалпы Мәдениеттану мамандығы бойынша көптеген жұмыстармен айналысуға болады,соның ішіндегілері: Ұйымның мәдени-ағартушылық қызметкері, БАҚ жүйесінде мәдени үрдістерді шолушы, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органының арнайы құрылым қызметкері, референт, сараптамашы, имиджеолог, қоғамдық байланыстар маманы, мәдени саясат жөніндегі маман. Жалпы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының мәдениеттану оқытушысы. Және де менің көңіліме ең жақын іс, ол Мәдени құндылықтарды бағалау бойынша сараптамашы мен Галереяларда бас маман болып жұмыс істеу.
Мәдениеттанудың жалпы адам өміріне маңызы өте зор,өйткені бұл тек қана күнкөріс үшін қажет мамандық емес, керісінше адамды жан жақты дамытатын, ой өрісін үлкейтетін, өмірге деген көзқарасын өзгертетін, адам баласына нағыз қажет білім саласы деп есептеймін. Осы мамандық иелері, өзінің адами қасиеттерін жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, көптеген мамандық иелері болуға мүмкіндік алады жәнеде әрдайым сұраныста болады. Мәдениеттану мамандығына деген сұраныс дамымаса ешқашан кемімейтініне мен кеміл сенімдемін. Бұл мамандықтың болашағы өте зор, өйткені ол адам баласын нағыз жеке тұлға етіп шығаратын мамандық деп есептеймін.
Өндірістік тәжірибе жетекшісі Есболова Мөлдір Ауелтаевна.
Жексенбинова Жұлдыз, “Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті”, “Философия және Саясаттану факультеті”, “Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы”, Мәдениеттану мамандығының 2 курс студенті.