Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Малды пайдаға жарату

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:

— Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді, — деді.

Үйші айтты:

— Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.

Көрші:

— Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? — деді.

Үйші айтты:

— Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, — деді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама