Photo: Kaique Rocha (https://www.pexels.com/@hikaique) / Pexels
- 25 нау. 2026 07:30
- 30
Мақпал Жүнісова сахнадағы тесікті көріп, көрерменді сақтандырды
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзінің жеке мерейтойлық концертін беріп жатқанда, сахнадағы қауіпті жағдайды байқап қалды. Әншінің бұл әрекеті көпшіліктің назарын аударды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сахнадағы апатты жағдай
Әнші сахнада өнер көрсетіп тұрғанда, аяқ астынан тесік пайда болғанын байқаған. Ол бірден «Мына жер тесік екен. Секіріп билеуге болмайды екен. Тыртыңдамай кетейік мына жерден. Жарылып кетіпті», деп көрермендерді сақтандырды.
Мақпал Жүнісова бұл тесікті көрермендердің бірі сыйлаған гүлді қою үшін сахнаға шыққанда байқағаны айтылады. Әншінің бұл әрекетіне зал толы көрермен ризашылығын білдіріп, қол соқты. Алайда, әнші аталған оқиғаның қай облыста болғанын нақтыламады.