Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 29 минут бұрын)
Атыраудағы трагедия: Сот процесінде күдікті тұлғалар көбейіп келеді

Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты сот процесінде жаңа деректер мен күдіктілер туралы ақпараттар ашылуда. Журналист Жанат Молдашова сот отырысынан жаңа мәліметтерді жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналисттің айтуынша, сотта Сұлтан есімді азаматтың жездесінің қараша айында одан 150 000 теңге қарызға ақша алғаны туралы мәлімет айтылған. Бұл туралы СМС хабарлама арқылы сұраныс болған.

Алайда, мемлекеттік айыптаушы бұл СМС-тің растығын куәгерден сұрамағанына журналист таңданыс білдірген. Ол тұрақты жұмысы жоқ адамнан қалай ақша сұрағанына да күмән келтірді.

Сонымен қатар, журналист сол кезде Ақбаянның банк картасының кімнің қолында болғанына қатысты да сұрақтар туындатты.

Жаңалықтар

Жарнама