Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
«Ішінде тек арамдық»: Балжан Бидаш сыншыларына жауап берді

Әнші Балжан Бидаш өзін сынағандарға ашумен жауап берді. Ол Бейонсенің концертінен кейін пікір білдіргенде, желі қолданушылары оған шабуыл жасаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерттен кейінгі пікір

Балжан Бидаш әлемдік деңгейдегі концертті тамашалап, әсерін бөліскенде, желідегілер оны сынға алды. Әншінің айтуынша, ол өзін дәлелдеуге тырыспаған, тек концерттің деңгейі мен әншінің энергиясынан әсер алғанын жеткізген.

«Бір киіммен шығып, бірдеме дәлелдеуге тырысқан жоқ. Әнде де, өзінде де мән жатыр. Энергетикасы мықты екен. Маған да осындай масштаб жұғысты болсын», - деген еді әнші.

Желі қолданушыларының шабуылы

Алайда, әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олар Балжан Бидаштың бұрынғы әндері мен Баян Мақсатқызына сілтеуіне байланысты пікірлер қалдырды.

«Өл, тіріл бәрібір Кешьюда өлең айтқаның белгілі! Су ішкен құдығыңа түкірме деген бар! Баяннан үйренгенің көп!», «Кешью мықты шоу жасады, сонысымен қызық костюмдарымен де, не айтқыңыз келді бұл сториспен?»

Әншінің жауабы

Балжан Бидаш сыншыларға ашумен жауап беріп, олардың ой-өрісін сынады.

«Ішінде тек арамдық, негатив ойлап тұратын, санасы төмендер, бұл концертті мен өзім болған Бейонс сияқты әлемдік әншілермен салыстырдым. Провоцировать етіп, араға от салмай, өз өміріңді сүр!» - деп жазды әнші.

Жаңалықтар

Жарнама