Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 53 минут бұрын)
Ақтөбеде мұғалімге грант ақшасын қайтару туралы сот шешімі шықты

Ақтөбеде жас мұғалім мемлекеттен алған білім грантының ақшасын қайтаруға мәжбүр болды. Сот шешімімен ол 886 мың теңге көлеміндегі қаражатты мемлекетке қайтаруға тиіс.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот материалдарына сәйкес, мұғалім 2017 жылы 1,7 миллион теңгеге білім грантын иеленген. Бағдарлама бойынша ол Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы ауыл мектебінде кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек еді.

Алайда, мұғалім ауыл мектебінде небәрі 18 ай (жастар практикасын қоса алғанда) жұмыс істеп, қызметінен босатылып, Ақтөбе қаласына көшіп кеткен. Кейін қаладағы мектеп-гимназиялардың біріне орналасқан.

Мемлекеттік қаражатты қайтару талабы

Қаржы орталығы мұғалімнен оқуға жұмсалған 886 мың теңгені, сондай-ақ 18 ай жұмыс істемегені үшін 448,6 мың теңге көлеміндегі өсімпұлды өндіріп алуды талап етіп, сотқа талап-арыз берген.

Сотта жауапкер өз іс-әрекетін ақтауға тырысып, ауыл мектебінде өзінің мамандығы бойынша (шет тілі) бос жұмыс орны болмағандықтан, қалаға кетуге мәжбүр болғанын айтты. Алайда, сот бұл уәждерді дәлелсіз деп тапты.

Сот шешімі

«Сот жауапкердің уәждері тиісті дәлелдермен расталмағанын және оны қабылданған міндеттемелерді орындаудан босатпайтынын анықтады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, Қаржы орталығының талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Мұғалімге оқуға жұмсалған 886 мың теңгені қайтару міндеттелді. Өсімпұлды өндіріп алу туралы талап сотпен қабылданбады, себебі ол соманың негізсіз екені айтылды.

Аталған сот актісіне шағым түсірілмеген және ол заңды күшіне енген.

Жаңалықтар

Жарнама