Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 10 нау. 2026 03:30
- 20
Мақпал Жүнісованың анасымен күлкісінің ұқсастығы жұртты таң қалдырды
Әнші Мақпал Жүнісованың әлеуметтік желідегі парақшасында анасының видеосы жарияланды. Бұл жазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әншінің тыңдармандары анасы мен Мақпалдың арасындағы ұқсастықтарды байқады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші видеоға «Жаным анашым, алдымызда ұзағынан болыңызшы!» деген жазба қалдырған. Алайда, желі қолданушыларының назарын ерекше аударғаны – анасының күлкісі мен Мақпалдың күлкісінің бірдейлігі болды.
Күлкінің сыры ашылды
Желідегі пікірлерде оқырмандар: «Мақпалжанның күлкісі анасының күлкісі екен ғой… менің де даусым тура мамамның дауысы…», «Күлкісі тура өзіңіздің күлкіңіз», «Мақпал апайдың ерекше жарқыраған күлкісі кімнен дарыған белгілі болды. Апа ғасыр жасасын!» деп жазды. Бұл пікірлер әншінің анасынан алған табиғи сыйлығын айқын көрсетті.