Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 40 минут бұрын)
Мақсот Қарабалиннің інісі жаңа деректерді ашты: Нәсіп жеңгеміздің аудиосы күмән тудырды

Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев чатқа жіберілген аудиолар туралы айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа деректер

Журналист Жанат Молдашова марқұмның інісімен сөйлесіп, чатқа жіберілген аудио туралы күмән күшейгенін жеткізді. Жангелдин ауылының тұрғындары үрей құшағында отыр, ал қазалы отбасының жақындары күдікті деп танылған адамды тезірек құрықтауды талап етуде.

Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, Нәсіп жеңгесінің туыстар чатына жіберген аудиохабарламалары күдік тудырған. «Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз», – дейді ол.

Туыстарының айтуынша, аудионың дәл сол күні жіберілуі «көз бояу» болуы мүмкін деген күмәнді күшейткен. Дегенмен бұл – жақындарының болжамы екенін де ескерген жөн: әзірге ресми органдар тарапынан чаттағы аудиоға қатысты нақты түсініктеме берілген жоқ.

Жаңалықтар

Жарнама