Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атыраудағы жұмбақ жоғалулар: Журналисттің қауіпті болжамы

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының мүшелері жоғалып кетуі елді дүрліктірді. Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Бақытқызының денесі 7 қаңтар күні табылды. Ал олардың балалары Мейрамгүл, Ақбаян және ұлы Наурыздың тағдыры белгісіз. Белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай бұл жағдайға қатысты өз болжамын айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылқоға ауданындағы қырғын қалай басталды?

Гүлмира Әбіқай 2 қаңтар күні төрт адамның жоғалғаны туралы олардың туған-туыстарынан үш адам хат жазғанын айтады. Мақсот ағамыздың қарындасы Әсилә Мұқанғалиеваның айтуынша, Наурыз шілденің аяғында Ақтауға жұмысқа кеткен. Сол уақыттан бері ол ешкімге көрінбеген, бірақ WhatsApp арқылы хабарласып тұрған.

Жоғалған адам саны 4 емес, 6 болып шықты

Гүлмира Әбіқай кейін жоғалған адамдардың саны төрт емес, алты болып шыққанда таң қалғанын айтады. Әсилә апайдың айтуынша, отбасының кенже қызы Ақбаян мен күйеуі Сұлтан да жоғалып кеткен.

Сұлтан қандай күйеу бала болды?

Тележурналист еліміздің батыс аймақтарынан Сириядағы соғыс ошағына кеткен азаматтар көп болғанын тілге тиек етті. Сұлтан Сәрсемалиевтің дін жолын ұстанатыны белгілі болып отыр.

Атырау хакер – алаяқ па, ақ-адал жан ба?

Гүлмира Әбіқай Атыраудағы қайғылы жағдайға байланысты видео түсірген «Атырау хакер» аккаунтының иесі өзіне хабарласқанын айтады. Ол өзін шетелде қашып жүргенін мәлімдеді.

Тележурналисттің қауіпті болжамы

Қазіргі таңда көпшілікті «Мейрамгүл мен Наурыз және Сұлтанның әйелі Ақбаян аман-есен бе?» деген сұрақ алаңдатып отыр. Гүлмира Әбіқай өзінің пессимистік болжамын айтты: «Бір адам ғана тірі қалады, төрт адам табылмайды» деп ойлаймын.

Жаңалықтар

Жарнама