Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Сыныбы: 9, 10, 11 сыныптар
Тақырыбы: «Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы»
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Математикалық сайыс
Әдісі: Топ бойынша жұмыс
Көрнекілігі: Жылжымалы тақта, әртүрлі суреттер, кестелер, қанатты сөздер.
Жоспары:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Өмір дерек (таныстыру, эмблема қорғау)
ІІІ. Шапшаңдық (9 сынып)
ІV. Байқағыштық (топ бойынша жұмыс)
V. Фигураларды құрастыру (10 сынып)
VІ. Формулалар әлемі (топ бойынша жұмыс)
VІІ. Әр қолда – өзінің ісі (жанкүйерлер сайысы)
VІІІ. Мықты болсаң, жеңіп көр (11 сынып)
ІX. Күлдіргі жұмбақ шешу ( топ бойынша жұмыс)
X. Топ жетекшілерімен сайыс (сөз құрау)
XІ. Қорытынды.

І. Кіріспе сөз.
- Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріне жар салайын
Бүгінгі сайыс төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді сайыс жасайық.
Асып әсте саспайық
Батыл қадам жасайық,
Сайыс қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық!

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын қане, өнерімен ортаға!
Ортаға сайысқа түскелі отырған топтарды шақырамыз.
1 – топ.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты, - деп ортамызға Архимед тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
2 – топ.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Пифагор тобын тосайық
Қол соғып, қарсы алайық. Ортаға Пифагор тобы шығады.

3 – топ.
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық.
Бұл сайысқа қатысуға,
Логарифм тобы
Келіп тұр ортамызға. «Логарифм» тобын қарсы алыңыздар!

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Енді әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық – деп сөз кезегін әр топқа береміз. Әр топ өздерін таныстырады.
ІІ. Өмірдерек (таныстыру, эмблема қорғау)
ІІІ. Шапшаңдық (9 сынып)
Әр топтан ортаға 9 сынып оқушылары шығады. Оқушылардың алдарына 0 – 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар қойылады. Көбейтіндіні, қосындыны айырманы және бөліндіні екі цифр арқылы тез карточкаларымен көрсетулері керек. Қай топ бұрын көрсетсе, сол топ шапшаңдық танытады. Әрбір дұрыс және бірінші көрсетілген жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама