Математикадан дидактикалық ойындар жинағы

№ 1
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу - ойыншық көп; тақта біреу - парта көп; бір аквариум - көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді
№ 2
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі - түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1 - нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2 - нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3 - нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.
№ 3
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1 - нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2 - нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.
№4
«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл - ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
№ 5
«Біреуі артық» дидактикалық ойын
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1 - нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2 - нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3 - нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады
№6
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай - ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады
және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай - ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.
№7
«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т. б.
№8
«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10
Мақсаты: балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1 - нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2 - ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2 - нұсқа.
1 - нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2 - ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
- Қандай заттар бір - бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3 - нұсқа.
2 - нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.
«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1 - ден 3 - ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.
«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір - біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір - біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
- Үшінші қаңқызында сол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).
- Сендер оларды таба аласыңдар ма?
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2 - сабақтың нұсқасын қараңыз).
- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
- Кім Буратинодан алыс отыр?
- Кім Карабас - Барабасқа жақын отыр?
- Кім Карабас - Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?
«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1 - нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2 - нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын
шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1 - 5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.
Орындаған: Толеуханова Р. А.
Математикадан дидактикалық ойындар жинағы. жүктеу