- 05 нау. 2024 02:25
- 242
Мәтіннің түрлері
"Абай атындағы орта мектебі" ММ
бастауыш сынып мұғалімі Жайылханова Рая
Тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Екінші сыныпта алған мағлұматтарына сүйене отырып, мәтін туралы ұғымдарын кеңейте түсу, мәтін түрлерін ажыратуға, пікір айтуға, өз ойын дәлелдей алуға дағдыландыру, қорытынды жасай алуға үйрету.
2. Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой - өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
3. Еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетілдіру.
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты қайталау. «Ой қозғау»
- Оқушылар, біз қыркүйек айынан бастап оқыған «Дыбыс пен әріп» тарауын бітірдік. Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сіздердің осы тарауды қалай меңгергендеріңізді тексеріп көрейін.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Орыс тілінен енген сөздерде қандай әріптер болады?
- Қазақ тілінде дыбыстар қалай болып бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Телефон, автобус, экскаватор сөздерімен ауызша сөйлемдер құраңдар?
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден тұрады?
ІІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
- Мен сіздерге хат ала келдім. Енді соны оқиық.
Қанаттың анасы – мұғалім. Ол да Қанат тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Қанат үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады. Қанат түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.
«Тү - у, демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді» - деп ойлады Қанат.
- Балалар, не оқыдық? Хат та мәтінге жатады.
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болама?
- Мәтін құрамындағы сөйлемдердің өз орны бола ма?
- Мәтін бөліктері қалай жазылады?
- Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады?
- Әр бөлік қандай әріптен басталып жазылған?
- Бұл мәтіндегі автордың айтайын дегені не?
- Бүгінгі сабағымызда мәтін туралы алған білімдерімізді ортаға салдық. Енді, мәтін түрлерін есімізге түсірейік.
Мәтін бөліктерін атайық.
Мәтін түрлері.
Әңгімелеу. Сипаттау. Пайымдау.
Мәтін бөліктері.
Кіріспе. Негізгі бөлім. Қорытынды.
- Сонымен, мәтіннің түрлеріне тоқталдық. Мәтін сипаттау, баяндау, әңгімелеу, пайымдау болып бөлінеді.
Аққу – мойны ұзын, қауырсыны тығыз, жүні үлпілдек, әдемі құс. Қауырсынының түсі – ақ. Аққу үнемі екеу болып
Жүреді. Олар жұптарын жазбайды. Сондықтан оларды атуға болмайды.
- Бұл мәтін қандай мәтінге жатады?
4. Шығармашылық жұмыс.
Менің сүйікті ауылым тақырыбына қысқаша мәтін құрау.
Мәтіннің қай түріне жататынын ауызша айту.
Үлгерімі төмен оқушыларға мәтіндер оқыту. Сұрақтарға жауап алу.
Рефлекциялық - бағалау кезеңі.
- Ережені толықтыр:
- Мәтін.
- Дұрыс құрылған бір сөйлем.
- Өзара мағыналық байланыста айтылатын бірнеше сөйлем.
- Өзара мағыналық байланысқан бірнеше сөз.
- Мәтіннің түрлерін ата.
- Әңгімелеу мәтінінің сұрағы? Сипаттау мәтіні? Пайымдау мәтіні?
Үйге тапсырма беру.
Мен ауылымды неліктен жақсы көремін? Тақырыбына қысқаша мәтін құрау, жазу. Ережені оқу.
Білімдерін бағалау.