Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Шабар ауылы, Абай атындағы орта мектептің
информатика пәні мұғалім Тиштенова Мадина Танатқызы

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Мақсаты: Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді.
Күтілетін нәтижелер: Файлдар, бумалар және белгішелерді біледі (барлығы).
Бумалар мен белгішелерді құрып, атын өзгерте алады (көбі).
Файлдар, бумалар мен белгішелерді құруға, атын өзгертуге мысалдар келтіре алады. (кейбіреулері)
Керекті жабдықтар: Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, белсенді тақта, бағалау парақтары
Әдіс - тәсілдер: Жеке жұмыс жасау, сұрақ - жауап, Блум өлшемдері арқылы тапсырмалар, қалыптастырушы тест, сергіту сәті

Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Кіріспе 2 мин
Амандасамын
Сынып оқушыларын отырғызар алдында үш топқа бөлемін және әр қайсысына мысалдар жазылған парақтар үйлестіремін.
«Білу» Өткен тақырыпты компьютерде 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату арқылы тексертемін.
Сабақ басында үйлестірілген парақтарда берілген мысалдарды өз ойларынша үш топқа жіктетемін және не үшін олай жіктегендерін сұрап, сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушылармен бірігіп сабаққа критерий шығарамын.

Тұсау кесер 3 мин
«Түсіну» Оқушыларға жаңа сабақтың материалын Camtasia бағдарламасында жасалған түсіндірме арқылы экранда көрсетемін.

Негізгі бөлім 5 мин
«Қолдану» тапсырмасы.
1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
3. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
4. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.
5. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.

«Талдау» тапсырмасы
1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
6. Құрылған бр жарлықты Қоржынға апарыңдар.
7. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.

Сергіту сәті. «Қарлы бекет» ойыны
«Жинақтау» тапсырмалары
1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.
3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар
4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.
5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.
6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.
7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.
8. Жұмыс бумасын жойыңдар.
9. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.

Қорытынды 8 мин
Жұмыстарын тексеріп, сабақты қорытындылауда Кубизм әдісін пайдаланамын.
Сабақты бекітуге сұрақтар қоямын.
1. Файл дегеніміз не?
2. Бума не үшін керек?
3. Жарлық дегеніміз не?
4. Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады?
5. Жарлық жойылса не болады?
6. Файлдың атауындағы шектеуліктерді атаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама