Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Махаббат мұңы

роман

Диірменшінің баласы ой үстінде келеді. Бұл жасы он төрттер шамасындағы кең иықты, күн мен желге әбден тотыққан жас жеткіншек әлде нелерді ойдан құрап айта қоюға керемет шебер болатын.

Ол өскенде сіреңке жасап шығармақшы. Бұл енді қауіпсіз кәсіп емес, саусағыңа күкірт жұқтырып алсаң, ер жүрекпін дегеннің ешбірі де қол ұшын беруге батпайды. Достарың да мұндай қатерлі істің хас шебері болсаң ғана қадірлейді.

Орманда ол оз құстарының амандығын білді. Құстардың бәрі оның ескі достары, ол олардың қайдан ұя салатынын біледі, тілін түсінеді, әр алуан дауыстарына жауап қайтарады. Жиі-жиі оларды ұннан пісірілген нанның қоқымдарымен азықтандырады.

Жолды жағалай өскен ағаштар да оның ескі таныстары болатын. Көктемде ол ағаш шырынын жинап, қыста оларға әкедей қамқорлық жасап, салмағымен бұтақтарды сындырып жібермес үшін карын қағып түсіріп тұратын. Тіпті қараусыз қалған тас кеніштің ең басында ол жақын тартпайтын тас болмайтын, оларға қашап қаріптер жазатын, сосын орынды орнына қойып, ең ортадағысы — пастор, қалғандарын ғибадат қылушылар деп атайтын. Жалпы ежелгі тас кеніші өзі өз болғалы не ғажайыптар көрмеді дейсің.

Бір жағына бұрылып ол тоғанға қарай түсті. Диірменнің дөңгелектері айналып, гүрілінен құлақ тұнады. Алайда ол өзімен-өзі әңгімелесіп осы төңіректе қыдырып жүруге дағдыланған. Көбіктің әрбір інжу маржанының, өзіндік ерекше өмірі бар сияқты, бәз бірдеңелер жайында олар да айтып бере аларлықтай, ал бөгеннен өзен төменге тік құлайды, сонда су жалтырақ жіптің кептіруге қойған шумақ-шумақ шүйкесіне ұқсайды. Тоғаннан төмен өзенде балық жүреді, оған да талай мәрте қармақ салған.

Ол өскенде сүңгуір болмақшы. Басқа ешкім де емес, тек сүңгуір ғана. Кеменің палубасынан теңіздің түпсіз тереңіне сүңгіп, толқындар таңғажайып ормандарды тербетіп тұрған, бұрын-соңды ешкім көріп-білмеген елден бір-ақ шығады, ал ең түпте маржаннан жасалған сарай әлденеге ілулі тұрады. Патшайым оны терезеден ымдап шақырып "Кіріңіз!" дейді.

Сол сәт ол өзін біреу шақырып жатқанын естіді. "Юханнес!" деп шақырып жатқан оның әкесі екен.

— Саған Құлпы сарайдан кісі жіберіпті. Жас мырзаларды аралға апарып келу керек көрінеді.

Юханнес шапшаң Құлпы сарайға тартты. Диірменші ұлының үлесіне күтпеген керемет құрмет тиді.

Байдың мекені шын мәнінде кішкентай Құлпы сарайға ұқсайтын, бәзбір жасыл желек арасындағы ертегі сарайы сияқты. Қабырғаларды бойлап шатырдың көмкеруіне тірелетін жартылай дөңгелек терезелер сырты ақпен сырланған ағаш үйдің ажар-көркін ашып тұратын Қожайындарға қонақтар келе қалса, үйдің төбесіне жалау ілінетін. Халық арасында бұл мекенді Құлпы сарай атайды. Оның бір жағында — шығанақ, келесі жағынан орман көсіліп кетеді, ал түу-түу алыстан шағын шаруа хуторлары бұлдырайды.

Жас мырзаларды Юханнес портқа кіре берісте қарсы алып, қайыққа орналастырды. Ол бұларды көптен біледі — Құлпы сарай иесінің балалары мен олардың қаладан келген достары ғой. Олардың бәрінде сазға киетін қонышы биік етіктері бар екен, тек он жастан енді ғана асқан Викторияның азғындағысы кішкентай туфли болып шықты, сондықтан оны қолға көтеруге тура келді.

— Менің көтеріп алып өтуіме бола ма? — деп сұрады Юханнес.

— Мен өзім алып өтемін, — деді ес біліп, етек-жеңін жияр шақтағы қаладан келген жас жігіт Отто. Сөйтіп Викторияны қолына сол алды.

— Ал сен, әлгі атың кім еді, қайығыңды қарайсың.

— Оның аты — Юханнес, — деп баяндайды Виктория. Шынында да, ол қайықты қарасын.

Юханнес жалғыз қалды. Себеттерін алып жас мырзалар құстың жұмыртқасын жинағалы аралға дендей кірді. Юханнес ойға батып тұрып қалды, оның да басқалармен бірге барғысы келіп еді, қайықты оп-оңай жағаға тіреп қоя салады, оған, кім тиеді. Жағаға сүйреп шығарса да оп-оңай. Ол бар күшін салып итеріп қалып еді, қайықтың тұмсығы сопаң етіп жағаға шықты.

Жас мырзалардың күліп-ойнап әзілдесіп аралға үңгіп еніп, алыстап бара жатқанын ол байқап түр. Жарайды, жолдары оң болсын. Әйткенмен мұны өздерімен бірге ала кетуі керек еді. Бұл оларға ұя көрсетер еді, тауда көзге түсе бермейтін құпия сарқырамаларға апарар еді, ал олардың маңында тұмсығында түбіті бар жыртқыш құстар тұрады. Бірде одан Юханнес ақ тышқанды да ұшыратқан.

Қайықты итеріп суға қайта түсіріп Юханнес аралды айнала есе бастады.

— Kepi қарай ес! Құстарды үркітесің, — деген айқай шыққанда әжептәуір алыстап та кеткен еді.

— Сіздерге ақ тышқанның інін көрсетпекші едім, — деп ақталған Юханнестің үнінде бір сұрақ тұрды. Болмаса түтін беріп жыланды ұясынан шығарайық. Менде сіреңке бар, — деген ұсыныс жасады.

Оны қостап үн қатқан ешкім болмады. Юханнес қайығын бұрып алып, әлгінде тоқтаған жерге қарай есе жөнелді. Барып оны жағаға шығарды.

Ол өскенде сұлтаннан арал сатып алып, оған тірі пендені жібермейді. Оның иелігін бортында зеңбіректері бар кемелер күзететін болады. "Әміршім, бәзбір кеме құзға асылып қалды, ішінде жас жігіттер бар екен, опат болғалы түр" деп баян етеді құлдары. "Мейлі өлсе өлсін" дейді бұл "Әміршім, — деп жалынады олар, — олар көмек сұрап жалбарынады, әлі бәрін де құтқаруымызға болады, арасында ақ көйлек киген бір әйел бар екен "Құтқарыңдар онда" деп бұйырады күркіреген үнмен. Сөйтіп ұзақ жылғы айырылысудан кейін Құлпы сарай қожасының балаларын қайта көреді, ал Виктория аяғына жығылып, құтқарғаны үшін алғыс айтады. "Алғыс айтуға бұл татымайтын қарекет, мен тек борышымды ғана өтедім, — дейді бұл. — Менің иелігімде емін-еркін серуендеңдер". Құлпы сарайының есігін жас мырзаларға айқара ашып, сосын алтын табақтарға салып қонақасы береді, қара түсті жүз күң түні бойы би билеп, ән салып, оларға қызмет көрсетеді. Содан соң жас мырзалар жүруге әзірленеді, ал Викторияның олармен кеткісі келмей, мұның аяғына жығылады, — өйткені сүйеді ғой ол. "Қалуға рұқсат етіңізші, әміршім, мені қуа көрме, көп күңдеріңнің бірі болайын".

Толғана толқып Юханнес аралдың орта тұсына таман адымдай жөнелді. Құлпы сарай қожасының балаларын құтқару керек. Кім білсін, кенет олар адасып та кеткен шығар. Бәлкім, Виктория тастардың арасындағы жыраға түсіп кетіп, шыға алмай жүрген болар. Юханнес қолын созса болды, ол құтқарылды дей бер.

Ал жас мырзалар Юханнеске таңдана қарасты. Қалайша ол қайықты тастап келіп жүр?

— Қайық үшін сен маған жауап бересің, — деп ескертті Отто.

— Қаласаңыздар, таңқурай алқабын көрсетейін, — деп тілек білдірді Юханнес.

Ешкім үн қатқан жоқ. Тек Виктория ғана:

— Таңқурай дейсің бе? Ол алқап қайда? — деп сұрады. Бірақ жас қалалық тез киіп кетіп:

— Қазір оған уақыт жоқ, — деп бір-ақ қайырды.

Ұлу сауыттарын жинап алатын жерді де білемін, — деді Юханнес.

— Ал оларда інжу маржан бар ма? — деп сұрады Отто.

— Ой, кенет олардан шынында да інжу маржан табылып қалар? — деп дауыстап жіберді Виктория.

Жоқ, Юханнес оған кепілдік бере алмады, ал ұлулар жағадан шалғай ақ құмды шыңырауда жатады, оған қайықпен жүзіп барып, сосын сүңгу керек.

Бірақ бұл қарекетті олар күлкіге айналдырып, Отто:

— Керемет сүңгуір табылды ғой, айтары жоқ! — деп мырс етті.

Юханнес ауыр күрсінді.

— Қаласаңыздар, анау жартасқа шығып, дәу бір қойтасты төмен лақтырайын, — деген ұсыныс айтты ол

Алайда ол ұсынысы да жас мырзаларға ұнамай, ұялып қалған Юханнес қайтып тіл қатпады. Сосын ол құс жұмыртқасын іздеп, басқалардан аулақтап аралдың келесі шетіне кетті.

Кейін бүкіл қауым қайықтың қасына жиналғанда, Юханнес жұмыртқаны қалғандарының бәрінен көп жинаған болып шықты. Оларды ол бас киіміне салып әкелді.

— Мұншама коп жұмыртқаны қалай жинап жүрсің? — деп сұрады қалалық Отто.

— Себебі мен құс ұяларын білемін, — деп қуана' айтты Юханнес. — Мына жұмыртқаларды сенікімен бірге салып қояйын, Виктория.

— Атама! — деп шыж ете қалды Отто. — Ол не үшін?

Барлығы аңтарылып Оттоға қарады.

— Бас киімнің таза екеніне кім кепілдік береді?

Жауабына Юханнес ештеңе айтқан жоқ. Бірақ қуанышы сап

басылды. Ол бұрылып алып, бас киімдегі жұмыртқаны ұстап жартасқа қарай тартты.

— Бұған не болған? Қайда бара жатыр? — деп сұрады шыдамсызданған Отто.

— Қайда барасың, Юханнес? — деп шырылдаған Виктория оның соңынан тұра жүгірді.

Ол тоқтап:

— Жұмыртқаларды ұясына қайта салып қоямын, — деді баяу ғана.

Олар бір-біріне қарап тұрып қалды.

— Ал түстен кейін тас кенішке барамын, — деді ол.

Қыз үндеген жоқ.

— Барғың келе ме, үңгірді көрсетейін, — деді ол

— Ой, қорқамын, — деп үрейленді. — Онда тастай қараңғы деп сен айтып едің ғой.

Өзінің ыза — күйінішіне қарамай Юханнес жымиып күліп, өжеттене үн қатты:

— Түк те етпейді, қасыңда мен боламын ғой.

Ескі тас кеніште ойнауды Юханнес кішкентай күнінен жақсы • көретін.

Оның жоғарыда бірдеңелер жасап, өзімен-өзі дауыстап сөйлесіп жүргені жолдан естіліп тұратын; кейде ол өзін поптың орнына ойша қойып, уағыз айтатын.

Тас кеніштің қараусыз қалғанына не заман, тастарды қына басып кеткен, баяғыда бұрғылап, жарылғыш қойған тесіктер енді көрінбейді. Оның есесіне ең түкпірінде құпия үңгір бар. Диірменшінің баласы оны тастардан аршып, суреттер салып әлеміштеп қойды, оның қиялында, бұл үңгірде әлемдегі ең өжет қарақшылар саяғы тұрады, олардың басшысы бұның өзі.

Міне, ол күміс қоңырауын қақты. Басында жаһаты жалт-жұлт еткен бөркі бар кішкентай ергежейлі кісі жүгіріп кірді. Бұл қызметші. Басы жерге жеткенше иіліп тағзым етіп жатыр. "Патшайым Виктория қалай келеді, солай осында әкеліңдер", — деп дауыстап бұйрық береді Юханнес. Ергежейлі басы жерге жеткенше қайта иіліп, ғайып болады. Жұмсақ диванда көсіліп жатып Юханнес ойға шомады. Қонағын ең құрметті орынға отырғызып алтын және күміс табақтарға салып ең дәмді, ең тәтті тағамдар алып келуге бұйрық береді, үңгірді жалын атқан алау от жарық қып тұрады, түкпірде ауыр торқа шымылдықтың ар жағында оған төсек дайындалады, оның тыныштығын он екі ер сері күзететін болады...

Юханнес атып тұрып, торт аяқтап үңгірден шығып тың тыңдады. Төмендегі сүрлеуде жапырақтар сыбдырлайды.

— Виктория! — деп шақырады ол

— Иә, мен, — деген жауап үн естіледі.

Ол оған қарсы жүгіріп түседі.

— Ой, маған қорқынышты, — дейді қыз.

Ол иығын қиқаң еткізіп:

— Мен осы жаңа ғана сонда болдым ғой. Тура содан келген бетім, — дейді.

Олар үңгірге енеді. Қолының қимылымен ол қызды тасқа отыруға шақырып:

— Міне, дәл осы таста дәу отырған, — дейді.

— Тс-с, үндеме, одан әрі айтпа! Сен одан қорытын ба?

— Жоқ.

— Ал сен оның жалғыз-ақ көзі бар деп айтып едің ғой, жалғыз көз тек құждарда ғана болады.

Юханнес ойланып қалды.

— Оның екі көзі болатын, бірақ бір көзі ештеңе көрмейтін, оны маған өзі айтты.

— Тағы да не айтты? Жоқ, керегі жоқ, айтпай-ақ қой.

— Ол менен оман қызметке кірмейсің бе деп сұрады.

— Қудай сақтасын. Сен, әрине, үзілді-кесілді бас тартқан шығарсың?

— Келіскен былай тұрсын, үзілді-кесілді бас тартқан да жоқпын.

— Ақылыңнан алжасқан шығарсың! Немене, өзіңді үңгірге кісендеп қамап тастағанын қалайсың ба?

— Өзім де білмеймін. Жерде де жетіскен ештеңе жоқ қой.

Екеуінде де үн жоқ.

— Қаладан әлгі қонақтар келгеннен бері сен тек солармен ғана әуре боп жүрсің, — дейді ол.

Тағы да үнсіздік.

Юханнес оз ойын өрбітеді:

— Ал мен болсам, олардың бәрінен де күштімін, сені қолыма ұстап жағаға екі рет апарып келер едім. Жалпы сені қолыма салып табандатқан бір сағат көтеріп тұра аламын. Байқа!

Ол оны қолына салып көтеріп алды. Қыз болса қолын оның мойнына орады.

— Сен шаршадың. Жібер.

Ол оны жерге қойды. — Ал Отто да күшті ғой. Тіпті ересектермен төбелескен ол, — дейді қыз.

Юханнес күмәнданып қайта сұрайды. — Ересектермен дейсің бе?

— Иә. Қалада. Үнсіз қалып Юханнес тағы да ойға шомады.

— Олай болатын болса, басқа айтар соз жоқ, — деп бекінді ол. — Енді не істеуім керек екенін білемін.

— Сонда не істемексің?

— Дәуге қызметке кіремін.

— Ой, сен ақылыңнан адастың ба? — деп мырс ете қалды Виктория.

— Онда тұрған не бар! Маған енді бәрібір. Барамын да жалданамын.

Виктория жағдайдан шығудың жолдарын ойлап әуре.

— Мүмкін ол енді жалпы келмейтін шығар.

— Келеді,  — деп табандайды Юханнес.

— Осында ма? — деп жедел сұрақ қояды қыз.

— Осында.

Виктория атып тұрып шығар ауызға ұмтылады.

— Дұрысы — осы арадан кетейік!

— Асығатын ештеңе жоқ, — дейді Юханнес, өңі құп-қу болып кетіп. — Дәу түн ортасынан бері келмейді. Тұп-тура түн ортасы.

Виктория тынышталып тастағы өз орнын кайта алуға сақадай сай. Әйткенмен Юханнестің өзі шақырып алып келген дию-перімен кездескенде сабыр сақтап, өзін-өзі ұстай білуі шарт, өзі шақырып келген құбыжыққа сыр да, қыр да алдырмау керек, сонымен қатар үңгірде жата берудің де қажеті жоқ.

— Қаласаң, қазір-ақ кетейік, — деп ұсыныс айтты ұста баласы. — Анау жоғарыда тас бар, ал онда сенің атың ойып жазылған. Мен саған соны көрсетемін.

Олар торт тағандап үңгірден шығып, тасты тауып алды. Виктория оған мәртебеленіп мәз-мейрам. Тебіреніп кеткен Юханнес көзі жасаурап:

— Мұнда мен болмағанда мынау тасқа қарап мені еске түсіресің. Жақсы лебіз білдіріп, сыртымнан ілтипат етесің, — дейді.

— Міндетті түрде, — деп уәде береді Виктория. — Бірақ өзің де ораласың ғой.

— Кім білсін. Мүмкін, оралмаспын.

Олар жолға түсіп, үйге тартты.

Юханнес жыларман болып келеді.

— Ал, енді не, қош! — дейді Виктория.

— Бәлкім, әлі де аздап ұзата тұрармын.

Соған қарамастан қыздың асығыс әрі мейірімсіз қош айтысқаны несі — Юханнестің бұл намысына тиіп, өкпелеп қалды. Ол кілт тоқтап орынды ашуын жасыра алмай:

— Саған бір-ақ соз айтайыншы, Виктория. Ешкім де саған ешқашан дәл мендей жақсы қарамайды. Ешкім де, — дейді.

— Отто да маған жақсы қарайды, — деп қарсылық білдірді Виктория.

— Ә, солай ма? Онда мейлің білгенше әуейлене бер сонымен, — деп бұрқ етті ол.

— Олар үнсіз бірнеше адым аттайды.

— Мен жайында алаңдама. Дұрыстап дәурен сүремін әлі. Тағдыр маған не сыйларын сен әлі білмейсің ғой.

— Иә, білмеймін. Ал не сыйлаймын деп уәде берді.

— Жарты патшалықты сыйламақ. Бұл — бір.

— Иә, содан соң. Қалайша патшалықтың жартысын бермек.

— Патшайымды қосып бермек.

— Виктория тоқтай қалды.

— Айтшы, бұның бәрі өтірік деп.

— Дәудің өзі осылай уәде берген.

— Арада аз-кем үнсіздік орнады.

— Қызық, патшаның қызы қандай екен? — деп күбірлейді Виктория.

— Құдай-ау, бұл жалғандағы ең сұлу сол ғой. Оны кім білмеуші еді.

— Виктория жеңіліс тапты.

— Ал сенің патша қызына үйленгің келе ме? — деп сұрады ол.

— Әрине, — деп жауап берді Юханнес. — Неге үйленбеуге!

— Алайда Викторияның шынымен күйзелгенін көріп жұбатқандай болды: — Айтқандай, бірді-екілі туған жерге де келіп-кетіп жүремін ғой. Ретін тауып қонаққа да келемін.

— Тек оны өзіңмен бірге ала келме, — деп өтінеді Виктория.

— Мұнда оның саған не керегі бар?

— Бәлкім, жалғыз келермін.

— Осыған уәде етші. Жарай ма?

— Жақсы, уәде етейін. Бірақ саған оның бәрібір емес пе! Саған бәрібір екені айдан анық.

— Сен неге бұлай дейсің? — деп қарсылық білдірді Виктория.

— Ол сөз жоқ, сені менен артық сүймейді.

Оның жүрегі кеудесінде тәтті бір сезімнен тоқтап қалғандай болды. Оның сөзінен әрі қуанып, әрі қысылып, бақыт құшағында жерге кіріп кетуге де әзір сияқты. Ол қызға тіке қарай алмай, көзін тайдырып әкете береді. Сосын жерден бір шыбық алып, қабығын аршып, онымен өз қолын ысқылай бастады. Сосын әбден абыржып ысқырып жіберді.

— Сірә, үйге кететін уақыт болған шығар, — деді.

— Жолыққанша, — деп қыз оған қолын созды.

Диірменшінің баласы қалаға кетті. Үйіне ол ұзақ уақыт бойы оралмады, мектепке барды, әр алуан ғылым түрін оқып үйренді, өсіп, ірі әрі күшті болып ер жетіп, үстіңгі ерні түбіттене бастады. Қала алыс болатын, әрі-бері қатынаудың өзі қыруар ақша; ұқыпты диірменші ұлын көп жыл қысы-жазы қалада ұстады. Юханнес болса күндерінің көбін кітаппен өткізді.

Сөйтіп ол ер жетті, он сегіз, сосын жиырма жасқа келді.

Көктемнің бір күнінде ол пароходтан жағаға түсті. Құлпы сарайдың төбесіне қожайын баласының құрметіне жалау ілінді. Сол пароходпен Дитлеф үйіне демалысқа келген екен, ол үшін кемежайға күймелі арба жіберілді. Юханнес Құлпы сарай иесіне, оның зайыбы мен Викторияға бас изеп сәлем берді. Виктория қалай өсіп, бойжеткен десейші. Ол сәлемге жауап қайырмады.

Ол бас киімін тағы да алып жатқанда қыздың, ағасына:

— Анау бізбен амандасып жатқан кім, Дитлеф? — деп сұрап жатқанын құлағы шалды.

Виктория оның жағына қайта қарағанда Юханнес тағы да сәлемдесіп жатуды ыңғайсыз санады. Сөйтіп күйме кетіп қалды.

Ал Юханнес оз үйіне тартты.

Құдая, өздерінің үйі қандай кішкентай әрі күлкілі еді? Юханнес маңдайшадан еңкеймей өте алмады. Ата-анасы оны мерекедегідей дастарқан жайып қарсы алды. Ол оған терең толғанды. Мұнда бәрі жан тебірентерлік ғиззат естеліктерге толы, қайырымды қариялар әкесі мен шешесі кезек-кезек қолын созып қайтып оралуымен құттықтап жатыр.

Сол күні кешкісін Юханнес төңіректі аралап қыдырғалы шықты, айналадағының бәрін шолып, диірменде, тас кеніште, бір кезде балық аулаған тоғанда болды. Ағаш басына әлден ұя салып жатқан құстардың таныс үніне мұңая құлақ түрді, тіпті ормандағы үлкен құмырсқа иелеуін айнала жүріп тамашалады. Бірақ құмырсқалар жойылып, илеу иесіз қалған екен. Шыбықпен аударып көрсе де, өмір нышаны байқалмады.

Құлпы сарай иесісін меншігіндегі орманды аралай жүріп оның әжептәуір сиреп қалғанын байқады.

— Ал қалай, туған өңіріңді таныдың ба? — деп әзілдеді әкесі. — Өзіңнің ескі таныстарың, сары шымшықтарды таптың ба?

— Таныдым, бірақ бәрін емес. Орман оталып қалыпты.

— Орман біздікі емес, қожайындікі ғой, — деп жауап берді әкесі. — Басқаның ағашын біздің санағанымыз жөн болмас. Ақшаға деген зәрулік әркім-ақ болады, ал Құлпы сарай қожасына ол коп керек.

Күндер рет-ретімен өтіп жатты, жадыраған жарқын күндер, балалық шақтың жанға жақын естеліктеріне толы тәтті сәттер сені туған жерің мен ашық аспаныңа, атамекен жазықтары мен тауларына қайта оралуға шақыратындай.

Юханнес Құлпы сарайға баратын жолмен келе жатты. Ертеңгілік оны ара шағып алып, үстіңгі ерні ісіп кетті, егер оған мырза үйінен біреу-міреу кездесіп қалса, басын изеп өте шықпақшы. Абырой болғанда, ешкім кездеспеді. Құлпы сарай алдындағы бақта бір әйелді жолықтырып еді, қатарласа беріп, басын иді де әрі қарай жүріп кетті. Ол Құлпы сарайдың қожайыны болатын Құлпы сарайдың қасынан өтіп бара жатып Юханнес осы тұста жүрегі баяғы балғын күндердегі дей әлі де дүрс-дүрс соғатынын сезді. Терезелері қисапсыз көп үлкен үй мен оның қатал да қатыгез иесі әлі күнге дейін құрмет туғызбай қоймайды.

Юханнес кемежайға қарай бұрылды.

Осы арада ол ойламаған жерде Дитлеф пен Викторияны кездестірді. Юаннесті өкініш опындырды, бұлардың көзіне әдейі түсіп қалуға талпынып жүр деп ойлап қалмаса игі ғой. Оның үстіне ерні де ісіп кетті. Әрі қарай жүре беру керек пе өзі деген күдікпен ол адымын бәсеңдетті де, әйткенмен кері бұрылған жоқ. Алыстан-ақ басын иген ол олар жақындап келгенше бас киімін қолында ұстап тұрды. Ағалы- қарындастар жауап ретінде бастарын изесіп өте шықты. Виктория оған бетпе-бет тесіле қарады, жүзінде әлде бір көлеңке жүгіріп өткендей болды.

Кемежайды бетке алған жолын Юханнес қайта жалғастырды, алайда бойын үрей билеп, абдырағанын жүрісінің өзі-ақ аңғартып тұрды. Тек ойлап қара, Виктория қалай өскен, кәдімгі бойжеткен қыз әрі әдемі. Қастары иіліп келіп кеңсірігінің үстінде түйісетін тәрізді және аса әсем екі барқыт жолаққа ұқсайды. Көзі қарайыңқырап, қаракөк болып көрінеді.

Қайтар жолда Юханнес Құлпы сарайдан алысырақ орманмен өтетін сүрлеуге түсті. Енді ешкім де оны үлкен үй балаларының соңынан қалмай жүр деп айта алмайды. Ол төбеге көтерілді де, оңтайлы бір тасты таңдап алып отырды. Құстар құйқылжыта тамылжытып ән салып, бір-бірін өзіне шақырады, тұмсықтарына тістеп алған шилері бар. Ауада қара топырақтың, жапырақ жарған бүршік пен шіри бастаған ағаштардың күлімсі иісі шығады.

Алайда күтпеген жерде Юханнес Викторияны қайта көруге тура келді, ол тура осы отырған төбеге тек қарама-қарсы жағынан келе жатыр екен.

Юханнесті көз көріп, құлақ естімейтін жаққа кетіп қалмаған екенмін деген бір әлжуаз өкініш меңдеді, бұл жолы ол, сөз жоқ, өзімен кездесуді іздеп жүр екен деп ойлайды-ау деген күдік еңсерді оны. Онымен қайтадан сәлемдесу керек пе, жоқ па? Бәлкім, оны байқамаған сыңай таныту керек шығар, оның үстіне ерні ісіп түр.

Бірақ Виктория қатарына келген тұста орнынан тұрып, бас киімін алды. Қыз жымиып, басын изеді.

— Қайырлы кеш! Келуіңізбен! — деді ол.

Оған қыздың ерні тағы да сәл дірілдегендей көрінді, алайда ол табанда бойын жинап ала қойды.

— Бұған сенудің өзі қиын, — деп ақталуға асықты ол, — ал мен сенің осы жатка кеткеніңді білгенім жоқ.

— Әрине, оны білмейтін жөніңіз бар, — деді қыз. — Осы соқпақпен жүріп қайту ойыма аяқ астынан түсті.

Ай-яй-яй! Ал бұл ғой оған "сен" деп соқты! '

— Сіз ұзақ боласыз ба? — деп сұрады ол

— Каникулдің аяғына дейін.

Ол айтар сөзді әрең іріктеді, қыз болса, әбден жат болып кеткен. Жалпы ол неге мұнымен сөйлесті екен?

— Дитлеф сіздің қабілетіңіз өте зор дейді, Юханнес. Сондай жақсы оқитын көрінесіз. Ол тағы да сіз өлең жазады дейді. Бұл рас па?

Ол қысқа ғана құлықсыздау жауап қайырды:

— Онда тұрған айрықша не бар. Өлеңді бәрі жазады. Зайыры, қазір қыз кететін шығар, өйткені үндемей қалды ғой.

— Бүгін мені ара шағып алғаны сондай өкінішті болды, — деп өз ернін көрсетіп ол қайта сөз бастады. — Ерінімнің күп болып ісіп кеткені содан.

— Үйіңізге тым ұзақ уақыт бойы келген жоқсыз, бұл араның аралары сізді сондықтан танымай қалған ғой.

Мұны ара шақса, ол оны әзілге айналдырады. Несі бар, түсінікті. Иығында тұтқасы алтынданған қызыл қолшатырын дөңгелетіп тұра, басқаның қайғысын қайтсын. Ал бұл ғой, осынау әзіз паң бикешті сан мәрте қолында көтеріп жүрді.

— Бұл араның араларын менің өзім де танымай қалдым, — деп жауап қатты ол — Кезінде ғой, бұлардың бәрі менің достарым болып еді.

Алайда қыз бұның сөзінің терең мағынасын түсінбей, жауап қайтарған жоқ. Ал мағынасы керемет терең еді.

— Мен мұнан көп нәрсені танымай жүрмін. Тіпті орманның өзін отап кесіп тастапты.

Қыздың жүзі тұманданып кетті.

— Олай болса, тегі, мұнда өлең жазуға зауқыңыз соқпайды ғой, — деді ол.  — Ал кенет маған өлең арнау ойыңызға оралса ше! Жә, жоқ, мен не айтып кеттім! Көрдіңіз ғой, бұл мәселеден мағлұматымның аздығын. Сөздің ұштығы тиген ол төмен қарап, көзімен жер шоқыды. Қыз ілтипатты болған көрініп, мұны мұқатып астам сөздер айтып, оның қандай эсер ететінін күтетін сыңайлы. Юханнестің осынау жылдардың өн бойында уақытын босқа жібермей, қағаз шимайлап қана қоймай, басқалардан кітапты көп оқығаны бекер болғаны ма.

— Ал жарайды, шынында да әлі кездесеміз ғой. Жолыққанша.

Ол еш жауап қатпай, бас киімін алып кетіп отырды.

Шіркін, бұл қыз білсе ғой оның өз өлеңдерін өзгеге емес, бір осыған ғана арнағанын, тіпті түн туралы, батпақ оты жайындағы жырлардың өзі осыған бағышталған емес пе. Оның елесі жоқ бір өлеңі бар ма, тек оны бұл ешқашан білмей кетеді-ау.

Жексенбі күні Юханнеске аралға шақырып Дитлеф келді. "Тағы да маған ескекке отыруға тура келе ме" деп ойлады ол, бірақ келісті. Күн жексенбі екеніне қарамастан кемежайда серуендеушілер аз көрінді. Төңірек тып-тыныш, аспанда күн жарқырап тур. Сосын кенет музыка үні шалқыды, ол теңізден, сонау алыс аралдардан жетті — бұл пошта пароходы еді, үлкен шеңбер жасап айналып кеп кемежайға тірелді. Палубасында музыка ойналып жатты.

Юханнес қайықты шешіп алып, ескекке отырды. Осынау көз қарықтырған ашық күні оның да көңіл күйі көтеріңкі еді, ал пароходтан жеткен музыка үні жүрегін елжіретіп, ауада гүлдер мен алтын масақтардан өрмек салып жатқан секілденді оған.

Ал Дитлеф неге күйбежектеп жүр? Ол жағада тұрып, пароходқа, оның жолаушыларына қарайды, бәз біреуді күтетін сияқты. "Ескекке отырып қайтемін, оданда жағаға түсейін" деп ойын түйген Юханнес бұрыла берді.

Сол сәт оның алдынан бәзбір ақ нәрсе жалт ете қап, су шолп еткендей болды. Пароходтан байбайлаған көп үнді айқай шықты, жағада тұрғандар көз айырмай ақ елес ғайып болған тұсты саусақтарымен нұсқап, көз айырмай тұр. Музыка сап тыйылды.

Юханнес дереу көмекке ұмтылды. Ол сезім-түйсігіне ғана бағынып, еш ойланбастан суға қойып кетті. Палубадан ананың "Менің қызым, менің кішкентайым!" деген жан даусын ғана естіді, көзі ешкімді көрмеді. Қайықтан қарғыған бойда сүңги жөнелді.

Біраз уақыт ол көрінбей, секірген жердің су беті ғана иіріліп жатты, іздеп жүргенін жұрттың бәрі білді. Пароходтағы байбалам бәсеңдер емес.

Ол бақытсыздық болған жерден бірнеше саржандай тұстан шығып, әрі қарай кайта сүңгіді. Оған айқайлап "Жоқ анда, мұнда, мынау тұста" деп айқайлап, саусағымен нұқып жатыр жұрт.

Ол су астында қайтадан жоқ боп кетті.

Қайтадан азапты күту, әйелдің тынбайтын ащы зары, бәзбір еркек ыза болып палубада өз қолын өзі бұрап жатыр. Күртесі мен башмағын шешіп тастап, палубадан суға тағы бір кісі — штурман секірді. Ол қыз бала су түбіне кеткен жерді мұқият қарап жатыр, бәрінің үміті енді сол ғана.

Алайда осы екі ортада судың бетінен Юханнестің басы қайта қылтиды, бұрынғы жерден сәл әрірек, бірнеше саржан әріден шықты. Бас киімінен айырылған болуы керек, басы күнге шағылып, тура түленнің төбеліндей жалтырады. Дұрыстап малтуына бірдеңе бөгет болғандай ауыр жүзіп келеді, бір қолы бос емес екені көрініп-ақ тұр. Енді бір сәтте ол жүгін аузына тістеп алды  — бұл суға кеткен қыз еді. Жағалау мен палубада таңдай қағып таңданған дауыстар жер - көкті жаңғырықтырды, бәлкім сол айқайды естіген болуы керек, штурман судан сүңгіп шығып, жан-жағына қарады.

Ақыры Юханнес бір жаққа апарып қойған қайығына жетіп, қыз баланы соған салып, іле өзі отырды, осының бәріне минутке жетпейтін уақыт жұмсады. Жағадан оның қыз балаға еңкейіп арқа тұсына көйлегін дар айырып, ескекті ала салып, бар пәрменімен пароходқа қарай ескенін жұрт көріп тұрды. Суға кеткен қызды палубаға көтергенде, пароходта "ура!" деген шат-шадыман үн әлденеше қайталанды.

— Оны сонша алыстан іздеу ойыңызға қалай келді? — деп сұрады Юханнестен.

— Бұл арадағы судың түбін білемін, — деп жауап берді ол — Мұнда су асты ағысы бар. Соны есіме түсірдім.

Бәзбір мырза жолаушылар тобырын киіп-жарып, тура борттың өзіне өтіп келеді, өңі өліктей құп-қу, қалтырап күледі, көзінде мөлтілдеген жас. — Палубаға көтеріліңізші, кәне, өтінемін! — деп айқайлады ол — Алғыс айтып, разылығымды білдірейін деп едім, сізге. Сізге сондай қарыздармыз. Бір минутке ғана көтеріліңізші.

Өліктей сұп-сұр мырза тобырға қайта сүңгіп кетті.

Пароходтан қайыққа салтқы тастады да, Юханнес палубаға көтерілді.

Ол онда ұзақ болған жоқ, өзінің аты мен мекенжайын хабарлады, бәзбір әйел суға малшынған оны кеудесіне қысты, сұп-сұр еркек оның қолына сағатын ұстата салды. Юханнес күт қарылған қыздың есін жиғызғалы әуреленіп жатқан каютаға кірді, ондағылар: "Әне — міне өзіне-өзі келеді" жүрегі соға бастады" деді.

Юханнес зардап шеккен арқасы дар айырылған қысқа көйлегі бар ақсары қыз балаға қарады. Біреу бұның бас киімін тауып әкеп қайыққа шығарып салды.

Ол жағалауға қалай шыға келгенін, қайықты қалай судан шығарғанын есіне мүлдем түсіре алмады. "Ура!" деп жоғары жақтан тағы бір айқай шығып, пароход әрі қарай жылжи бергенде көңілді музыканы қайта қосқаны ғана есінде қалыпты.

Рақат бір сезім толқыны оның өн бойынан жүгіріп өтіп, ернін үнсіз қозғалтып, жымиып қойды.

— Демек, біздің бүгінгі серуеніміз болмайтын болды, — деді Дитлеф, бей разылық кейпін жасыра алмай.

Сол арада Виктория келіп қалды да ілгері адымдап:

— Сен не, есіңнен адастың ба, ол үйіне барып киімдерін ауыстыруы керек, — деп шыр ете қалды.

— Он тоғыздағы жігітке сол да соз болып па!

Юханнес үйіне тартты. Құлағында әлі музыка үні мен "уралаған" айқай, толғаныс оны дедектетіп барады. Өз үйінен асып, орманды басып, тура тас кенішке жөнелді. Оған келіп, дәл күн күйдіріп тұрған жерді таңдап алып жайғасты. Киімінен бу шығып жатыр. Алайда ауыздықсыз рақат бір алаң оны орнында отырғызбады. Кеудесін бақыт нұры кернеп тұр. Көзінен ыстық жас ытқып кетіп, тізерлеп отыра қалып, бүгінгі күн үшін тәңіріне тәубә қылды. Виктория жағада тур екен, ол "уралаған" айқайды есітті. "Үйіңізге барып, кебу киімдер қиіңіз" деді емес пе.

Ол шат-шадыман көңілмен қайта-қайта қуана күледі. Қыз оның бұл батылдығын, бұл ерлігін бастан-аяқ көрді, суға кеткен қызды қалай құтқарғанын масаттана тұрып шолды. Виктория ! Виктория! Сәт сайын өмірімнің әрбір минуті бір өзіңе тиесілі болып бара жатқанын білесің бе! Мен сенің құйтақандай ғана кебісіңді сүюге, күймеңе жегілуге, аязды күні пешіңе бәлен тастап отыруға әзірмін. Пешіңе алтын бөлен тастаймын, Виктория!

Ол жалт қарады. Оны ешкім тыңдап жатқан жоқ. Өзімен-өзі жалғыз. Қолында қымбат сағат, тық-тық соғып жүріп тур.

Бүгінгі күн үшін, рахмет, саған, — тәңірі. Ол қыналы тастарды сипап, бетіндегі шырпыларын түсірді. Виктория оған қарап жымиған жоқ, оның ондай әдеті болмайтын. Ол кемежайда жай ғана тұрған, жүзіне тек жұқа қызыл арай ойнап шықты. Егер бұл сағатты оған сыйласа, қабыл алуы мүмкін бе еді?

Күн ұясына қонып, ыстық басылды. Ол өзінің бастан-аяқ су болғанын сонда ғана сезіп, қауырсындай ұшып үйіне жүгірді.

Құлпы сарайға қаладан таныс қонақтар келді, онда би биленіп, ойын-сауық қызды. Бір апта бойы дөңгелек мұнараның басынан жалау түскен жоқ.

Шөп жинайтын кез еді, алайда аттар көңілді қонақтардың серуенінен босамай, пішен далада қалды. Ал кей жерде шөп шабу басталған да жоқ, батырақтар оның орнына атшы, ескекші болып, шөп сабағында тұрып қирауға айналды.

Сары қонақжайда бір тынбай музыка ойнап тұрды...

Мұндай күндері қарт диірменші диірменін тоқтатып құлыптап қояды. Өйткені оның мұндай думаннан алған ащы сабағы бар: қалалық қонақтар қызара бөртіп топтана келіп ермек үшін дән толы қаптарды талай мәрте жарып тастаған. Түндер сондай жылы әрі жарық, сондықтан көңілденіп алғандар ондай қитұрқы өнер шығармай шыдар ма. Бай камергердің жас кезі, бірде қызып алып диірменге келгені бар, бір ыдысқа салып алған құмырсқа илеуінің бір кесегі қолында жүрген, соны диірменнің көмейіне тастай бергені ғой. Камергердің өзі шау тартып, баяғыда-ақ шал болды, ал оның ұлы Отто бұрынғысынша Құлпы сарай иелеріне жиі келіп қонақшылап қайтады, жоғарыдағыдай қисық қылыққа үйір-ақ. Ол туралы жергілікті жұрттың айтқандарын естісең құлағың сарсиды.

Міне, орман жақтан айғай-сүрең мен ат дүбірі шықты. Бұл еті қызып еліріп алған аттарға салт мінген жас меймандар. Салт аттылар диірменшінің үйіне шауып келіп, бишіктерімен есікті ұрды. Үйдің маңдайшасы аласа болатын, ал олар ат-матымен содан өтіп үйге енбек.

— Сәлеметсіздер ме! Сәлем! — деп жамырайды. — Біз сіздерге қонаққа келдік.

Диірменші төменшіктеп олардың қылығына күлді де қойды.

Бозбалалар асығыс аттарын байлап, диірменді іске қосып, жүргізіп жіберді.

— Көпшігінде түк дән жоқ! — деп диірменшінің жан даусы шықты. — Диірменді сындырасыңдар.

Алайда тегершіктердің тарсыл-тұрсылынан оны ешкім есіткен жоқ.

— Юханнес! — деп амалы құрыған ол енді даусы жеткенше айқайлап баласын шақырды.

Тас кеніштен Юханнес түсіп келе жатты.

— Олар диірменімнің тегершігінен түк қалдырмайтын болды, — деп айқайлады диірменші қонақтарды нұсқап.

Юханнес баяу адымдап қонақтарға беттеді. Ол сұмдық сұрланып кеткен, шықшытының тамырлары білеуленіп шығып түр. Камергердің қазір кадет киімін киіп жүретін ұлын ол бірден таныды, қасында екі жас жігіт және жүр. Олардың бірі жымиып күліп Юаннеспен амандасты, онымен ұрсысқысы келген жоқ.

Юханнес дауыс та көтерген жоқ, айбат та көрсеткен жоқ, тек ілгерілей берді. Ол тура Оттоның өзіне келе жатыр. Сол сәт орманнан шыққан салт атты екі қызды көзі шалды, олардың бірі Құлпы сарай иесінің боз биесіне мінген, үстіне амозонка киген Виктория еді. Виктория асықпай, атының тізгінін тартып, барлығын сұраулы көзбен бір шолып шықты.

Жалт бұрылып Юханнес тоғанға атып шықты да, судың құлағын ашып жіберді, тарсыл-күрсіл бірте-бірте саябырлап, диірмен де тоқтады.

— Ей, тиме оған! — деп айқай салды Отто. — Неге тоқтаттың? Тиме деп тұрмын ғой саған:

— Диірменді жүргізген сен бе? — деп сұрады одан Виктория.

— Мен, — деп күле жауап берді Отто. — Ол неге тоқтап түр?

— Өйткені оның ішінде ештеңе жоқ, — деп жауап қатты Юханнес ентігіп. — Түсінікті ме? Ештеңе жоқ ішінде!

— Ішінде ештеңе жоқ. Естимісің? — деп қайталады Виктория.

— Оны мен қайдан білемін? — деп Отто тағы да күлді. — Олай болса сауал беруге рұқсат етіңіз: іші неге бос? Дән толтырылмаған ба?

— Жарайды! Атқа қонайық? — деп Оттоның бір досы ырың-жырыңды бітіру үшін әңгімені бөліп жіберді.

Олар атқа қонды. Кетер алдында жас жігіттердің бірі Юханнестен кешірім сұрады.

Виктория ең соңынан кетті. Жүре беріп қайта бұрылды да, қайтып келді.

— Мейірім етіп, әкеңіздің алдында біз үшін кешірім сұрағайсыз, — деп өтінді ол.

— Кадет кешірімді өзі сұрауына болатын еді ғой, — деп жауап қатты Юханнес.

— Иә, айтуыңыз дұрыс, алайда... Ол осылай бірдеңе ойлап таппаса, ішкені ас болмайды... Сізді мен көптен көрген жоқпын ау деймін, Юханнес.

Ол оған көзін төңкеріп қарады, өз құлағына өзі сенбей, бірдеңені қате естідім бе деп қалды. Өткен жексенбіні, мұның ұлы салтанат күнін неғып ұмытып қалған?

— Мен сізді жексенбіде кемежайдан көрдім ғой, — деді ол.

— Аһ, иә, — деп бірден үн қосты қыз. — Сіздің штурманға көмек көрсеткеніңіз қандай жақсы болды. Әйтеуір, қыз баланы таптыңыздар ғой.

Ол өкпелеп қысқа ғана жауап қайырды:

— Иә. Қызды таптық.

— Ал, бәлкім, — деп сөзін жалғастырды қыз, осы ой басына тек қазір ғана келгендей, — бәлкім, сіз жалғыз... Айтқандай, оның бәрі — бір емес пе. Әкеңізге біздің кешірім өтінгенімізді айтарсыз деп сенемін. Тынышты түн!

Жымия басын изеп тізгінін жиып ол шаба жөнелді.

Виктория көз ұшына сіңіп жоқ болғанда толғанған, қорланған Юханнес орманға тартты. Кенет ағашқа сүйеніп жападан-жалғыз тұрған Викторияны көрді. Ағаштың діңіне жабысып ол еңіреп жылап түр.

Әлде ол аттан құлады ма екен? Бір жерін ауыртып алды ма?

Қасына келіп:

— Сізге не болды? — деп сұрады ол.

Қыз оған қарсы аттап қолын созды, көзі жайнап түр.

Алайда ол сол сәт тоқтай қалып қолын ұсынған бойы:

— Ештеңе де болған жоқ, атты қоя беріп, өзім жаяу жүрейін дедім... — деп жауап қатты. — Юханнес бұлай қарамаңызшы маған. Жаңа тоғанда тұрып менен көз айырған жоқсыз. Не ойлағаныңыз бар?

— Не ойлап, не қалайтынымды өзім де білмеймін, — деген сөзді әрең айтты.

— Қолыңыз қандай, — деді қыз оз қолын оның білегіне салып. — Мына білек тұсыңызда қолыңыз тіпті әлемет.

Ол шап беріп оның қолын ұстағысы келді. Алайда қыз көйлегінің етегін жинап алып:

— Жо-жоқ, маған ештеңе де болған жоқ, — деді. Мен әншейін жалғыз жүріп қайтайын дегенмін. Тынышты түн!

III

Юханнес қайтадан қалаға кетті. Күндер зырлап, жылдар жылжып, еңбек пен арманға, оқу мен жырларға толы ұзақ та ұрымтал уақыт өтті. Бақыт оған оң қабақ танытып күлім қағып, ол парсылардың патшайымы болған еврей қызы Эсфири жөнінде жыр жазды, бұл шығарма жарияланып, тіпті қаламақы да төленді. екінші, Мінкен Виндтің атынан жазылған "Махаббат саяхаты" жыры атақ-даңқ әкеліп, оны танымал етті.

Махаббат деген не? Бұл қызыл бұтадай желдің сыбдыры, жоқ, бұл — қандай жалындаған жалын, махаббат — бұл тозақ күйі, оның сазымен қарттардың да жүрегі билей жөнеледі. Ол тура шегіргүлдің өзі, жапырағын қараңғылық түсе жаяды, ол тура наз — гүлдің өзі, жеңіл лептен жапырақтарын жинап алып, тиіп кетсең солып қалады.

Міне, махаббат дегеніміз осы. Ол адамды опат етіп, өмірге қайта әкеле алады, қайта түлетіп, шыжғырып тұрып өз таңбасын басады; бүгін ол маған құласа, ертең саған ауады, бүрсігүні басқаны табады, өйткені ол ағынды да аумалы-төкпелі. Алайда ол саған мәңгі бітпес табын қалдырып, қашан басың қара жерге жеткенше жалыны өшпейді өйткені ол бір күндік емес, ғұмырлық сезім. Демек, махаббат дегеніміз не өзі? О, махаббат — бұл жердің жұпар иісі аңқыған жазғы жұлдызды түн. Алайда оның бозбалаға бөлектеніп жеке жүретін соқпақ іздетіп, қарияны жалғызілікті баспанасында дөңбекшітіп, мазасын алатыны несі екен? Аһ, махаббат, сен ғой, адам жүрегін гүл жайнаған баққа да, кір-қоқыр тастаған ұраға да айналдырасың, кәдімгі құпия харам қоқыстар аяқ алып жүргізбейтін әшекейі көп, ұят-ары жоқ бақшаға ұқсатасың.

Сопыны жеті қараңғы түнде жабық қақпаға ұрланып келіп, ұйқтап жатқандардың терезесіне телміртетін, сол емес пе? Діндар қызды есалаң етіп, патша қызын есінен тандыратын да сол емес пе? Патшаның басын жерге жеткізіп, сақалымен жолдың шаңын сыпыртатын да сол. Оның ырқына түскен жан аузына келгенін оттап, бет алды ыржыңдап, тілін шығарып, бетін тыржыңдатудан да танбайды.

Махаббат деген міне осындай.

Алайда оның мүлдем басқасы да болады, оған бұл жалғанда салыстырар тең таппайсың. Көктемнің тымық түні жерге қонып, бозбала қарсы алдынан қос жанар, күлімдеген екі көз көрді. Ол соларға қарап, қарай-қарай көз тойдыра алмады. Сосын қыздың аузынан сүйіп еді, жүрегінде екі шырағдан: күн мен жұлдыз тоғысқандай болды. Қыздың қолы мойнына оралғанда ол бұл дүниеден басқа ештеңе көрмеді де, естімеді де.

Махаббат дегеніміз Жаратушы тәңірдің түңғыш сөзі, оның көкірегін жарық еткен түңғыш ойы. Ол: "Дүние жарық болсыншы!"

дегенде-ақ махаббат туған. Ол жасағанның бәрі тамаша, өзінің ешбір туындысын жоғалтып алғысы келмейді. Сөйтіп, махаббат жер бетіңдегінің барлығының қайнар көзі, жер бүтіндегінің бәрінің әміршісі болды, бірақ оның бүкіл жолында гүл мен қан, мен гүл қатар жүреді.

Мизам күні.

Осынау меңіреу көше оның серуендейтін сүйікті орны. Юханнес онымен тура өз бөлмесіндегі дей ерсілі-қарсылы жүреді, өйткені өткен-кеткенді кездестірмейді, көшенің қос қапталы қызыл және сары жапырақтар жамылған ағаштардан тұратын ұзыннан-ұзақ созылған бақ.

Виктория бұл көшеде қайдан жүр? Оны монда не айдап әкеледі? Ол қателеспепті, бұл шын мәнінде де сол. Кеше кешкісін терезеден қарағанда біреу жүр еді, ол да тура соның өзі болды.

Оның жүрегі дүрс-дүрс соқты. Ол Викторияның қалада екенін біледі, біреуден естіген. Бірақ диірменшінің баласы ол топқа қосылмайды. Тіпті Дитлефтің, өзімен таныс адамдардай араласып тұрмайды.

Өзін-өзі қолға алып, бикешке қарсы жүрді. Ол бұны таныды ма, танымады ма? Ол сымбатты мойнына жарасқан әдемі басын паңдана көтеріп, өзін асқақ ұстап, ойға шомған қалпы өз жолымен кетіп барады.

Бұл басын изеді.

— Сәлеметсіз бе, — деп ол баяу үн қатты.

Алайда ол тоқтайтын сыңай танытпай, бұл да қасынан үнсіз өте шықты. Қысқа көшенің аяғынан дағды бойынша бұл кері бұрылды. "Мен табан жолға қарап, көзімді көтерейін" деп ойлады. Алайда оншақты адым аттаған соң басын көтеріп алды.

Қыз бәзбір жарнаманың алдына тоқтады.

Енді бұл не істеуі керек — таяудағы шолақ көшеге бұрылып кете ме? Бұл арада ол неғып түр? Айқыш-ұйқыш қойылған қызыл сабындар үйіліп, қалбырдағы бәзбір жарма мен ұсталған маркалар тұратын осы бір болымсыз дүкеннің сиықсыз жарнамасын қайтеді екен?

Бәлкім тағы да оншақты қадам жүріп, қайта бұрылар.

Кенет қыз бұған қарады да қарсы жүрді. Ол шапшаң басып келеді, батылдыққа бірден басып, соз бастап алып, ентігін әрең тоқтатты. Оның күлгені де бір түрлі ширығыңқырап шықты.

— Сәлеметсіз бе? Сізді кездестіргенім қызық болды ғой.

Құдая, бұның жүрегіне не болды, соқпайды, тек қана дірілдейді ғой. Бірдеңе айтпақ еді, айта алмай, ернін ғана жыбырлата берді.

Оның киімнен, сары көйлегінен, ал бәлкім тынысынан болар, бір жұпар иіс аңқиды. Сол сәтінде оның бетіне қарап үлгермей, оның нәзік сипатын ғана танып, қолшатыр ұстаған қолының сүйріктей саусақтарын көрді. Бұл оның оң қолы еді.

Саусағында сақина бар.

Алғашқы сәтте бұл оны түсінбеді, қырсықтың шалғанын мойындағысы келмеді. Қолы әншейін адам айтқысыз әдемі еді.

— Мен міне, табаны күректей бір аптадан бері қала дамын. Бірақ сізді көргенім жоқ. Әй, жоқ, бірде көшеде көрдім, біреу сыртыңыздан сіз деді. Ер жетіп ересек тартып қалыпсыз.

— Сіздің қалада екеніңізді білгенмін, — деп міңгірледі бұл. — Бұнда әлі ұзақ боласыз ба?

— Жоқ, ұзақ емес. Бірнеше күн ғана. Үйге оралуым керек.

— Өзіңізді көру бақыты бұйырғаны үшін сізге рахмет, — дейді ол.

Сосын арада үнсіздік орнады.

— Жалпы мен адасып жүрмін, — деді ақыры қыз. — Камергердің отбасында тұрып жатырмын. Бұл көше қайда апарады, өзі?

— Рұқсат етсеңіз, шығарып салайын.

Екеуі бірге кетті.

— Ал, Отто қазір үйде ме? — деп сұрады бұл, ойына алғаш келгені осы болды.

—Үйде, — деп қысқа қайырды ол

Бәзбір қақпадан бірнеше еркек шықты, қолымен көтеріп келе жатқан пианиномен табан жолды жауып тастады олар. Виктория солға қарай ыршып түсіп, бір сәт иығымен серігіне жабыса қалды. Юханнес оған қарады.

— Кешіріңіз, — деді ол

Оның жанасуынан бұның он бойына бір рақат дел-салдық тарап, қыз тынысы бетін шарпыды.

— Сізден сақина көріп тұрмын, — деп бұл немқұрайды кейіп танытып, күліп қойды. — Сізді құттықтауға бола ма?

Ол не жауап қатар екен? Бұл оған көз тастап, демін ішіне тартты.

— Ал сіз ше? — деп сұрады ол — Сіз әлі сақина салған жоқ па едіңіз? Ah, иә, шынында да... Біреулер айтып еді... Енді сіз жайында коп айтады, газеттер де жазып жатады.

— Мен бірнеше өлең бастырдым, — деді бұл — Алайда сіз оларды оқымаған шығарсыз.

— Ал олар тұтас кітап емес пе еді? Менімше...

— Иә, бір шағын кітапша да болған.

Олар бәзбір саябаққа шықты. Камергердің үй індегілер күтіп отырғанына қарамастан ол асыққан жоқ, келіп арқалы сәкіге отырды. Бұл оның алдына келіп тоқтады.

Кенет ол бұған қолын созып:

— Сіз де отырыңыз, — деді.

Бұл отырғанда ғана ол бұның қолын қоя берді.

"Дәл қазір, әйтпесе ешқашан!" — деп ойлады бұл. Тағы да немқұрайлылық кейіп танытып, сөзін қалжыңдап бастауға тырысып, жымиып қойып кеңістікке көз тікті. Ал енді, тез батылырақ.

— Бұны қалай түсінуге болады, сіз некеленіп қойған сияқтысыз, ал ол туралы ежелгі көршіңізге бір сөзіңіз жоқ.

Ол ойланып қалды да:

— Бүгін сізбен ол турасында әңгімелескім келмеп еді, — деді.

Бұл бірден байсалдана қап.

— Иә, мен онсыз да бәрін түсіндім, — деді.

Үнсіздік.

Бұл сосын сөзін әрі қарай сабақтады.

— Мен ылғи да білетінмін, қанша тырысқаныммен еңбегім еш болатынын, бәрібір мен емес... Бар болғаны мен диірменшінің ғана баласымын, ал сіз... Иә, ештеңе жасай алмайсыз. Сізбен қатар отырып, тағы да осындай соз қозғауға батылым қалай баратынын тіпті өзім де түсінбеймін. Мен сіздің алдыңызда тіземнен тұрып, аяғыңызды құшуға тиістімін. Сөйткен дұрысырақ болар еді. Ал мен отырып алып... Бәлкім, туған үйде тұрмаған жылдарым өз дегенін істеген болар. Мен бір түрлі батылданып кеттім. Өзімнің сәби емес екенімді білемін ғой, сіздің мені абақтыға жапқыңыз келсе де, жаба алмайтыныңызды және білемін. Менің батылданып тұрғаным, міне, содан. Тек қана маған ашуланбаңыз, ең дұрысы енді үндемейін.

— Жоқ, айтыңыз. Не айтқыңыз келсе, бәрін де айтыңыз.

— Рұқсат па? Не айтқым келгеннің бәрін айтайын ба? Онда сіздің сақинаңыз маған бөгет болмайды.

— Иә, — деді ол баяу ғана. — Мейлі ол сізге бөгет болмасын.

— Рас па? Шын мәнінде ме? Құдай жарылқасын сізді, Виктория, • мен жанылып естіген жоқпын ба? — деп бұл орнынан оның жүзін көргелі атып тұрды. — Сонда сақинаның ешбір мәні жоқ па?

— Отырыңыз.

Бұл қайта отырды. — О, өткен уақыттың өн бойында бір тынбай тек сізді ғана ойлағанымды білсеңіз ғой. Құдая! Бір сәтке болсын менің көңіліме өзіңізден басқа ой кіріп-шықты ма екен, сірә! Кіммен кездессем де, кіммен таныссам да, сіз жеке дара тұрдыңыз. Ғұмыр бойы Виктория бәрінен артық, бәрінен тамаша деген ғана ойда болдым. Ылғи да ойша Виктория бикем деп аяладым. Басқаларға қарағанда сізден әлдеқайда алшақ екенімді де жақсы білдім, алайда өзіңізбен таныс екенінің, қайда тұратыныңызды білетінімнің өзі мен үшін аз нәрсе емес еді. Бәлкім, сіз ара-тұра болса да мені еске алатын шығарсыз, деп үміттенетінмін. Әрине, сіз мені еске алған жоқсыз, ал мен бейбақ бөлмемде жалғыз отырып кенет мен есіне түссем ше, деп жиі ойлайтынмын. Рақат сезімнің құшағында отырып, Виктория ару, мен сізге өлең жаздым, бар ақшама сізге деп гүл сатып әкеп, бөлмеме қойдым. Жарияланбаған бірнешеуі болмаса, жырларымның бәрі өзіңізге арналды. Бірақ сіз жарияланғандарының өзін оқымаған шығарсыз. Қазір үлкен бір кітапқа қол арттым. Құдая, сізге қандай разымын десейші, өзіңізбен көңілім шып-шып толып, бар бақытымды осы деп білемін. Әр минут сайын күндіз де, түнде де сізді еске салатын бірдеңені көргендей немесе естігендей боламын да тұрамын. Есіміңізді төбеге жазып қойып оқимын да жатамын. Үй жинайтын қыз оны көрмейді, көрмес үшін әдейі ұсақ әріптермен тек өзім үшін ғана жазамын. Менің айрықша қуанышым да осында.

Ол бұрылып, бел тартарынан бір қағаз алып шықты.

— Қараңызшы, — деді ол алқына дем алып. — Мұны әдейі қиып алып, тығып қойғанмын. Жасыратын несі бар, мен бұларды кешкілік оқимын. Алғаш рет бұл өлеңдерді әкем көрсеткен, оларды оқу үшін терезенің алдынан алып келіп "Кәне, қайда? Таба алар түрім жоқ" деп газетті аударыстырғанмын. Ал шын мәнінде оларын бірден байқап, әкемнен бұрын оқып қойғанмын. Сонда бақыттылығымнан төбем көкке жеткендей болғанмын.

Қағаз парағына қыз тәнінің жұпары сіңген, ол оны жазып бұған көрсетті. Ондағы мұның алғашқы өлеңдерінің бірі екен, шымыр төрт-ақ шумақтан тұратын жыр ақ боз атты шабандоз қызға арналған. Бұл жүрек түкпірінен шыққан бейкүнә толғанысты жан сыры, тізгіндеуге келмейтін шабыттай шынайы мойындау, әрбір жол оны жұлдыздың жарығындай жалт еткізіп, алға тартады.

— Иә, мұны жазған мен, — деді бұл. — Баяғыда жазылып еді бұл, түн болатын, тереземнің ар жағында теректер сыбдыр қағып турдан. Қалай, сіз оны қайта тығып жатырсыз ба? Рахмет! Сіз оны қайта жасырдыңыз ғой. О! — деп сыбырлады бұл сасқалақтап, сондықтан даусы да әрең естілді. — Ойлап көрші тек, сіз маған сондай жақын отырсыз. Қолымды қолыңызға тигізсем, бір жылы леп еседі. Жалғыз отырып сізді ойлағанда толқудан бойымды жиі-жиі салқын

шалғандай болатын. Ал қазір маған жып-жылы. Үйге соңғы рет келгенімде сіз сондай сұлу едіңіз, қазір одан да тамашасыз. Көзіңіз, қасыңыз немесе күлкіңіз — жоқ, не десем екен, бәрін бірге қосқанда, тұрған бойыңыз жарқындық пен тартымдылық қой.

Ол жымиып күліп, қабағының астымен бұған қарады, ұзын кірпіктерінің ар жағында көгілдір терең тұңғиық жатқандай. Жүзі алаулап, қуаныштан нұр шашып тұрған секілді. Қолының албаты қимылымен бұның сөзін қайталап отырғанға ұқсайды.

— Рахмет, — деді ол.

— Жо-жоқ, маған алғыс айтпаңыз, Виктория, — деді бұл Бүкіл жан жүрегі оған ынтығып тағы да сөйлегісі, сөйлей бергісі келді, сөз буырқана лекілдеген алақай секілденді, ал өзі ішпей мас, көрмей мәз сияқты. — Ал егер сізге аз да болса қымбат көрінсем бар ғой, Виктория... Олай болуы мүмкін де емес, әйткенмен өтірік болса да маған қымбатсың деңізші. Өтінемін! О, онда бар ғой, мен бірдеңеге қол жеткіземін, коп нәрсеге, тіпті қол жетпейтінге қол жеткіземін. Қандай белеске көтеріліп, қандай биікке шығатынымды сіз тіпті елестете де алмайсыз. Кейде мен өз бойымнан жұмсалмай жатқан күш-қуаттың ұшан-теңіз қорын көремін. Олар жиі-жиі сыртқа шығуға құлшынады, сонда түн ортасында орнымнан тұрып кетіп, бөлмеде ерсілі-қарсылы жүріп, өз-өзімнен күбірлеп, көз алдыма келтірмейтінім жоқ. Қабырғаның ар жағында жатқан көршімнің ұйқысын бұзатын болсам керек, ол қабырғаны қағады. Таң атқан соң әдейі келіп балағаттап кетеді. Онда бірақ шаруам қанша, өйткені мен ертелі-кеш сізді армандап, қасымда қатар жүргендей көремін ғой. Терезенің алдына келіп әндетемін, сонда күн шапағы шашырап, теректер шулайды "Қайырлы түн", деймін таңға, мұны бірақ сізге арнаймын. Ол әлі ұйықтап жатқан шығар, түні қайырлы болғай деп тілеймін. Тәңірі жарылқасын деймін Сондай тілекпен ұйықтағалы қисаямын. Осылай түн артынан түн өтеді. Әйткенмен де сізді дәл осындай әсем деп елестеткен жоқ едім. Енді кеткенде сізді дәл қазіргі қалпыңызда еске аламын. Сізді сондай айқын айшық пен көретін боламын.

— Ал сіз үйге келмейсіз бе?

— Жоқ. Мен әлі жұмысымды тәмамдаған жоқпын. Не деп кеттім мен, келемін, әрине, келемін. Қаласаңыз қазір-ақ келемін. Рас, жұмысым әлі біткен жоқ, бірақ сіз қалағанның бәрін жасауға бармын. Ал сіз ара-тұра Құлпы сарай маңында қыдырасыз ба? Кешкісін үйден шығасыз ба? Шықсаңыз, сізді көріп, сәлемдесемін ғой, одан арғыны армандамаймын да. Егер сізге титтей де қымбат болсам, жексұрын, сұмпайы көрінбесем, ашып айтыңызшы... Сол қуанышты маған қиыңызшы... Білесіз бе, талипот пальмасы деген пальма бар, ол өз өмірінде бір-ақ мәрте гүлдейді, ал жасауын жетпіс жыл жасайды. Бірақ өмірінде бір рет қана гүлдейді. Сол сияқты мен де енді гүлдедім. Иә, ақша табамын да, үйге қайтамын. Жазып бітіргенімнің бәрін сатамын, қазір көлемді кітап жазып жатырмын, міне, соны сатамын, ертең жазылғанының бәрін сатамын. Маған недәуір көп ақша төлейді. Ал сіз менің үйге келгенімді қалайсыз ба?

— Иә.

— Рахмет, сізге! Тым батыл үміт қанатында жүрсем, кешіріңіз, жүзеге аспайтыннан үміттенудің өзі бір рақат. Бүгін менің өмірімдегі ең жарқын күн...

Ол қалпағын шешіп, қасына қойды.

Виктория жалт қарады, көшенің аяғында бәзбір әйел көлбеңдеді, одан әрі себет ұстап біреуі бара жатыр. Виктория тітіркеніп қап, сағатына қарады.

— Уақытыңыз болды ма? — деп сұрады бұл. — Кетер алдында бірдеңе айтып кетіңізші, естіп қалайын... Мен сізді сүйемін, міне сізге айтарымды айттым. Бәрі сіздің жауабыңызға байланысты. Мен басы бүтін өзіңіздің ырқыңыз дамын... Жауап берсеңіз енді.

Арада үнсіздік орнады.

Бұның басы салбырап кетті.

— Жоқ, айтпай-ақ қойыңыз, — деп өтінді тағы да.

— Бұл арада емес, — деді қыз. — Жауабын анда, үйде берем. Олар көше бойлап жүріп кетті.

— Сіз өзіңіз құтқарған қызға үйленеді дейді ғой. Аты кім еді өзінің?

— Камиланы айтып тұрсыз-ау, тегі?

— Иә, Камила Мейер. Сіз соған үйленеді деседі.

— Ә, міне қалай! Ол жайында сіз неге сұрадыңыз. Ол әлі сәби ғой. Мен олардың үйінде болғанмын, сіздікі сияқты үлкен, бай үй, нағыз Құлпы сарай. Және онда талай рет бардым. Бірақ ол әлі сәби.

— Оның жасы он бесте. Оны көрдім, таныстардың үйінде кездестім. Ол маған өте ұнады. Әп-әдемі!

— Оған менің үйленгім келмейді, — деді бұл. — Ә, солай ма?

Бұл қызға қарады. Оның жүзінен көлеңке жүзіп өтті.

— Неліктен ол жайында соз қозғадыңыз? Менің назарымды басқаға аударғыңыз келе ме?

Ол адымын жебей түсіп, бұның сауалына жауап қайтармады. Мұны қолынан ұстап, өзімен басты есікке ертіп кеп баспалдақпен жоғары өрледі.

— Онда кіргім келмейді, — деді қайран қалған бұл. Қоңыраудың түймесін басып, бұған бұрылды ол, кеудесі

көріктей көтеріліп, басылып түр.

— Мен сізді сүйемін, — деді ол. — Түсініксіз бе. Сүйемін сізді.

Кенет мұны төменге сүйреп, үш-төрт саты төмен түсті де, екі

қолын мойнына арта салып, сүйіп алды. бұл оның тұла бойы діріл қағып тұрғанын сезді.

— Мен сізді сүйемін, — деп қайталады.

Жоғарыда есік ашылды, бұның құшағынан сытылып шығып ол баспалдақпен жүгіре жөнелді.

IV

Уақыт таңға жақын, шығыс құланиектеніп келеді, кәдімгі көгілжім салқын қыркүйек таңы.

Бақта бәйтеректер баяу сыбдырлайды. Терезе ашылып, одан бір кісі басын шығарып, әлде бір әнге басып тұр. Ол бешпентсіз — жартылай жалаңаш, есерсоқ бүгін түнде бақытын тойлап біраз сілтеген секілді.

Кенет ол жалт қарады — біреу есік қағып тұр. "Кіріңіз", — деп айқайлады. Көршісі кірді.

— Қайырлы таң, — деді ол көршісіне.

Көршісі жасамыс адам екен, өңі құп-қу, әрі ашулы, қолында көтерген шамы бар, өйткені жарық енді ғана шашырап келеді емес пе.

— Сізге, Миллер мырза, тағы да мәлімдеймін, Юханнес Миллер мырза, өзіңізді мүлдем өрескел ұстайсыз, — деп зәрленді ол

— Айтқаныңыз өте орынды, — деп жауап қатты Юханнес. Өте дұрыс айтасыз. Түсінсеңіз, бәз бірдеңе жазып едім, оның өзі аяқ астынан өздігінен туды, көріп тұрсыз ғой, осының бәрі бір-ақ түнде жазылды. Бүгін бір бақытты түн болды. Енді бітірдім. Терезені ашып әндете бастағаным содан.

— Сіз бақыра бастадыңыз, — деп түзетті көрші. — Осыншалық кеңірдек жыртуға бола ма? Және түн ортасында.

Юханнес үстелдің үстінде шашылып жатқан үлкенді-кішілі қағаз парақтарын жинап қолына ұстап:

— Көз салыңызшы, — деп дауыстады. — Ғұмырымда дәл мұндайлық жеңіл жазған күнім болған емес. Тура төңіректің бәрі нажағайдың жарқылымен жарқырап кеткендей болды. Бірде нажағайдың оты лента құсап телеграф сымдарымен ағып өткенін көргенім бар. Міне, бүгін менде де сондай бір нажағай жалт ете қалды. Сосын не істейін? Сіз барлығы қалай болғанын білсеңіз, ашуланбайтыныңызға, өз басым, сенімдімін. Осында отыра қалдым да жаздым, орындықтан бір де тұрғаным жоқ, әр уақытта сізді есіме алып, тіпті қыбыр етпедім. Ал сосын барлығын да ұмытатын сәт туып, омырауды ашып тастап, бәлкім тұрып кеткен шығармын, мүмкін түнде бөлмеде ерсілі-қарсылы сықырлатып жүрген де болармын. Бақытымда шек болмағаны анық.

— Тап түнде мен айрықша ештеңе есіткенім жоқ, — дейді көрші. Ал мынандай ертеде терезені ашып, бар дауыспен қышқыру деген барып тұрған бейбастақтық.

— Айтқаныңыз рас. Әрине, бейбастақтық. Алайда мен бәрі қалай болғанын сізге түсіндірдім ғой. Ұғар болсаңыз, басымнан айрықша оқиға өткіздім. Кеше менің өмірімде ұлан-асыр оқиға болды. Көшеде жайдан-жай келе жатып оз бақытымды кездестірдім, естисіз бе, өз жұлдызым мен оз бақытымды жолықтырдым. Ол мені сүйіп алды. Оның гүлдей үлбіреген алқызыл ернін айтсайшы, сол ерінмен мені сүйіп алды ғой, сол сүю мас қылды. Өзіңіз өмірде аузыңызға сөз түспейтіндей тебіреніске тап болып па едіңіз? Мен болсам, тілім байланғандай бір ауыз сөз айта алмай, қалшиып қалтырап тұрып қалдым. Үйге ұшып келдім де, сол бетпен орындыққа отырған қалпымда ұйқтап кетіппін. Содан кешкісін бір-ақ ояндым.

Шаттықтан көңілімдегінің бәрі шыр айналып, жазуға кірістім. Не жаздың дейсіз бе? Міне, көріңіз. Бұрын-соңды кездеспеген керемет бір көңіл күй билеп алып, мені жұмақта алып барып, жан дүнием күн шұғыласы түскендей ашылып, періштелер шарап ұсынды, мен оны меруерт кеседен іштім. Сондай жағдайда мен сағаттың қоңырауын қайтып естимін? Шамымның сөніп қалғанын қайтіп көремін? Тәңірім сізге мені түсінуге жазсын! Мен бәрін басынан бастап көз алдымнан қайта өткердім: сүйгеніммен қол ұстасып көшеден қайта өттім, жұрттың бәрі оған көз салды. Біз баққа бардық, корольді кездестірдік, қуанып қалпағымды алып, басым жерге жеткенше иілдім. Король де менің сүйіктімнің сыртынан қарап, сымбаты мен сұлулығына тамсанды. Қалаға қайта оралғанда бүкіл мектеп оқушылары одан көз ала алмады, өйткені ол уылжыған жас еді, ақ көйлегі көз тартатын. Содан қызыл тас үйдің алдынан бір-ақ шытып, соған кірдік. Мен тіземді бүкпекші едім. Сол арада ол қолын мойныма орай салып, сүйіп алды. Бұл кеше ғана тіпті таяуда болған оқиға. Не жазғанымды білгіңіз келе ме? Мен шаттық пен бақыттың таусылмайтын әнұранын жаздым. Маған бақыт тыр жалаңаш күлімдеген қалпымен алдымда жатқандай болды мен оған үздіге қол создым.

— Сізбен тәжікелесіп тұратын шамам жоқ, — деді ашуланған әрі өкінген көрші. — Ал мен сізге ескерттім және ақырғы рет.

Юханнес оны есік алдында тоқтатты.

— Бір минутке тоқтаңызшы. Егер сіз жүзіңіздің күнмен шағылып жадырап тұрғанын көрсеңіз ғой тек. Міне, сіз бұрылғанның өзінде шамның жарығы маңдайыңызға түсіп еді, жүзіңіз күнге шағылғандай нұрланып кетті. Одан мен сіздің ашуыңыз тарқағанын аңғардым. Айтқаныңыздың бәрі дұрыс, терезені ертерек ашып, әндеткенде даусым тым қатты шықса керек. Өзім бақытты болғандықтан айналамдағының бәрін бауырымдай сүйемін. Кейде осындай да болады. Ақыл-ой үнсіз қалады. Мен бейбақ сіздердің ұйқтап жатқандарыңызды ойлауым керек еді...

— Біз ғана емес, бүкіл қала ұйқтап жатыр.

— Иә, солай екен-ау, әлі ерте ғой. Сізге мен бірдеңе сыйлағым кеп тұр. Ол күміс портсигар, оны өзіме біреу сыйлаған еді. Өзім құтқарған қыздың сыйлығы. Алыңыз, өзіне табаны күректей жиыр¬ма сигарет сияды. Алғыңыз келмей ме? Айтқандай, шылым шекпейді екенсіз ғой. Ал шылымға үйренуге болады. Таңертең өзіңізге кешірім өтінгелі келуге бола ма? Әйтеуір, маған бірдеңе жасап, өз алдыңыздан ғапулық өтіну керек...

— Тынышты түн.

— Тынышты түн. Мен қазір-ақ жатамын. Оған уәде етемін. Қайтып менің бөлмемнен ешбір үн есітпей сіз. Алда өзімді-өзім байқайтын боламын.

Көршісі кетті.

Юханнес кенет терезені қайта ашып, оның соңынан айқай салды:

— Иә, мен кетіп қалады екем ғой. Қайтып сізге бөгет болмаймын, ертең-ақ жүріп кетемін. Оны өзім де ұмытып кетіппін.

Ол жүріп кеткен жоқ. Әр алуан себептер боп қалды: бәзбір жұмысты тындыру, бәзбір сатып алу, бәз біреумен есеп айырысу керек болды, осылай күн өтіп, кеш батты. Қаланы есі танғанша шарқ ұрды.

Ақыры кеп камергер үйінің есігін қақты.

— Виктория бикеш үйде ме?

— Виктория бір жаққа шығып кетті.

Ол Виктория бикешпен жерлес екенін, үйде болса бірер минутке көріп кеткелі келгенін баяндады. Сол арқылы өз туғандарына хабар жібергісі келетінін айтты. Ал үйде жоқ болса не лаж бар.

Қаланы қайта аралап кетті. Кенет оны көшеде кездестіріп қалар, болмаса күймеде отырғанын көрер. Осылай кеш бойы қыдырып, оны театрда көріп, басын изеп жымиып күлді, қыз да соны қайталады. Араларын бірнеше метр ғана бөліп тұрған соң қасына жақындайын деп еді, жалғыз емес, жанында камергердің ұлы Отто бар екен. Оның үстінде лейтенант мундирі.

"Қазір қыз маған бәзбір белгі береді, байқатпай менің жағыма қарайды" деп ойлады Юханнес. Алайда қыз қып-қызыл болып, дәл бір жасырынғысы келгендей театрдың кіре берісіне асықты.

Енді оны театрдың өзінде көруге қам жасап көрсе қайтер еді? Ол билет сатып алып театрға кірді.

Камергердің ложасы қайда екенін білетін. Бұл байлардың бәрінің оз ложасы бар. Ложада әсем киінген әдемі Виктория отыр. Ол жан-жағына қарады, бірақ бұның жағына бір рет те көз тастаған жоқ.

Антракт кезінде оны фойеден күтті. Оған бас изеді Буған недәуір таңдана қарап ол да басын иді.

— Салқын сусындарды анау жақтан береді, — деді Отто алғы жақты нұсқап.

Олар әрі қарай өтті.

Юханнес сыртынан қарап қалды. Оның көзін қызық бір тұман тұмшалап тастағандай. Біреулер оған бұрқылдап, біреулер итеріп, бұл кешірім сұрап, тұрған орнында тұра берді. Ол кетіп қалды.

Ол қайта келгенде бұл басын иіп тағзым етіп:

— Кешіріңіз, бикеш... — деп міңгірледі.

Отто сәлемге жауап қайтарып, көзін сүзіп бұны тіміскілеп шықты.

— Бұл Юханнес қой, — деп таныстырды қыз. — Есіңде шығар? Зайыры сіз туысқандарыңыздың амандығын білмек шығарсыз, — деп сөзін жалғастырды, өңінде еш қобалжу жоқ әп-әдемі. Нақты білмеймін, бірақ бәрі аман-есен шығар деп ойлаймын. Иә,, бәрі аман-есен. Ата-анаңызға сәлеміңізді айта барайын.

— Рахмет. Сіз таяуда үйге ораласыз ба, бикеш?

— Таяу күндері. Жарайды, сәлеміңізді айта барайын

Ол басын изеп кетіп қалды.

Юханнес қашан ол көрінбей кеткенше көзімен ұзатып салды да, театрдан шықты. Мақсатсыз көше кезіп, уақыт оздыру үшін ауыр басып, ерсілі-қарсылы жүрді де қойды мұңайып. Сағат онда ол камергер үйінің алдында турды. Кенет буған ол отырған күйменің есігін ашып, басы жерге жеткенше тағзым етудің сәті түсер.

Ақыры жарты сағаттан соң ол да келді. Қақпаның алдында қалқайып, өзіңнің бар екеніңді қайта-қайта еске сала беру ерсі емес пе? Сондықтан ол жалтақтамай шапшаң басып көшенің екінші жағына шығып алды

Камергер үйінің қақпағы қалай ашылғанын, күйме аулаға кіріп, қақпаның қалай қайта жабылғанын естіп тұрды. Содан кейін ғана бұрылып кетті.

Табандатқан бір сағат бойы үйдің маңында ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Ол ешкімді күткен жоқ, ешқандай жоспары да болмады. Кенет есік ашылып көшеге Виктория.шықты. Басында қалпағы жоқ, иығына шәліні бос тастай салған. Ол үрейлі де ұяң күлкімен жымиып, әңгіме бастау үшін сауал қойды:

— Қыдырып жүр екенсіз, не жайында ойлап жүрсіз?

— Ойлап дейсіз бе? Жоқ, жай ғана серуендеп жүрмін.

— Ерсілі-қарсылы жүргеніңізді көріп, тәуекелге бел буып... Сізді терезеден көрдім. Қазір жедел оралуым қажет.

— Шыққаныңыз үшін рахмет, Виктория! Осыдан бірақ минут бұрын қатты торығып тур едім, енді бәрі де өтті. Театрда амандасқаным үшін ашулана көрмеңіз. Мен тағы будан да зор әбестік жасап алдым, сіздің не ойлағаныңыз барын білмекке бағана үйге де кірдім.

— Алайда, өзіңіз де білесіз ғой, — деп жауап қатты қыз. — Бұрнағы күні сізге көп нәрсе айттым, мені дұрыс түсінбеуге тиіс емес едіңіз.

— Әйткенмен де мен сене алмаймын.

—Ол туралы қайтып айтпайықшы. Мен коп айттым, тіптен коп, оларға қатысты жасап жүргенім жақсы емес. Мен сізді сүйемін, бұрнағы күні жалған айтқаным жоқ, қазір де айтып тұрғаным жалған емес. Сізге сондай тәнтімін, өте жақын тартамын, өзіңізбен әңгімелесу бір ғанибет, басқалармен сөйлескеннен әлдеқайда жақсы, бірақ... Маған бұл арада ұзақ қалуға болмайды, терезеден бізді көруі мүмкін. Юханнес, сіз білмейтін себептер бар, сондықтан не ойлағаным барын айтуымды енді ешқашан қол қаламаңыз. Ол жайында мен де күні-түні ойланғанмын, сізге айтқаным айдай шындық. Бірақ ол мүмкін емес.

— Не мүмкін емес?

— Бәрі. Жалпы бәрі де мүмкін емес. Юханнес, өзімнің де, өзіңіздің де абыройымызды қорғау қажеттігінен мені құтқарыңызшы.

— Сәл сабыр. Мен сізді өзімнен құтқарамын ба? Демек, бұрнағы күні айтқаныңыздың бәрі мені алдап, мазақ қылу болғаны ма? Сонда мен сізге көшеде кездейсоқ кездесіп, көтеріңкі көңіл күйіңізге тап келіп, қалжыңыңызға азық болған екенмін ғой.

Кеткелі тұрып қыз қайта бурылды.

— Бәлкім, мен бірдеңеден кінәлі боп қалған шығармын? — деп сұрады бұл, жүзі кісі танымастай боп сұрланып кетіп. — Әйтпесе қалай жоғалтып алдым сіздің... Осы екі күн, екі түнде жаман қылық көрсеттім бе?

— Жоқ, мәселе тіпті де онда емес. Мен бәрін бүге-шігесіне дейін ойладым. Сіз де соны ойлауыңыз керек еді ғой. Түсінсең ізші, бұл қашан да мүмкін болмаған. Мен сізге құштармын, қатты қадірлеймін...

— Және кұрметтейсіз.

Ол бұған қарап, күлкісінен қорланып, тіпті қыза сөйлейді.

— Құдайым-ай, әкемнің сізді қабыл алмайтынын өзіңіз неғып түсінбейсіз? Мені неге осыны айтуға мәжбүрлейсіз? Сіз өзіңіз де түсінесіз ғой, мұның неге әкеліп соғарын. Солай емес пе?

Үнсіздік.

—Солай, — дейді бұл.

— Жалпы көп себептер бар... — деп сөзін жалғастырды қыз. — Шынында да, сіз менің қыр соңымнан қалмауды қоюға тиіссіз, театрда сондай қорқыттыңыз. Қажеті жоқ оның.

— Жарайды, — дейді бұл. Ол оның қолын ұстады.

— Бәлкім, сіз қысқа мерзімге болса да үйге келіп кайтарсыз. Оған қатты қуанар едім. Қолыңыз қандай ыстық, ал мен қалтырап тұрмын. Кететін уақытым болды. Тынышты түн.

— Тынышты түн, — деп жауап қатты.

Салқын да сызды көше құм белдеу немесе шегі жоқ жолға ұқсап, қала бойлап созылып жатыр. Юханнеске ескі, солған раушан сатып жүрген бала кездесті. Ол оған алтынмен бес крон макет беріп, гүлін алды. Міне, табалдырықтың маңында бір топ бала ойнап жүр. Ондар шамасындағы бала былқ етпей соларға қарап мосқал тартқан көгілдір көзімен ойынды бақылап отыр, жағы суалып, иегі төрткілденіп кеткен, басында мата құлақшын. Анығырақ айтқанда ол құлақшынның астары, балаға ол қолаң ретінде кигізілген. Тері ауруы басын мәңгілік бұлдірген болуы керек. Зайыры аурудан жаны мүлдем дімкәс екені даусыз.

Өзі қаланың қай бөлігінде жүргенін, қайда бара жатқанын айтып бере алмайтынына қарамастан Юханнес бұның бәрін байқады. Сол екі ортада жаңбыр сіркірей бастады, алайда ол оны сезбеді, күні бойы өзімен бірге алып жүргеніне қарамастан, қолшатырын да ашқан жоқ.

Ақыры сол саябақтан бір-ақ шығып орындыққа отырды. Жаңбыр күшейе түсті, ол өз-өзінен қолшатырын ашып, отырған орны¬нан былқ еткен жоқ. Ұзамай оны бой бермес бір ұйқы меңдеп, бәзбір тұманға тұншығып, көзі жұмылып, қалғып кетті.

Көп ұзамай оянып кетті. Оны өтіп бара жатқан біреудің қатты даусы оятып жіберді. Орнынан тұрып, әрі қарай тартты. Басы айығып, болмашы дүниеге дейін, тіпті солған раушан үшін бес крон төлегенін де есіне түсірді. Өзінің тиын-тебендері арасынан бұл ғажап мәнетті көргенде баланың қалай қуанғанын көз алдына келтірді. Ол әншейін ғана жиырма бес эре емес, алтынмен тұтас бес крон ғой. Жарылқай гөр жаратқан!

Балалар тобырын жаңбыр тым-тырақай қуған шығар, сондықтан ойынын кіре берісте жалғастырып, класс ойнап жүрген де болар. Ал он жасар қарт — кемтар әлі де тырп етпей, соларға қарап отырса керек. Кім білсін ол бәлкім, қарап отырып бірдеңеге қуанатын шығар, әлде артқы ауладағы өз лашығындағы қатырғы қояны мен қасқырын ермек етіп ойнап отыр ма екен. Мүмкін өмірде ол үшін бәрі жойылып кетпеген болар, семген жанына жылу берер бір үміт те болуы керек қой.

Міне, алдан келісті де көрікті сұңғақ бір келіншек көрінді. Юханнес дір етіп, тоқтай қалды. Жоқ, оны бұл білмейді екен. Ол бүйірдегі шолақ көшеден шықты да әрі қарай тартты. Жаңбыр нөсерлеп жауып тұрғанына қарамастан оның қолшатыры жоқ екен. Бұл келіншекті қуып жетіп, бетіне бір қарады да өтіп кетті. Қандай сымбатты уылжыған жас еді. Ол суға малшынып суықтап қалады ау, ал бұл болса, жанына жақын бара алмайды. Ызаланғаннан ол қолшатырын жинап, суға малшынсақ, бірге малшынайық деп ойлады. Ол үйге келгенде түн ортасынан ауған еді. Үстел үстінде хат пен шақыру жатыр екен. Ерлі-зайыпты Семерлер ертең кешке мұны өз үйлерінде көрсе, соған қуанатынын айтыпты. Олардың үйінен бұл таныстарының кейбіреуін ұшыратады, айтқандай кім екенін өздерің ойлап табыңдар. Құлпы сарай иесінің қызы Викторияны кездестіреді. Шынайы көңілмен, өзіңіздің деп қол қойылған. Юханнес орындықта отырып ұйқтап кетті. Екі сағаттан кейін оянса, тұла бойы қалшылдап барады. Ұйқысы әлі еркін ашылмаған ол тоңғанынан қалтырап, бүгінгі күннің азабынан қиналып хатқа жауап қайтарғалы үстелдің басына кеп отырды. Қабыл алғысы келмеген шақыруға да жауап жазуы керек. Ол жауабын жазып, оны төмендегі пошта жәшігіне салғалы жиналған еді, кенет Викторияның да шақырылғаны ойына сап ете қалды. Міне, қалай, ол бұған Семерлерге шақырылғаны туралы тіс жарған жоқ, тегінде бұл да келіп қалады деп қорықты, бұнымен оның бөгде кісілер барда кездескісі келмейді. Хатты парша-парша қып жыртып, рахмет — келемін деп жаңасын жазды. Толғанғаннан қолы қалтырап, оғаш бір ащы қуаныш кеудесін кернеді. Бұған неге бармасқа? Не үшін жасырынуы керек? Жетер! Оның бар сезімі алас-күлес. Қолын бір-ақ сермеп күнтізбенің бір уысын жыртып алып, келесі аптаны көрсетіп қойды. Қуанышты хабар алғандай масайрап, бақыттан төбесі көкке жеткендей мәз, осы сәттен бір ләззат алып қалғысы келіп, қазір қорқорын тартып, орындыққа жантайып жатып рақатқа батады. Бірақ қорқоры бітеліп қалыпты, оны тазалайтын пышақ пен бізді таба алмай, сағаттың тілін сындырып алды. "Ха-ха-лап" күліп, бұрышта тұрған әлгі сағат сияқты тағы да бірдеңені сындырғалы бөлмені шарлайды. Уақыт өтіп жатыр. Ақыр аяғында, киіп жүрген су киіммен төсекке қисайып ұйқтап кетті.

Ол оянғанда таң баяғыда атқан. Жаңбыр әлі жауып тұр, көшелер шалшық су. Басы бұлыңғыр, түстің үзінділері кешегі естеліктермен астасып кетті. Безгекті сезген жоқ, қайта ыстығы қайтты, түні бойы орман кезіп, енді суға жақын келгендей оған салқын леп соқты.

Есік қағып, қағаз тасушы хат алып келді. Конвертті ашып, оқып қарап, мағынасына әрең бойлады. Бұл Викториядан келген екен, хат бір жапырақ қағазға жазылыпты: ол бүгін кешке Семерлерге шақырылғанын айтуды мүлдем ұмытып кетіпті, бұны сонда көргісі келетінін, бәрін сонда түсіндіріп айтатынын хабарлап, соққыны ерлер ше қарсы алып, өзін ұмытуын өтініпті. Қағазымның нашарлығы үшін кешіріңіз, шынайы өзіңіздің,.. деп тәмамдапты.

Ол үйден шығып, бір жерден атүсті ауқаттанды да, қайта оралып, ақыры Семерлерге жауап жазды. Бүгін келе алмайтынын, бұл шақыруды, ертең болса да, басқа бір күні пайдаланатынын айтты.

Хатты ол қағаз тасушыдан жіберді.

Күз келді. Виктория кетіп қалған, ал кішкентай меңіреу көшеде бұрынғы сол үйлер, баяғысындай тып-тыныш. Юханнестің бөлмесінде түні бойы жарық жанып тұрады. Ол кешкісін жұлдыздармен қатар жанады да, таң ағарып атқанда барып сөнеді. Юханнес белін жазбай жұмыс істеп, өзінің үлкен кітабын жазды.

Апталар мен айлар өтіп жатты, ол қамауда отырып ешкіммен де кездескен жоқ. Семерлерде қайтып болған жоқ. Қиял-ойы қиямпұрыс ойын ойнап, кітабына іске қатысы жоқ қайдағы-жайдағы ертеңгі елестерді енгізіп жіберіп, ақыры жазғандарының біразын жыртып, пешке тастауға тура келді. Мұның өзі жұмысты өте-мөте созып жіберді. Түнгі тыныштықтағы доңғалақтың даңғыры ойға күтпеген серпін беріп, оны аулаққа алып кетеді.

Көшеде күйме келе жатыр.

— Әй! Жолдан былай шық!

Ал неге? Неге бұл күймеден сақтану керек? Ол ағып өте шықты, қазір ол шынында да бұрыштан асты. Ал онда, бәлкім, пальтосыз, бөріксіз кісі тұрған шығар, ол алға еңкейіп, басы соққының нысанасында тұрған болуы да ықтимал. Мүмкін ол күйме өзін басып кетіп, мүгедек, кемтар етіп, тіпті өлтіріп кетсем деп те ойлайтын шығар. Адам өлгісі келеді екен, ол оның өз шаруасы. Ол жейдесінің түймесін көптен салмай, омырауы ашық-шашық жүреді, башмағының бауын байламай сүйретіп қоя береді, оның өлгісі келеді... Ал мына адам ажал аузында жатыр, ол досына хат жазып, өсиетін, өтінішін айтады. Кісі өлді, хаты қалды, онда айы, күні, қолы бар; бас әріптер, жай әріптер мен мұндалап түр, бірақ бұны жазған кісі бір сағаттан соң көз жұмды. Қандай қызық! Өз есімін қол етіп қойып, астын әдеттегідей бір сызып, бір сағаттан соң өліп кетті... Ал басқа адам ше? Ол өзінің кішкентай бөлмесінде жападан жалғыз жатыр, қабырғалары көк сырмен сырланған, түс ағаштармен қапталған. Онда не түр? Ештеңе тұрған жоқ. Дәл сол адамға бұл жарық дүниеде жалғыз өлуіне тура келеді. Осыны ол көп ойлайды, ойлап- ойлап титықтайды. Кеш болды, қабырғадағы сағат сегізді көрсетіп тур. Ол сағатқа қарайды, оның неге қоңырау соқпайтынын түсінбейді. Сағат соқпайды. Міне, сағат минуттерімен сегізден асты, шықылдайды, бірақ соқпайды. Бейшара сағаттың соққанын ести алмадым деп есінен айырылып қала жаздады. Қабырғада анасының суреті ілулі тұрған, ол бір! — деді де оны саусағымен шұқып қалып еді, қолы кіріп кетті, оны қайтеді, ол түгіл, өзі де өліп барады. Оның лайланған жанары үстелге түсті, оның үстінде гүл өскен құмыра тұрған-ды, соған қолын созып, есепті, сабырлы қимылмен үстелден алып еденге лақтырып жіберіп еді, күл-талқаны шықты. Сосын ол терезеден өзінің, янтарь мүштігін лақтырып жіберді. Енді оның не қажеті бар? Өзі қабірде жатқанда мүштігінің мұнда жатуында ешбір мағына жоқтығы шығар күндей айқын. Бір аптадан кейін әлгі кісі дүние салды.

Юханнес орнынан тұрып, бөлмесінде әрлі-берлі жүре бастайды. Қабырғадағы көршісі оянып, қорыл тыйылды, енді ауыр тыныс пен торығып күрсіну басталды. Терезенің түбіндегі теректер желмен сыбдыр қағып, бұның денесі түршігіп кетті. Жапырақтары ұшып кетіп, қарт теректер бейбақыт мүгедектерге ұқсап қалды, тармақты бұтақтар үйдің қабырғасына соғып, жарықшақ үн шығарады, онысы жиілеп кеткенде қайта-қайта дырылдата тақылдатқан ағаш тоқпаққа ұқсайды.

Қағаз бетіне тесіліп Юханнес жазғандарын қайта оқып шықты. Баяғысындай қиял шіркін қайда апарып тыққанын бір құдайдың өзі білсін. Бұл арада ажал мен құйғытып келе жатқан күйменің керегі қанша? Себебі ол өзінің туған өлкесіндегі гүл жайнаған бақты, кәдімгі Құлпы сарай маңындағы бақты сипаттап отырған жоқ па. Міне, жазып отырғаны осы. Рас, қазір кар жамылған бақ өлі сияқты, әйткенмен Юханнес қыс пен қарды емес, көктемгі бақты, жұпар иіс пен самал желді бейнелеп отыр. Кеш. Шығанақтағы су терең де тұңғиық, тура балқыған қорғасын сияқты; сері гүл хош иісін себездеп, шарбақ іші шашылған бүршіктер мен жасыл жапырақтар, ауа тып-тынық, сондықтан шығанақтың арғы бетінде сайраған құстардың да даусы естіліп түр. Бақтың саяжайында Виктория түр, ол жалғыз, үстінде ақ көйлек. Ол бақта түр. Жападан-жалғыз. Күллі раушан шоқтарынан сұңғақ қыз шығанаққа, ормандарға, алыста қалғып тұрған жартастарға көз тастайды. Өзі бір жасыл бақтағы кардай аппақ рух сияқты. Төмендегі жолдан аяқ тықыры естіледі, ол жасыл желек арасына жасырып қойған орындығына келіп отырып, қоршауды шынтақтап, төменге көз тастайды. Жолдағы жүргінші қалпағын шешіп, басы жерге жеткенше тағзым етеді. Ол да оның сәлеміне жауап қатады. Келген кісі айналасын шолып алады, жолда тірі жан жоқ, ол қоршауға қарай бірнеше қадам жасады. Кері шегініп кетіп қыз "жоқ, жоқ!", — деп қолын сілтейді. "Виктория, — дейді ол қызға, — сіздің маған бірде айтқаныңыз қасиетті шындық екен, сіз туралы қиялдауымның қажеті жоқ екен, мүмкін емес нәрсе жөнінде армандаудың не қажеті бар" "Әрине", — дейді қыз. — Ал онда қалайтыныңыз не?" Ол мүлдем жақын келеді, екеуін тек қоршау ғана бөліп тұрады, қызға жауап ретінде "Қалайтыныңыз не дедіңіз бе? — дейді ол — Осы арада небары бір минуттей ғана тұра тұрғым келеді. Ақтық рет. Сізге мүмкіндігінше жақындағым келеді. Міне, мен сізбен тіптен қатар тұрмын". Қыз үндемейді. Бір минут өте шығады. "Тынышты түн" деп ол қалпағын қайта шешеді, бейне онымен жер сыпырардай болып. "Тынышты түн", — деп жауап қатады қыз. Ол артына бұрылып та қарамай кетіп қалады.

Бұл арада ажалдың не қажеті бар? Жазылған парақтарды шиыршықтап Юханнес пешке тастайды. Онда отқа жағылуға тиіс басқа қағаздар да жатыр, кәдімгі қиялдың кемерден асып шашыраған тамшылары ғой бәрі. Міне, ол кездесу сәті таусылғанда "хош болыңыз" деп тағзым еткен жолдағы жүргінші жөнінде тағы жазып отыр. Ал бақта ақ көйлекті жас қыз қалды, ол небары жиырмада ғана. Ол мұның зайыбы болғысы келді, о жоқ, ешқашан. Алайда ол сол қыз туған үйдің қабырғасы түбінде тұрды. Бірде осылай оған бақыт қонғаны бар.

Тағы да апталар зулап, айлар ағып, көктем туды. Қар кетті, күннен айға дейін қар суы сарқырап ағып жатқандай ауа гуіл-шуға толды. Қарлығаштар ұшып келіп, қаланың сыртындағы орманда төрт аяқтылар ерсілі-қарсылы шапқылап, жат тілде түсінісетін құстар өзінше күжілдесті. Жерден мас қылардай хош иіс еседі.

Юханнес қыс бойы жұмыстан бас көтерген жоқ. Күні-түні ырғақ шыңдағандай үйдің қабырғасына теректің қу бұтақтары ұрып тұрушы еді, көктем келісімен жел саябырлап тоқпақ азайды.

Терезені айқара ашып, Юханнес көшеге қарайды. Түн ортасы алыс болғанымен, барлығы сап тыйылған, бұлтсыз аспанда жұлдыздар жымыңдап, бәр-бәрі ертең күн ашық әрі жылы болатынын айғақтап тұрғандай. Ол алыстағы тынышсыз гуілмен астасып жатқан қаланың у-шуына құлақ тосады. Кенет төбе құйқаны шымырлатқан паровоз дабылы естілді, түнгі пойыздың бұл дабылы түнгі тыныштықтағы қораздың жалғыз-жарым айқайына ұқсас. Жұмысқа кірісетін уақыт болды, қыс бойы осынау паровоз дабылы жұмыспен жекпе-жекке шақыру белгісі қызметін атқарды.

Юханнес терезені жауып, қайтадан үстел басына отырады. Ол оқып отырған кітаптарын ысырып тастап, қағазды жақындатып, қолына қалам алады.

Үлкен кітап бітті дерлік, тек соңғы тарауы ғана жетіспей түр — алысқа аттанған кеменің қоштасу сәлемін баяндайтын бұл тарау да баста пісіп түр.

Жол бойындағы трактирде бір адам отыр, жол жөнекей ғана, алыс шалғай өлкелерге бет алып барады сақалы аппақ, өткен жылдар оған өз ізін қалдырған сияқты, сымбатты көрінгенімен, өз жасынан әлдеқайда егде сиқым. Аулада оны күйме күтіп түр, аттарды шалдыруға қойған, көшір көңілді, атшы оны дұрыстап тамақтандырған, тіпті шарап та берген секілді. Ал бейтаныс өз аты-жөнін келіп-кетушілер кітабына жазған да, қожайын оның кім екенін біліп, тағзым етіп, зор құрметпен қабылдады. "Құлпы сарайда енді кім тұрады?" — деп сұрады жүргінші. "Капитан тұрады, — деп жауап берді қожайын, — ол өте бай, ал Құлпы сарайдың қожайыны оның әйелі жұрттың бәріне қайырымды". "Жұрттың бәріне ме? — деп іштей өзінен-өзі сұрайды мейман ғажап жымиып. — Демек, маған да қайырымды болғаны ғой". Мейман отыра қап қағазға бірдеңелер жазып, жазғанын сосын қайта оқиды, бұл салтанатты да ұстамды жыр еді, ішінде бірақ ащы сөздері де жетерлік. Ал сосын келуші жазған парағын дар айырып жыртады, сосын отыра қалып, оны күлше -күлше етіп ұсақтайды. Ал сол екі ортада есік қағылып, сары көйлек киген бір әйел енеді. Ол тор пердесін ашып тастап еді, Құлпы сарайдың қожайыны Виктория ханым болып шықты. Оның сымбаты патшайымнан кем емес. Қонақ орнынан атып тұрды, оның жүзін ішкі бір толқын арайландырып жібергендей. "Сіз жұрттың бәріне қайырымды көрінесіз, — деді ол күйінішпен, — міне, маған да келдіңіз" Ол бұған жауап қатпайды, үнсіз қарап тұра береді, жүзі қызыл қошқыл тартып кетеді. "Сізге не қажет? — деп сұрайды бұрынғы ызамен. — Маған өткенімді еске түсіру үшін келіп тұрған жоқсыз ба? Бірақ біліп қойыңыз, әзиз ханым, біз ақтық рет кездесіп тұрмыз, мен мәңгілікке кетіп барамын. Құлпы сарайдың жас қожайыны бұрынғысынша үндемейді, бірақ ерні дірілдеп тұр. "Бірде есуастығымды мойындағаным сізге аз болды ма? — деп сұрайды ол бұрынғы ызамен — Ал ол аз болса, тағы да мойындайын: өзіңізге мен жүрегімді бергенмін бірақ сізге лайық емеспін. Енді разы сыз ба?" — Ол барған сайын толқи түсіп сөзін жалғастырады. — Сіз мені менсінбей, басқаға тұрмысқа шыққансыз. Мен деревняның дүлейі, жабайы аю жастықпен байқамай корольдің қорығына түсіп кетіппін". Осыны айтып қонақ еңіреп жіберіп, орындыққа құлап түсіп: "Шығыңызшы! Мен бейбақты кешіріп, оз жолыңызбен кете беріңізші!" — деп жалбарынды. Ал әйел әр сөзін шегелей айтып, ақырын сөйледі: "Мен сізді сүйемін, ақыры түсініңізші: жалғыз өзіңізді ғана сүйемін. Қош болыңыз! Сөйтіп жас келіншек бетін қолымен басып, бөлмеден шапшаң шығып кетті.

Қаламын қойып Юханнес орындықтың арқасына шалқая кетті. Сонымен, соңғы, нүкте қойылды. Міне, тоғыз ай еңбектің жемісі, түгел жазылған беттер, тұтас кітап жатыр алдында. Жаны бір жеңілденіп қалды, қуаныш қойынға сыймайды, себебі жұмыс жеріне жеткізілді. Алайда ол таң жарығы себездеген терезеге тесіліп отырғанда, миында соны ойлар бұрқ-бұрқ қайнап қиял дамытыным таппай сан саққа самғап жатты. Жаны желпініп, санасы жиналмаған жемістер мен жердің ыстық буына толы баққа ұқсады.

Бәзбір тылсым күшпен ол көзі тірі түк жоқ ажал алаңынан бір-ақ шықты. Тек алыстан орган үні талып жетеді. Ол органға жақындап келіп шола бастайды, аспап қан-жоса, келіп ойнап көріп еді, бүйір қабырғасынан қан сорғалап түр. Одан әрі жүріп, алаңға келді. Алаң бос, қаңырап қалғып, не бір тал, не бір дыбыс жоқ. Бірақ құмда башмақтардың ізі жатыр, ал ауада әлгінде ғана кеткен адамдардың әлгінде ғана айтқан сөздерінің жаңғырығы әлі тұрғандай. Оны оғаш бір сезім меңдеп, алаң үстіндегі ауада ілініп тұрған сөз жаңғырығы бұны қорқытайын деді. Ол оны қуып салса, қайтадан анталайды бұлар, жалпы сөзді қойып кәдімгідей билеп жүрген сияқты, енді оларды айқын көрді. Олар неге билеп жүр және неге көңілсіз билейді? Осынау қариялар хорынан суық леп еседі, оны олар көрмейді, өйткені олардың көзі көрмейді, бәрі де соқыр, біреулерді шақырмақ болады, бірақ естімейді. Ол одан әрі шығысқа, шығар күнге қарай салпақтап, тауға келеді. "Тау етегінде тұрған сен бе? — деп сұрайды біреудің даусы. "Иә, мен, — деп жауап қатады бұл — Мен таудың етегінде тұрмын. Сонда: "Етегінде сен тұрған тау менің аяғым, — деген дауыс естіледі. — Мен Жердің ең шетінде бұғаулауды жатырмын, кел де мені азат ет!" Сосын ол жолға шығып, жердің шетіне тартады. Көпірде оны бәзбір адам аңдып тұрады, көпірден кім өтсе де ол оның көлеңкесін алып қалады екен. Ол кісі мускустан жасалыпты. Мускус кісіні көргенде оны мұздай суық үрей билеп алады. Көлеңкесін бермеу үшін таласып, оның бетіне түкіріп, жұдырығымен сес көрсетеді, бірақ күзетші айтқанынан қайтпайды, күтеді. "Жалт бұрыл!" деді бұған арт жақтан біреу. Ол айналып қарап, жолмен домалап бара жатқан басты көреді. Жол көрсетіп бара жатқан бұл адам басы ара-тұра үнсіз күледі екен. Ол бастың соңынан салды. Бас күні-түні домалап, ол да соңынан қалмайды; теңіздің жағасында ол кенет жер астына түсіп кетіп, ғайып болады. Ал бұл суға беріп кетіп, сүңги жөнеледі. Міне, ол алып есіктің алдында түр, оны үп-үлкен үретін балық қарсы алады. Балықтың жылқының жалындай жалы бар, ал дағдысы иттікі. Балықтың сыртында Виктория түр. Ол оған қолын

созады, Викторияның үстінде лыпа жоқ, жымиып күледі, шашын желп-желп еткізеді. Сонда оны қатты айқай сап шақырады да, өз даусынан өзі оянып кетеді.

Юханнес тұрып терезеге келеді. Таң әбден ағарып атты, терезелердің арасына ілінген шағын айнадан көзі ісіп, қызарып кеткенін көреді. Шамды сөндіріп таңға елең-алаңда өз кітабының соңғы бетін қайта оқып, ұйықтағалы жатады.

Сол күні кешкісін Юханнес пәтер үшін есеп айырысып, қолжазбасын баспагерге тапсырып қаладан кетіп қалды. Ол шетелге аттанды — қайда кеткенін ешкім білген жоқ.

VI

Үлкен кітап жарыққа шықты — құбылмалы көңіл күйлерінің, дыбыстар мен үндердің кішкентай ғана әлемі, тұтас бір патшалығы десе де болар оны. Кітапты таласа сатып алып, кейінге қалдырып, жабыла оқып жатты жұрт. Тағы да бірнеше ай өтті. Күзге қарай Юханнес жаңа кітап шығарды. Енді оның есімі бәрінің аузында жүрді, табыс деген осы. Жаңа кітапты ол үйреншікті жағдайдан тыс жат жерде жазды, сондығынан ба екен, көп тұрған шараптай шымыр, мығым шықты.

"Қымбатты оқырман, алдарыңыздағы Дидерик пен Изелина жайындағы хикая. Ол бір шат-шадыман бақытты кезеңді, кез келген жүк жеңіл көрінетін болмашы шер-мұң шағында жазылды. Бұл жаратқан жалғыздың өзі махаббатпен жарадар еткен Дидерик туралы хикая".

Юханнес шетелде тұрды, бірақ қайда тұрғанын ешкім білген жоқ. Қайда тұрғанын білу үшін жылдан астам уақыт кетті.

— Біреу есік қағып тұрған жоқ па? — деді бірде кешкілік қарт диірменші.

Әйелі екеуі де үндемей, құлақ тоса қалады.

— Жоға, ешкім жоқ қой, — дейді әйелі. — Сағат он болып қалды, көз байлануға жақын.

Арада бірнеше минут өтті.

Есік тарсылдады — бұл жолы батылдыққа енді мінгендей қаттырақ қақты. Диірменші есік ашты. Табалдырықта Құлпы сарай қожасының қызы тұр екен.

— Қорықпаңыздар, бұл мен ғой, — дейді ол, өзі ұялып жымиып. Ол бөлмеге кірді, орындық ұсынылып еді, отырмады. Иығында тек жылы орамал ғана, азғындағысы үсті ашық туфли, көктем әлі күшіне кірмей, жер лайсаң болып жатқанын елемеген сыңайлы.

— Сіздерге әдейі ескертейін деп едім, көктемде мұнда менің атастырған күйеуім-лейтенант келеді. Шамасы, ол бұл жақтан жылқышы сияқты құстарды ататын болса керек. Сіздерді содан шошып қалмасын деп әдейі ескерткелі келіп едім.

Диірменші мен әйелі Викторияға таңырқап қарайды. Келген қонақтары орман мен шабындықтардағы құстарды қырып-жойып атып жатқанда бұларға ескерте салу Құлпы сарай қожаларының ғадетінде жоқ еді. Олар оған "Қайырымдылығыңыз үшін рахмет!" деп бас ұрып алғыс айтады.

Виктория есікке қарай бұрылады.

— Тек сол үшін ғана келіп едім. Шау тартқан кісілерсіз, ертерек айтып қойғаным дұрыс болар деп ойладым.

— Біздер үшін алаңдағаныңызға, рахмет, бикеш! Туфлиіңіз су болып қалмады ма екен, — деп диірменші бәйек болды.

— Жоқ, жол құрғақ, — дейді ол қысқа ғана. — Оның үстіне ептеп жүріп қайтайын дегенім ғой. Тынышты түн.

— Тынышты түн.

Ол серіппе темірін тартып есікті ашады да, кенет табалдырықтан жалт бұрылып:

— Иә, Юханнес ше? Сіздер одан еш хабар алмадыңыздар ма? — деп сұрады.

— Жоқ, хабар жоқ. Жақсы лебізіңіз үшін рахмет, бикеш. Хабар келген жоқ.

— Шамасы ол таяуда келетін шығар. Мен сіздерге хабар берген болар деп ойлап едім.

— Жоқ, өткен көктемнен бері бізге ештеңе жазған жоқ. Зайыры, ол шетелде болуы керек.

— Иә, оның шетелде жүргенін білемін. Онда оған жақсы болуы керек. Оны кітабында да жазып жатыр, — ол үшін болмашы шер-мұңның шағы туған секілді. Демек, оған жақсы.

— Oh, бере гөр тәңірім! Біз оны күтіп отырмыз. Тек ол бізге жазбайды, жалпы ешкімге де жазбайды. Ал біз күтудеміз.

— Демек, күйзелісі түкке тұрғысыз болса, ол жақта қазір оған жақсы болғаны. Қайда дұрыс екенін өзі біледі ғой. Мен тек оның көктемде келер-келмесін білмекші едім. Тағы да тынышты түн.

Диірменші мен әйелі оны табалдырыққа дейін шығарып салып, соңынан қарап тұрды, ол басын асқақ ұстап, ашық туфлиімен былғаныш жолда шалшықтарды айналып өтіп Құлпы сарайға қарай кетіп бара жатты.

Ал арада екі күн өткенде Юханнестен хат келді. Ол тағы да бір кітабын бітіре салысымен екі ай шамасында үйге оралады. Осы ұзақ мерзімнің ішінде шаруасы жақсы жүріпті, таяуда өзі жана еңбегін аяқтамақ. Онда ол өзінің ой-қиялына ерік берген сыңайлы.

Диірменші Құлпы сарайға бара жатыр. Жолдан ол Викторияның таңбасы бар орамалын тауып алды, оны ол бұрнағы күні кешкісін түсіріп алса керек.

Бикеш жоғарыда екен. Үй ұстаушы бұдан не шаруасы барын баяндап беруін талап етеді. Бұл рахмет айтып, күте тұратынын білдіріп отыра береді.

Ақыры, қожайынның қызы төмен түседі.

— Мені көргіңіз келіп пе еді? — деп сұраған ол қарияға көрші бөлменің есігін ашады.

Диірменші оған жақындап кеп, қол орамалын ұсынды.

— Бұған қоса біз Юханнестен хат та алдық, — дейді.

Бір сәтте, қысқа ғана мезетке қыздың жүзін қуаныш арайландырып, ол:

— Рахмет, бұл шын мәнінде де менің орамалым, — дейді.

— Ол үйге келе жатыр, — дейді диірменші сыбырлағандай етіп.

Қыз немқұрайды рай танытады.

— Қаттырақ айтыңызшы, диірменші. Кім келе жатыр дейсіз? — деп сұрайды ол

— Юханнес.

— Юханнес пе? Ал онда не тур?

— Жә, жоқ, мен әншейін ғана. Біз сізге айту керек шығар деп ойлағанымыз да. Әйеліміз екеуміз әрі ойланып, бері ойланып, сондай байламға келгеніміз ғой. Бұрнағы күні өзіңіз көктемде келмей ме, деп сұраған едіңіз. Демек, міне енді келгелі жатыр.

— Сіздер тегі қуанышты шығарсыздар? — деп ежіктейді қожайынның қызы. — Ол қашан келмекші?

— Бір айдан соң.

— Солай деңіз! Бары осы ма?

— Әрине, сіз өзіңіз сұраған соң, біздің жай ойлаганымыз да... Бар болғаны осы. Басқа ештеңе де жоқ.

Диірменші даусын қайта баяулатты.

Қыз оны есіктің аузына дейін шығарып салды. Дәлізде олар қыздың әкесімен ұшырасып қалды, қыз соз арасы ғып даусын көтеpiп, немқұрайдылау ғана:

— Білесіз бе, Юханнес ұзамай үйіне қайтып оралмақ, дейді диірменші. Юханнес есіңізде бар шығар.

Ал диірменші Құлпы сарайдың қақпасынан шыға салысымен өзінше құдайға сиынып, бұдан былай бұл жалғанда ешқашан ашықауыз аңқау болмасқа, бірдеңе біл еді-ау деп ойлаған күннің өзінде де әйелінің тілін алмасқа ант берді. Қазір оған бәрін ол бетіне айтпақ.

VII

Диірмен бөгеніндегі осынау сұңғақ шетенді бір кезде ол қармақтың сабы үшін кесіп алмақ еді. Одан бері талай заман өтті, қазір ол діңі жеңді білектей ағаш. Ол оған айнала таңырқай қарап, әрі қарай кетті.

Өзеннің жоғары ағысы бойында қырыққұлақтың ұйысқан қалың шоғы, тұтас тоғай, бар, мал осы арадан сүрлеу салып алып, қырыққұлақ жапырақтары үстінен тұтаса өсіп, оны дарбазаға айналдырып жіберген сияқты. Юханнес бала кезінде осы наудан жапырақтарды қолымен ысырып, аяғын абайлай аттап, өзіне жол салып алатын. Шыбын-шіркейлер мен кесірткелер алыптың аяғынан жан-жаққа түсіп жататын.

Жоғарыда тас кеніштің ескі орнында Назгүл, шегіргүл және шомырт шешек атып гүлдеп түр екен. Ол гүлдерді жұлғанда таныс иістері өткен күндеріне оралтты. Алыста көрші деревняның қырқасы көгілдір тартып тұр, шығанақтың келесі жағасында көкек сұңқылдайды.

Ол тасқа отырып, аздан соң әндете бастады. Төменде соқпақтан аяқ дыбысы шықты.

Кешқұрым, күн ұясына қонған кез, алайда күндізгі аптаптың табы ауадан әлі айыққан жоқ. Ормандар, адырлар мен шығанақ шексіз бір тыныштықпен дамылдап жатыр. Соқпақпен тас кенішке қарай бір әйел жақындап келеді. Бұл Виктория еді. Оның қолында себеті бар.

Юханнес орнынан тұрып, басын изеп, кетуге ыңғайланды.

— Сізге бөгет жасамақ ойым жоқ, — деді ол. — Осы арадан бір гүлдер үзіп алмақ едім.

Ол жауап қатқан жоқ. Оның ойына қыздың өз бағында гүлдердің неше атасы бар екені келмеді.

— Мен өзіммен себет ала келдім, — деп сөзін жалғастырды ол. — Бірақ мен теретін ештеңе таба алмай жүрмеймін бе. Бұлар қонақтардың үстеліне қою үшін керек еді. Бізге қонақтар келмекші.

— Міне, Разгүл мен шегіргүл, — деді Юханнес. — Ал жоғарғы жақта құлмақ өседі. Бірақ құлмақтың шешек жаруына әлі ертерек шығар.

— Сіз мен көргеннен бері бозарыңқырап кетіпсіз, — деді қыз. — Ол бұдан екі жыл бұрын болып еді ғой. Маған сіз кетіп қалған деді. Сіздің, кітаптарыңызды оқыдым.

Ол бұрынғысынша жауап қатқан жоқ. Тіпті. "Жолыққанша, бикеш!" деп қоштасып кетіп қалуды да ойлады. Өзі жерден келесі тасқа дейін бір-ақ метр, одан әрі бір метрдей соқпақ, соған түссе қырқадан төмен тарту оңай. Алайда мұның жолын ол тасалап тұр. Оның үстінде сары көйлек, басында қызыл қалпақ, мойны ашық тамаша да тылсым жаратылыс.

— Мен сіздің өтуіңізге бөгет болып тұрмын ба? — деп міңгірледі бұл, сосын сәл төмен түсті. Өзін-өзі билеп, толқығанын білдірмеуге тырысты.

Енді оларды небары бір-ақ қадам бөліп тұрды. Алайда ысырылып жол беру қыздың ойында да жоқ. Көздері шарпысып қалды. Кенет қыз қызарып кетіп, назарын төмен түсіріп, бір жағына қарай ысырылды, күліп тұрғанына қарамастан жүзінде сасқалақтау бар.

Ол оның жанынан өте беріп тоқтады, қыздың мұңлы күлкісі қайран қалдырады, жүрегі қайтадан жұлқып-жұлқып кетті, бір соған қарай құлшынды, лажсыздан басына сап еткен алғашқы сөзді айта салды.

— Шамасы, содан бері қалада жиі болып жүрген шығарсыз. Содан бері, әлгі... Бұрнағы жылдары гүлдер қай жерде көп болғаны енді ғана есіме түсті, біздің жалау қадайтын қырқамыздың айналасында көп болатын.

Қыз оған бұрылып қарағанда, толқып, бозарып кеткеніне таңырқады.

— Өтінемін, біздікіне келіңіз, — деді ол — Қонақтар келгенде бірге болыңыз. Біз қонақ тосып отырмыз, — деп сөзін жалғастырғанда беті қайта қызарып кетті. — Қаладан бәзбіреулер келмекші. Ол осы таяудағы күндері болады, нақты қашан екенін өзім хабарлаймын. Айтсаңшы, келесіз бе?

Ол жауап қатқан жоқ. Қыз қонақтарының ортасы оның орны емес, олармен және қауымдаса алмайды.

— Бас тартпаңыз, өтінемін сізден. Сіз зерікпейтін боласыз, оның бәрін ойластырып қойдым, сізге әзірлеген сыйым бар.

Үнсіздік.

— Сіз мені ешқандай сый-сыяпатпен таңдандыра алмайсыз.

Қыз ернін тістеді, мұңлы күлкі жүзінен тағы жүгіріп өтті.

— Менен енді не қалайсыз? — деп сұрады ол үн шығармай.

— Сізден маған ештеңенің де қажеті жоқ, Виктория бикеш. Мен мұнда әншейін ғана таста отырғанмын, кетуге де әзірмін.

— Мен орманда күні бойын қыдырып, міне осында келіп тұрмын. Өзен бойлап та қыдыруыма болатын еді, бірақ онда бұл араға келе алмайтын едім, мұнда тура...

— Сүйікті бикеш, бұл орман менікі емес, сіздікі ғой.

— Баяғыда бір мен сізге кесел келтірдім, Юханнес, соны түзейін, өз кінәмді жуайын деген едім. Мен шынында да сізге сый әзірлеп қойдым... оған сіз қуанарсыз деп ойлаймын. Бұдан артық және ештеңе айта алмаймын Дегенмен, сіздің біздікіне келуіңізді өтініп сұраймын.

— Сізге бұл сүйініш әкелетін болса, келейін

— Келесіз бе?

— Иә, шақырғаныңыз үшін рахмет!

Соқпақпен ол орманға түсіп, кері бұрылып қарады. Қыз тасқа отырды, себеті қасында түр. Юханнес үйге бармай, жолмен ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Миында мың сан ой быжынап жатыр. Ойда жоқ бұл неткен сый? Оны өзі айтты, осыдан бір минут қана бұрын айтты және дауысында діріл бар. Тебіреністі бір қуаныш лап ете қалып, дүрс-дүрс соққан жүрек қабырғаларын тоқпақтайды, оған бір қанат біткендей көрінді. Бәлкім, ол бүгін сары көйлекті тегін де кимеген шығар. Ол оның қолына да қарап үлгерді, өткен жолы одан сақина көріп еді, бүгін онысы жоқ екен.

Бір сағаттай уақыт өтті. Орман мен жердің бусанған буы оны құндақтап алып, өкпесі мен жүрегіне сіңді. Ол отырып, шалқалай беріп екі қолын айқастырып желкесіне төседі, келесі жақтағы көкек үніне құлақ тосты. Ауа құйқылжыған құстар әуеніне толып кетті.

Міне, бәрі де қайтадан басталды. Ол өзінің сары көйлегімен, һәм қандай қызыл қалпағымен тас кеніштен көрінгенде тастан тасқа қонып жүрген көбелекке ұқсады. Кенет ол бұның алдына кеп тоқтады. "Менің сізге бөгет болмақ ойым жоқ еді" деп жымиғанда, ерні қып-қызыл еді, бүкіл беті алау атып, жанарынан жұлдыздар шашырап тұрғандай. Мойнында жіңішке көгілдір тамырлар пайда болыпты, көзінің алдындағы бірер секпіл бетіне бір жылылық ұялатқан сияқты. Оның жасы енді жиырмада.

Сый дейді? Ондағы ойлағаны не екен? Бәлкім, оған өз кітаптарын көрсетер — алдына екі-үш томды қойып, оларды сатып алғанымен қуантар, кейбір қажет тұсын қиып алып та сақтап жүрген шығар. Міне сізге деген көңіл қуанышы мен жұбанышының бір белгісі, қабыл алыңыз, өтінемін, деп тұрар. Менің қарапайым қайырымыма мұрын шүйіре көрмеңіз, дер ме екен?

Ол атып тұрып, қақия қалды. Виктория кері қайтып бара жатыр екен, себеті бос.

— Сіз гүл таба алмағансыз ба? — деп сұрады бұл өз ойымен өзі болып тұрып.

— Жә, жоқ. Оны іздеген де жоқпын, әншейін таста отырдым.

— Айтқандай, сіздің есіңізге салайын деп едім, — деп соз сабақтады бұл — Маған әлде бір кесел келтірдім-ау деп ойламаңызшы, өтінемін. Сізге ештеңе жуудың да, мені жұбатудың да қажеті жоқ.

— Мәселе онда емес, — деді қыз абыржыңқырап. Сосын ғана бәз бірдеңе ойлап, оған тесіле қарады да ойға шомды. — Мүлдем ол жайында емес. Онда маған жай ғана солай көрінген... Сол жолы болған оқиға үшін маған өкпе-наз сақтамасын дегенім ғой.

— Мен сізге өкпе сақтамаймын.

Қыз тағы да аз-кем ойланды. Кенет кілт тіктеніп алды.

— Онда не, олай болса тіптен жақсы, — деді ол — Маған бұл алда сабақ. Ол сіз үшін оншалық қайғы да болмапты ғой. Бұл жайында енді жететін шығар.

— Сіздің ойлағаныңыз болсын. Менің шер-мұңыма бұрынғыдай қазір де селқос қарайтын сияқтысыз ғой.

— Жолыққанша, — дейді қыз.— Жолыққанша.

— Жолыққанша, — деді бұл

Әрқайсы оз жолымен тарасты. Ол тоқтап, артына бұрылды. Міне, ол келе жатыр. Бұл қолын созып, оның сыртынан естілер-естілмес етіп: "Мен сізге өкпе сақтамаймын, жо-жоқ, ешқашан сақтамаймын. Мен сізді сүйемін", — деп сыбырлады. Кенет ізінше "Виктория!" деп айқай салды.

Ол естіді, дір ете қалып, жалт қарады, бірақ тоқтаған жоқ.

Арада бірнеше күн өтті. Юханнестің мүлдем мазасы кетті, ол жұмыс та істеген жоқ, ұйықтаған да жоқ, бар күнін дерлік орманда өткізді. Бірде ол қарағай өскен қырқаға көтерілді, Құлпы сарайдың ту қадайтын тұғырына жалау ілініп қалыпты. Құлпы сарайдың дөңгелек мұнарасының басында да жалау желбірейді.

Қызық бір толқу бойын биледі. Құлпы сарайға қонақтар келеді, онда мейрам болады.

Күн ыстық еді, аптаптан томсарып қалған қырқалардың ортасынан тамыр құсап тарамданып өзен ағып жатыр. Ізінен суда ақ көбік атқан желдеткіш тастап пароход жағаға жақындап келеді. Құлпы сарайдың ауласынан төрт күйме шығып, кемежайға құлдырады.

Пароход тоқтап, одан түскен мырзалар мен ханымдар жағаға шығып, арбаларға жайғасты. Құлпы сарайдың мұнарасынан әлсін-әлсін мылтық атылды онда аңшы мылтығымен тұрған екі еркек оқтап алады да атады, оқтап алады да атады. Жиырма бірінші атуда күймелер Құлпы сарай ауласына кірді де, атыс тоқтады.

Айтқаны айтқан, Құлпы сарайда мейрам болады, қонақтарды жалаулармен, салютпен қарсылап жатыр. Күймелерде бәзбір әскерилер отыр, олардың арасында лейтенант Отто да болуы мүмкін.

Юханнес қырқадан түсіп үйіне кетті. Оны Құлпы сарайдың бір кісісі қуып жетті. Ол бас киіміне жасырып хат алып келіпті. Хат Виктория бикештен екен, жауап күтеді.

Хатты Юханнес жүрегі дүрс-дүрс соға отырып оқып шықты. Виктория өзінің шақыруын нығарлай түсіп, жүрекжарды сөздерін айтып, Юханнестің қайткенмен де келуін өтініпті. Атап айтқанда, оны дәл бүгінгі мерекеге шақырғысы келген екен. Хат тасушы арқылы жауабын беруді сұрапты.

Юханнеске, міне, осындай ойламаған, күтпеген бақыт кенеттен тап келді, қаны бетіне ойнап шыға кеп, хат тасушыға рахмет, қазір табан аузында келемін деп жауап берді.

— Міне, сізге, алыңыз.

Ол хат тасушыға жомарт шайлық беріп, киінгелі үйіне қарай жүгірді.

VIII

Өз өмірінде ол түңғыш рет Құлпы сарайдың табалдырығын аттап, баспалдақпен екінші тәжге көтерілді. Қонақжайда гүрілдеген дауыстар, жүрегі жиі соғып, ол есік қақты да ішке кірді.

Құлпы сарайдың қожайыны әлі жас әйел оған қарсы жүріп, ілтипатпен сәлемдесіп оның қолын қысты. Ең жақсысы ол мұны құйтақандай күнінен біледі екен, ал қазір бұл қалай үлкен болып өскен. Құлпы сарай қожайыны тағы да бірдеңелер айтпақ болып, оның қолын босатпай, сынай қарады.

Құлпы сарай қожайыны да келіп Юханнеске қолын ұсынды. Әйелінің айтқаны дұрыс — қазір бұл соқтауылдай жігіт. Және мәселе жаста да емес. Қазір ол белгілі адам. Оған өте қуанышты...

Юханнесті қонақтарға: барлық ордендерін саусылдатып тағып келген камергерге, оның зайыбына, көрші қожалықтың иесіне, лейтенант Оттоға таныстырды. Виктория көрінген жоқ.

Бірқауым уақыт өтті. Өңі қуқыл тартып қымсына қысылған Виктория кірді; ол бір үлбіреген жап-жас қызды жетелей келді. Олар бүкіл залды аралап, отырғандардың барлығымен амандасып, әрқайсымен сөз қатысып шықты. Сосын Юханнестің алдына келіп тоқтады.

Виктория оған жымия күліп тіл қатты:

— Ал мынау Камила, осының өзі бір сый емес пе! Сіздер таныс болсаңыздар керек.

Ол екеуіне де кезек көз тастап біраз тұрды да қонақжайдан шығып кетті.

Күтпегендіктен алғашқы сәтте Юханнестің тілі таңдайына жабысып қалғандай болды. Міне, қандай сый — Виктория жүрегінің жомарттығымен өзінің орынбасарын іздеп тапқан екен ғой. Сүйікті достар, өтінемін, Сіздерге жарастық пен махаббат тілеймін, деп кетті-ау. Көктем гүлге оранып, күн күлімдеп түр. Қажет болса, терезелерді ашып тастаңыздар, өйткені бак хош иіске толып түр, қайыңдардың басына қара торғайлар ұя салып жатыр. Ал, неге үнсіз тұрсыздар. Бір-бірімізге күле қараңыздаршы!

—Әрине, біз таныспыз, — деді қысылып қымтырылмай Камила. — Баяғыда осы жерлерде сіз мені судан аман алып шыққансыз.

Ол уылжыған жас, өзі аппақ, көңілді көрінеді, үстінде қызғылт көйлегі бар, жасы он жетіден жаңа ғана асқан. Өзіне-өзі келіп Юханнес күліп-ойнап, әзіл-қалжың айта бастады. Алайда қыздың қуанышты шырылын естіп ол шынында да аздап жанданып, екеуі біраз әңгімелесті, жүрегі орнына түсіп, біркелкі соға бастады. Қыз өзінің сүйікті балалық дағдысын сақтап, басын бір жағына қисайта береді екен, әсіресе бұл сөйлегенде құлағын түріп, сол қылығын көбірек қайталады. Бұл оны таныды — бірақ анау айтқан сый болған жоқ.

Виктория залға қайта-қайта кіріп, лейтенантты кодтығынан алып Юханнеске ап келді:

— Сіз менің болашақ күйеуім Оттоны танитын шығарсыз? Рас, бұл сіздің есіңізде болуы керек.

Жігіттер бірін-бірі таныды. Олар жағдайға лайық сөздермен һәм сәлеммен алмасып тарасты. Юханнес пен Виктория оңаша қалды.

— Сіздің уәде еткен сыйыңыз осы ма? — деп сұрады ол.

— Иә, — деп асықпай, бірақ өкінішпен жауап қатты қыз. — Қолымнан келгенінің бәрін жасадым, бұдан артық ештеңе істей алмаймын. Бұрти маңыз, қайта маған алғыс айтыңыз. Қуанып қалғаныңызды көрдім мен.

— Рахмет сізге. Қуануын қуанып қалдым.

Юханнес тығырықты торуыл шеңгелдеп, бетінің бүкіл қаны қашып кетті. Шындықтың аты шындық, ол бағзы бірде кесір келтіргені анық, ал оның есесіне қазір сондай жомарттықпен сый тартып, өз кінәсын жуып-шайып жатыр. Оған бұл бар жанымен разы.

—Бүгін сақина салып алғаныңызды көріп тұрмын, — деді баяу ғана. — Енді қайтып оны қолыңыздан алмаңыз.

Сәл үнсіздіктен кейін ол:

— Енді оны өзім де алмаймын, — деді.

Олар бір-біріне тесіле қарады. Оның ерні дірілдеп, иегімен лейтенантты нұсқап қырылдаңкырап:

— Талғамыңыз жақсы екен, Виктория бикеш. Сұлу еркек, Эполетпен иығы да кең көрінеді, — деп дүңк етті.

Қыз асқан сабырмен жауап қайырды:

—Жоқ, ол жалпы сұлу емес. Оның есесіне бірақ жақсы тәрбиеленген. Мұның да біраз маңызы болуға керек.

— Бұл менің бақшама лақтырылған тас қой. Рахмет! — Ол дауыстай күліп, албаты сөз айтты:

— Оның үстіне қалталары ақшаға сықалған, ал мұның маңызы бәрінен де күшті десеңізші.

Қыз одан бірден-ақ шегініп кетті.

Ол мазасызданып қонақжайда сенделіп жүрді де қойды. Камила оған бірдеңелер айтып, бірдеңелер сұрап еді, ол тыңдаған да, жауап та берген жоқ. Қыз тағы да бірдеңе айтып, тіпті қолынан да түртіп, сұрағын қайталап, жауабын ала алмады.

— Ол не туралы ойлап тур десеңші! — деді қыз даусын шығара күліп. — Бағанадан бері ойдан бір арылған емес.

— Оның жалғыз ғана болғысы келеді, — деп үн қосты Виктория. — Ол мені де қуып жіберді. — Кенет ол Юханнеске тақалып келіп, даусын көтеріңкірей сөзін жалғастырды. — Шамасы сіз менің алдымда қалай дұрыстап кешірім сұрауды ойлап тұрған шығарсыз. Әуре болмаңыз. Қайта тым кеш шақыртқаным үшін кешірімді мен сұрауым керек. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен әбестік. Соңғы сәтте ғана қарманғаным — сізді мүлдем ұмытып кетіппін. Әйткенмен, мені кешірерсіз деп сенемін, менің сізден басқа да шаруам бастан асып жатыр. Ол абыржып Викторияға қадалды да қалды. Камила таңданып көзін бірінен соң біріне кезек тастады. Виктория оның алдында боп-боз болып, тып-тыныш тур, алайда жүзінен бір разылық рай танылады. Кегі қайтты ғой.

— Қазіргі еркектер осындай енді, — деп сөз сабақтап ол Камилаға қарады. — Олардан тым коп талап етуге болмайды. Анау арада менің күйеуім отыр, есіл-дерті бұлан аулауға шығу, ал мұнда ақын түр оз ойымен өзі... Бірдеңе айтсаңыз, ақын-ау.

Ол дір ете қалды, шекесінің тамырлары білеуленіп кетті.

— Ә, солай ма! Сіз менен бірдеңе айт деп сұрап тұрсыз ба? Мұрсат етіңіз.

— О, жоқ, әуре болмай-ақ қойыңыз.

Осыны айтып, кетер ыңғай танытты.

— Іске бірден кірісу үшін ұзын арқан, кең тұсауға салмай айтыңызшы, — деп жымиып сөз бастаған оның даусы дірілдей шықты, — айтыңызшы таяуда ғана сіз ғашық болған жоқ ма едіңіз, Виктория бикеш? Бірнеше секунд өлі тыныштық орнады, бірге тұрғам үшеуі де жүректерінің қалай соққанын естіді. Үрейі ұшқан Камила жауап бергенше асықты: — Иә, әрине, Виктория өзінің күйеуіне ғашық болған. Олар таяуда некелесті ғой, оны сіз білмеуші ме едіңіз. Асхананың есігі айқара ашылды. Юханнес үстел басындағы өз орнын тауып, сол тұсқа аялдады. Көз алдында үстел шыр айналып сырғанап жүрген секілденді, қабындаған таныс-бейтаныс жүздер, гуілдеген, гүжілдеген үндер. — Өтінемін, отырыңыз, осы сіздің орныңыз, — деп қожайым ілтипат көрсетіп жатыр. — Дастарқан басына бәрі де отыратын уақыт болды.

— Кешіріңіз, — деген Викторияның даусы Юханнестің ту сыртынан шықты.

Ол жылжып жол берді.

Қыз Юханнестің кәртішкесін алып үстелдің шет жағына қарай, шеттен жеті аспап бері, бір кезде Құлпы сарайдың отбасы ұстазы болған, ішуге құмарлау қартаң кісімен қатар қойды. Ол арадағы кәртішкені Юханнестің қағазын алған жерге апарды да, оз орнына барып отырды.

Юханнес бәрін көрді. Қысылған қожайын асыға басып үстелдің басқа басына барып, дастарқан мәзірін реттесіп кетті. Ондағысы бұның көзіне түспеу.

Абыржыңқырап ыңғайсызданып қалған Юханнес сенделіп өзінің жаңа орнына тартты, ол бұған белгіленген орынға Дитлефтің қаладан келген досы, жейдесінде жауһар зәпөнкесі бар жас жігіт жайғасты. Оның сол жағында Виктория, оң жағында Камила отырды.

Қонақасы басталды.

Қарт мұғалім Юханнесті сәби күнінен біледі, әңгімелері тез жарасып кетті. Мұғалім жас кезінде өзі де өлең жазғанын, қолжазбаларының әлі де сақтаулы екенін, реті келгенде оларды Юханнеске көрсететінін айтты. Бүгін оны Құлпы сарайға Викторияның атастырылуына байланысты отбасы салтанатына, ортақ қуанышқа шақырғанын айтты. Құлпы сарайдың иелері ежелгі достық салтымен оған осындай сый-құрмет көрсетіп отыр екен.

— Сіздің кітаптарыңызды оқығаным жоқ, — деді ол Юханнеске. — Оқуға бір ынтам оянғанда өз шығармаларымды оқимын. Үстелімнің тартпасында әңгімелерім мен өлеңдерім толып жатыр. Олар өзім өлгеннен кейін басылады. Оқырман қауым менің қандай адам болғанымды білсін Иә, айтары не, ескі үрдістің жазушылары біз бүгінгі жастардай емес, жазғандарымызды жариялауға асықпайтынбыз. Ал сіздің денсаулығыңыз үшін! Думан жалғасты Құлпы сарай қожайыны бокалын дыңғырлатып, орнынан көтерілді. Оның өктем, ашаң өңінде толқу бар — зайыры ол өзін өте бақытты сезінетін сияқты. Юханнестің басы салбырап кетті. Оның бокалы бос, оған ешкім шарап құйған жоқ; ол оз бокалын өзі шүпілдетіп толтырды да үстелдің астына қайта тұқырды. Міне, гәп қайда! Қожайын тілін безеп ұзақ сөйледі, оның сөзі қуанышпен қошемет теліп отырды — той жарияланды. Дастарқанның айналасынан түгел құлпы сарай қожайынының қызы мен камергердің ұлына құттықтаулар жауып кетті. Юханнес өз бокалын тартып салды. Әу демнен соң оның асып-сасып абыржуы басылып, өзіне-өзі келіп, көңілі орнықты; шампан шарабы аялы жылумен тамыр-тамырына тарады. Ол камергердің қалай соз алғанын естіді, "ура" мен "браво" деген айқайлар тағы да құлақ тұндырды. Бір рет бұл Викторияға көз тастады, ол бозарып еңсесі түсіп, көзін төмен салып отыр екен. Оның есесіне оған Камила бас изеп, жымия қарайды, бұл да оған бас изеп жауап қатты. Ал бұның көршісі мұғалім әлі сөйлеп отыр: — Мынау қос өндір жастың некелесіп қосылуы қандай қуаныш десейші, қуаныш қой. Маған тағдыр басқа жолды жазды. Жастық шағымызда студент болдым. Болашағы зор сирек дарын иесі деп жүрді. Әкем текті әулеттің тумасы еді, дәулетіміз асып-тасып жатты, ақша дегеніңіз пішен, кемелерде қисап жоқ. Демек, болашағымыздың көкжиегі көрім еді. Ол да жас, жақсы отбасынан шыққан қыз болатын. Келдім де жүрегімді жайып салдым. Жоқ, деді ол Сіз мұны түсіне аласыз ба? Жоқ, қаламаймын деп қарап отыр. Амал қанша, қолымнан келгенінің бәрін жасадым — кәдімгі ер адамша соққының бәрін көтердім, оқуымды одан әрі жалғастырдым. Сол екі ортада әкем үшін қиын күндер туды, кеме апаты, вексель — қысқартып айтқанда, ол банкрот болды. Мен не істейін? Бұл соққыны да көтердім. Ал оның есесіне қыз үр жаңа болып өзгеріп қалды. Ол біздің қалаға оралып, маған келіп жүрді. Қалай ойлайсыз, одан маған не керек еді? Мен кедейленіп, мұғалім болдым, келешекке деген үміттің бөрі дала өлеңдерім жазу үстелінің жәшігінде шашылып жатыр. Келіседі. Мұғалім Юханнеске қарап: — Сіз оны түсіне аласыз ба? — деп сұрады.

— Ал бұл жолы сіз өзіңіз келіспеген шығарсыз?

— Айтыңызшы құдайшылығын, мен оның жақсы көзі үшін қалай келісе қоямын? Мен ашпын, жалаңашпын, мұғалімнің жалақысы деген не, қорқорға арзан темекі іздейсің, оның өзін де жексенбі күндері тартасың. Енді менің не істеуім керек? Оны да өзімдей кедейлікке душар ете алмаймын ғой. Жауабын өзіңіз беріңізші: сіз оны түсіне алар ма едіңіз?

— Оның жағдайы кейін қалай болды?

— Тәйірі алсын, сіз менің сауалыма жауап бермейсіз ғой. Ол бір капитанға тұрмысқа шықты, және артиллерия капитанына. Бір жылдан кейін. Сіздің денсаулығыңыз үшін!

— Жанашырлығына зәру адамды іздейтін әйелдер болады дейді. Еркектің бақытты кезінде оны жеккөріп, өзін басы артық санайтын, ал оны қырсық шалып, кесапатқа ұшыраса, мен сендікпін деп шыға келетін көрінеді.

— Алайда ол менің бақытты күндерімде неге кеудемнен итерді? Менің болашағымның сұлбасы мұрагер ханзададан кем емес еді ғой.

— Кім білсін. Демек, ол басыңыздың иілгенін күтіп жүрген болар.

— Бірақ мен басымды имедім. Бір рет те. Өзімнің тәкаппарлығымнан танбай, одан бас тарттым. Бұған сіз не айтасыз?

Юханнес үндеген жоқ.

— Бәлкім, сіздің айтқаныңыз дұрыс та шығар, — деп карт мұғалім сөзін жалғады. — Жаратқан Құдай тағаланың, оның аспандағы шадияларының атынан ант етемін, сіздің айтқаныңыз дұрыс, — деп тағы да тартып салды. — Ақыр аяғында, ол аяқшыдай күтіп, аузына қасықпен ас тосып сәбидей азықтандыру үшін, бүкіл үйге билік жүргізу үшін кәрі капитанға тұрмысқа шықты. Бұрынғы артиллерия капитанына шықты.

Юханнес басын көтерді. Виктория қолындағы бокалын сығымдай ұстап тура бұған қарап отыр екен. Сосын ол бокалын жоғары көтерді. Бұл да дүр сілкініп бокалын ұстады, бірақ қолы дірілдеп кетті.

Сонда қыз күліп жіберіп, бұның көршісіне тіл қатты. Көршісі кәдімгі қарт мұғалім.

Ұялас тапқан Юханнес бокалын үстелге қойып, абдырап, дәрменсіздіктен жымиып күлді. Қонақтардың бәрі соған көз тікті.

Қарт мұғалім шәкірт қызының жылы лебізіне қатты тебіренді. Бокалын басына асығыс бір-ақ төңкерді.

— Міне, мен қарттыққа да жеттім, — деп сөзін жалғастырды. — Бұл дүниеде жападан-жалғыз беймәлім болып қаңғып жүрмін. Тағдыр маған осылай жазды. Ешбір жан менің кеудемде не жасырынып жатқанын білмейді, ешбір жан менің назаланғанымды естіген емес. Алысқа ұзап қайтеміз — батпақшы құсты бақылағандарыңыз бар ма? Сол мұңлық ешқашан мөлдір, таза жағадан қашан оны лайлағанша су ішпейді ғой.

— Жоқ, бұны мен білмейді екенмін.

— Өкінішті-ақ. Әйткенмен де ол осылай, мен де сол сияқтымын. Мен өзім қалағанымды әйел етіп алғаным жоқ, алайда өмірде өзімнің де қуанышым бар. Бірақ мен оларды қасақана ластағым келеді. Өмір-бақи солай. Оның есесіне сосын ештеңеден көңілім қалар-ау деп қауіптенбеймін. Көз тастаңызшы, әне Виктория отыр. Ол әлгінде ғана менің денсаулығым үшін ішіп қойды. Мен оның мұғалімі едім. Енді ол тұрмысқа шығып жатыр. Бұған мен шын жүрегімнен қуанамын, егер ол менің туған қызым болса, қалай болар еді. Мүмкін, бір кездері мұның да балаларын оқытармын. Айт-айтпа, өмір деген қуанышқа толы. Айтқандайын, осы арада әйелдердің жанашырлығы мен аяушылығы жөнінде соз болды... бұл туралы қанша көп ойласам, сонша сіздің сөзіңіздің дұрыстығына ден қоямын. Құдай ақсына, сіздікі дұрыс. Кешіріңіз, бір минутке ғана. Ол орнынан атып тұрып бокалын алып Викторияға беттеді. Аяғынан дұрыс тұра алмай, қисалаңдап әрең жүріп барады. Дастарқан басындағы тілектер бірінен кейін бірі алмасып, лейтенант сөйледі, сосын көрші қожалықтың иесі әйелдер үшін, үйдің қожайыны үшін тост көтерді. Кенет жауһар запөнкелі жас жігіт тұрып Юханнестің атын атады. Ол сөйлеуге рұқсатты өз атымнан ғана алғаным жоқ, жас ақынды мен жас ұрпақтың атынан құттықтағым келеді деп салды. Бұл құрдастарының шынайы алғысы, мойындау мен таңдануға толы жүрекжарды соз болды. Юханнес оз құлағына өзі сенбеді. Ол мұғалімге "Бұл мен туралы ма?" деп сыбырлады.

— Иә. Ол менің алдымды орап кетті. Мен өзім сіз үшін тост көтертпекші едім. Виктория бұл туралы таң ертең-ақ тілек білдірген.

— Кім тілек білдірді дейсіз?

Мұғалім бұған тесіле қарады да:

— Ешкім де емес, — деп кесіп тастады.

Сөз сөйленіп жатқанда қонақтардың назары Юханеске ауды, тіпті Құлпы сарай қожайынының өзі бұған басын изеді, ал камергер ханым оған бүктемелі көзілдірігімен қарады. Сөз тамамдалған соң бәрі де ішіп қойды.

Юханнес Виктория отырған жаққа қарады. Жауһар зәпөнкелі жігітке бұл үшін тост көтерт деп өтініш айтып жүрген осының өзі. Сонда не үшін? Осы тілекпен ол әуелі басқа адамға барады, таңертең ерте осы ой неліктен оны сонша мазалаған Енді көзін жерге қаратып отырғаны анау, оның жүзінен ештеңе оқуға болмайды.

Кенет терең толғаныс оның көзін тұмандандырып, Викторияның алдына тізерлеп отыра қалып, алғыс айтқысы, шексіз алғыс білдіргісі келді. Жұрттың бәрі дастарқан басынан тұрғанда ол солай жасайды да.

Күлкіден құлпырып кеткен Камила көршілерімен дамылсыз қалжыңдап шүйіркелесіп отыр. Ол разы, өзінің он жеті жылғы ғұмырында қуаныштан өзге ештеңе көрген емес. Ол бірнеше рет қатарынан Юханнеске басын изеп, түрегел деген ишарат жасады.

Бұл орнынан тұрды. Терең де тебіреністі үнмен қысқа ғана сөз сөйледі. Осынау шаңырақ отбасылық қуанышты оқиғаны атап етіп отырған мынау думанға тіпті белгісіздіктен іздеп тауып мен сияқты бөгде адамды да шақырды. Осындай ізгі ниет ойына алғаш түскен адамға, сосын оз атыма соншалық жылы достық лебіз білдірген кісіге алғыс айтар едім, деді. Алайда ол төтеннен келген бөгде бұның атына айтылған мақтау сөзді ілтипатпен тыңдаған осы отырған барша қауымға алғыс айтпай келе алмайды. Өйткені оның осы бір салтанатқа қатысып отырған бірден-бір себебі Құлпы сарайға жақын жерде орманда тұратын көршінің баласы болғандығы.

— Дұрыс! — деп кенет айғайлап жіберді Виктория көзі жалт-жұлт етіп.

Жұрттың бәрі соған бұрылды, оның жүзі алау атып, кеудесі көтеріліп-басылып тұрды.

— Виктория! — деп қалды таңданған Құлпы сарай иесі.

— Жалғастырыңыз, — деп қайта дауыстады ол — Сонымен бұл бірден-бір себеп. Ал әрі қарай сөйлеңіз. — Кенет оның жанарындағы от сөніп, дәрменсіздене жымиып басын шайқады. Сосын әкесіне қарап ақтала бастады. — Мен оны қасақана кемітіп отырмын. Өйткені ол өзін-өзі кемітіп жүреді. Алайда оның сөзін бөлгісі келген жоқ еді.

Оның түсініктемесін естіп Юханнес бірден-ақ өз деңгейінен табылды. Жүрегі қатты-қатты соқты. Құлпы сарай қожайыны Викторияға жасты көзімен қарағанын, сол қарасында шексіз аяныш барын байқады ол.

Виктория бикештің айтуы орынды, деді ол Расында, бұл өзін-өзі бекер кемсітеді. Ол ізгі ниетпен мұның есіне өзінің Құлпы сарай иесінің балалары үшін тек көршінің ұлы ғана емес, балалық ойындарындағы жолдасы да. Осының өзі бұған бүгін осы отырысқа қатысуға құқық береді. Виктория бикешке рахмет, оның айтқаны айдай ақиқат. Осы өңір — бұның отаны. Құлпы сарай төңірегіндегі ормандар бір кезде бұның, бүкіл әлемін құраған еді, оның астарында естіп-көрмеген елдер, ғажайып оқиғаларға толы өмір жатыр екен. Ол жылдары Виктория мен Дитлеф бәзбір серуен мен ойын ойластырса, бұны жиі шақыратын. Оның өзі балалық шағының ең жарқын әсері болды. Кейін осыны еске ала отырып ол сол сағаттар оз өмірінде ешкім күмән келтіре алмас рол ойнады, егер осы арада айтылған сөздер әділ болса, оның кітаптарынан кейде жалын атылып жатса, ол ышқынды шыңдайтын әлгі естеліктер; бұл аталмыш екі досы балалық шағында сыйлаған бақыттың жарқылы. Міне, сондықтан да бұл шығарған туындылардың бірсыпыра бөлігі осыларға тиесілі. Ол бүгінгі сөз байласуға орай айтылған игі тілектердің бәріне қосыла отырып, оз атынан Құлпы сарай мұрагерлеріне уақыт та, жағдай да араларын әлі ажырата қоймаған балалықтың бал күндері үшін, бақытты, қысқа да нұсқа жазғы күн үшін құттықтағысы келеді...

Былайша алғанда, дастарқан басында айтылған сөз де кәдімгі соз. Онша сәтті де емес, соншалық жаман да емес. Қонақтар бокалдарын босатып, қонағасы өз ырғағымен жүріп жатты, әңгіме-дүкен жаңғырды. Дитлеф анасына күбір етті.

— Айтқанға бақсақ, ол үшін мен кітап жазған болып шығамын ғой, ал мен оны білмей жүргенмін Қызық!

Алайда Құлпы сарай қожайыны ұлының қалжыңын қолдаған жоқ. Ол өз балаларымен қағыстырып:

— Оған алғыс айтыңдар, міндетті түрде айтыңдар. Оны оп-оңай түсінуге болады, сәби кезінде жалғыз өсті ғой... Сен не істеп жатырсың, Виктория?

— Алғыс белгісі ретінде сері гүлдің мынау бұтағын соған апарып бер деп қызметші қызды сұрамақ едім. О не, болмай ма?

— Болмайды, — деп бір-ақ кесті лейтенант.

Қонақасыдан кейін қонақтар бет-бетіне тарасты, біреулер бөлмелерге кіріп, енді бірі айбынға шықты, кейбіреуі баққа кетті.

Юханнес терезелері баққа қарайтын қонақжайға түсті. Бұл арада біраз шылымшылар тоқайласып қалған екен, арасында көршілес помещик пен Құлпы сарай қожайынының қаржы мәселесін сыбырлап қана сөз ететін тағы да бір мырза бар. Мекен-жай қараусыз талғақ қоршаулар құлап жатыр, орман оталып барады; қожайынға жылжитын және жылжымайтын мүлік үшін ересен мол сақтандыру салығын төлеу қиын соғатын түрі бар.

— Олар қандай сомаға сақтандырылған екен?

Помещик сомасын атады, орасан мол сома.

— Айтқандай, Құлпы сарай қожайындары шығыннан ешқашан тартынған емес, ақшаны шашып жібереді. Мәселен, бүгінгі қонақасы қаншаға түсті дейсіз! Ал қазір, зайыры, қойма қотарылған, қожайынның асыл бұйымдарын салатын сандықшасы да босап қалған сияқты, оның есесіне күйеудің қаражаты бұрынғы аста — төк байлықты қалпына келтіруі тиіс.

— Ал, ол да бай ма?

— Oho, ақша дегеннің онда есебі жоқ.

Юханнес қайтадан тұрып, баққа шықты. Сері гүл гүлдеп, шыра — гүл мен ақтамақтың, мақтан гүл мен інжірдің жұпары қарсы есіп, кеңсірік жарып жібере жаздады. Ол қоршаудың түбінен оңаша орын тауып, тасқа жайғасты; бұталар оны бөгде көздерден тасалап тұрды. Бүгін бастан кешкеннің бәрі оның жанын қинап, өлердей қалжырады, ойлары да шатасып кетті, үйге кетіп қалсам ба деп ойлап бір тұрды да, сол жерінде сүлесоқ отыра берді. Осы екі ортада ол жаяу соқпақтан күбірлеген бір дыбыс естіп, сол үн жақындай түсті, Викторияның даусын бірден таныды. Юханнес демін ішіне тартып тыңдай қалды, жапырақтардың арасынан лейтенанттың мундирі жалтырады. Күйеу қалыңдығымен екеуі ғана сейілдеп жүр екен.

— Маған бұл арада бір гәп бар сияқты көрінеді, — дейді лейтенант. — Сен оның әрбір сөзін қағып алып, тебіренесің, айқай сап жібересің. Бұның бәрінде не сыр бар?

Қыз оның алдына тұра қалып басын бір сілкіп тастады.

— Білгің келе ме сырын?

— Иә.

— Ол үндемейді.

— Айтқандай, мұнда ешқандай сыр болмаса, маған бәрібір, — деп сөзін жалғастырды күйеу. — Айтпай-ақ қоюыңа да болады.

Қыз басын тағы да сілкіп қалып;

— Онда тұрған ештеңе жоқ, — деді.

Олар әрі қарай кетті. Эполетін қозғап қойып лейтенант дауыстап ойындағысын айтты.

— Олай болса сақтансын. Әйтпесе офицердің қолы мұрнын бұзары анық. Сонымен олар сұхбат тақ жаққа кетті. Юханнес сол еңсесі түскен сылбыр қалпы таста ұзақ отырды. Барлығына да немкетті, сүлесоқ. Лейтенантта бір күдік туған еді, қалыңдығы оны сейілткен болды. Ол мұндай жағдайда айтылатынның бәрін айтып, офицер жүрегін орнына түсіріп, өз бөлмесіне күйеу жігітпен бірге кетті. Ал олардың үстіндегі бұтақтарда қараторғайлар шырылдады. Тағдырға не лаж. Тәңірі оларға ұзақ ғұмыр берсін. Дастарқан басында өзінің жүрегін табанымен жаншып, оның құрметіне Юханнес сөз сөйледі, оның орынсыз ұшқалақтығын ауыздықтау оңай болған жоқ, тым құрса соған "рахметі" де болмады. Бокалын алып, басына бір-ақ көтерді. Бейне бір сіздің денсаулығыңыз үшін міне қалай ішемін деп мәртебеленгендей. Айтқандай, әйел адам ішкенде бір бүйірден қарап тұрғаныңыз бар ма. Мейлі ол кеседен, мейлі стақаннан, тіпті басқа бірдеңеден ішсін. Оған бір бүйірден қараңызшы. Бәлденіп бұраңдағанда қарап тұрып құсқың келеді. Ернін шүйіріп, сусынға әрең тигізеді, құдай сақтасын, сонда оның қолына қарасаң қайда қоярға жер таба алмай тұрады. Жалпы әйел қолына қарауға ақыл бермес едім. Ол оны көтере алмай, басынан бірден айырылады. Біресе оны кеудесіне қысады, біресе әдемірек көрсету үшін басқаша ұстайды — бәрі де сол қолдың сыртындағы әжімдер мен саусақтарының қисықтығын тырнақтарының ұсқынсыздығын жасырудың амалы. Ақыр аяғында ол шыдамай "Неге сонша қадалып қарай бересіз?!" деп ашу шақырады. Бірде ол оны жаздың күні сүйіп алған. Одан бері қанша су ақты десейші — иә, жетерліктей. Бұның өзі қалай болып еді? Шамасы олар орындықта отырып, ұзақ әңгімелессе керек, содан соң көше бойлап, тіпті қол ұстасқандай жақындап қатар жүреді. Есіктің алдында қыз оны сүйіп алады. "Мен сізді сүйемін" дейді қыз. Қазір енді ол басқа біреумен қасыңнан өтеді, бәлкім, сұхбат тақта әлі де отырған шығар. Лейтенант бұған шапалақ беретінін мәлімдеп те қойды. Юханнес оның бәрін өте жақсы естіді, үйықтан жоқ, бірақ орнынан қозғалған жоқ, алға да шыққан жоқ. Офицердің қолы деп жүрген анау. Aha, бәрі бір емес пе.

Тастан көтеріліп Юханнес сұхбат таққа келді. Ол бос екен. Бастырмадан оны Камила шақырды: қонақтарға кофе беріліпті. Юханнес соның шақыруына кетті. Күйеу мен қалыңдық қонақжайда отыр екен, мұнда басқа да меймандар бар. Юханнеске кесе әкеліп берді, ол оны алып бөлегір ек отырды.

Камила оны әңгімеге тартты. Оның жүзі жайнаң қағып бұған бір түрлі сеніммен қарады, сондықтан ол қарсы тұра алмай, бұл да оның сұрақтарына жауап беріп, күліп-ойнап кетті. Ол қайда жойылып кетті екен? Бақшада ма? Ол мүмкін емес, бақшадан қанша іздеп таба алмады емес пе? Бұл арада бір көкір бар — бақта ол болған жоқ.

— Виктория, ол бақта болды ма? — деп сұрады жас қыз.

— Мен оны көргенім жоқ, — деп жауап берді Виктория.

Лейтенант өзінің қалыңдығына алая қарады да, оны сақтандыру

үшін көршілес помещикке қасақана дауыстап:

— Ұмытпасам, сіз осы оз иелігіңізге мені жылқышы сынды ұсақ құстар атуға шақырған жоқ па едіңіз? — деп сұрады.

— Әрине, — деп бәйек қақты помещик. — Құзырыңызға құлдық.

Лейтенант Викторияға көз тастайды. Ол болса, бұрынғы қалпында үндемей отыр, тіпті бұған аң аулауға барма деп те айтпайды. Лейтенант қабағын қарсы жауып, күйгелектене мұртын шиыра береді.

Камила Викториядан тағы бірдеңелер сұрап жатыр.

Лейтенант кенет атып тұрып помещикке:

— Мәселе шешілді, бүгін кешке сізбен бірге кетемін, — деді.

Осыны айтып ол қонақжайдан шыға жөнелді. Оның соңынан помещик, тағы бірер қонақ шықты.

Қысқа ғана үнсіздік орнады.

Кенет есік айқара ашылып, лейтенант қайта кіріп келеді. Ол ерекше өрекпіп ексімдеп алған.

— Сен бірдеңе ұмыттың ба? — деп сұрады Виктория орнынан тұрып.

Ол есік алдында бір орнында тұра алмайтын кісідей тыпыршып тұрды да, қолын сілтеп Юханнеске тура жүріп байқатпай беттен салып жібереді. Сосын орнына қайта келіп, табалдырықта билеп тұрады.

— Дұрыстап ұрмайсыз ба, көзіме тигеніңіз не? — деді Юханнес қырылдай мысқылдап.

— Қателесесіз, — деп өңмеңдеді лейтенант. — Мен сізді жағыңыздан тартып жібердім. Сіз түсіндіңіз бе? Түсіндіңіз бе?

Юханнес қол орамалын алып, көзін сүртіп:

Жағымнан тарта алған жоқсыз, — деді, — өзіңіз де жақсы білесіз, мен сізді бір-ақ қолыммен екі бүктеп, қалтаға тығып жіберем.

Сол замат ол орнынан тұрды.

Есікті асығыс ашып, лейтенант қонақжайдан атып шықты.

— Айттым ғой, шапалақ бердім деп! Мұжық неме! — деп дәлізден айқай салып, есікті сарт еткізіп жапты.

Юханнес орнына қайта отырды.

Бөлменің ортасындағы бұрынғы орнынан қозғалмай Виктория оған қарады. Ол өліктей сүй-сүр.

— Ол сізді соқты ма? — деп айран-асыр таңдана сұрады Камила.

— Епсіздігінен көзіме тиді. Көріп тұрсыз ғой.

— Құдая, көзіңіз қызарып кетіпті, қанталап тұр. Жо-жоқ, уқала маңыз, әкеліңіз оны мен жуайын. Қол орамалыңыз тым қатты екен, оны ала тұрыңызшы, менің орамалыммен сүртейік. Мұндайды кім естіген! Тура көзге тиюін қарашы.

Виктория да Юханнеске оз орамалын ұсынды. Ол ләм-мим деп тіс жарған жоқ. Сосын баяу ғана шыны есікке келіп, соның қасында тоқтады да қонақжайға арқасын беріп, баққа қарады. Өз орамалын жол-жол етіп жыртып тастады. Араға бірнеше минут салып есікті үнсіз ашты да қонақжайдан шығып кетті.

IX

Диірменге көңілді, әрі алаңсыз Камила келді. Ол жалғыз еді. Еш рәсімсіз кішкентай үйге кіріп келіп:

— Есік қақпай кіргеніме кешіріңіздер, — деді. Өзеннің шуылынан канканмен де естімейсіздер ғой деп ойладым. — Ол жан-жағына қарап дауыстап жіберді. — Ой, мұнда қандай ғажап. Ғажайып тіпті. Ал Юханнес қайда? Мен оның танысы едім. Көзі қалай?

Орындық ұсынып, оған ол отырды.

Юханнесті диірменнен шақырып келді. Оның көзі долырып ісіп кетіпті.

— Мені ешкім жіберген жоқ, — болды Камиланың алғашқы сөзі. — Осында өзімнің келгім келді. Көзіңізге бұрынғысындай салқын суға шыланған шүберек баса беру керек.

— Осылай да жазылып кетеді, — деп қарсылық білдірді бұл. — Қайырымдылығыңыз үшін құдай жарылқасын, Сізді мұнда алып келген не себеп? Диірменді көргіңіз келе ме? Келгеніңіз үшін рахмет. — Ол анасын құшақтап Камилаға алып келді де: — Ал мынау менің анам, — деді.

Олар диірменге түсті. Қарт диірменші басынан бөркін сыпырып, тағзым етті де, бірдеңелер айтты. Камила не айтқанын естіген жоқ, бірақ жымия күліп, дұрысы сол болар дегендей.

— Рахмет, — деді. — Диірменді сондай көргім келіп еді.

Тарс-тұрс гүріл шошытып ол Юханнестің қолынан ұстап алды,

көзі атыздай фольга назарын абайлап қана Юханнестен оның әкесіне аударып, олардан түсінік күткендей болды. Көптеген тегершіктер мен диірменнің басқа да асай-мүсейлері оны қайран қалдырып, таңданғаннан Юханнестің қолынан тартып, бірде ол, бірде бұл жайында сұрады. Камилаға диірменнің қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін оны тоқтатып, қайта жүргізді.

Олар диірменнен кеткеннен кейін де Камила тегершіктердің гүрілі әлі қалағында тұрғандай қызық қып қатты дауыстап сөйледі.

Юханнес оны Құлпы сарайға дейін шығарып салды.

— Оның сізге қол жұмсауға баруы тіпті ойға сыймайды, —  деп ақтарылды ол. — Сосын бір-ақ сәтте жиналып, помещикпен аңға кетті. Сұмдық жаман оқиға. Виктория түні бойы кірпік ілген жоқ.

— Күндіз ұйықтайды ғой, — деді Юханнес. — Өзіңіз қашан үйіңізге қайтасыз?

— Ертең. Ал сіз қалаға қашан ораласыз?

— Күзде. Сізді бүгін тағы да көре аламын ба?

Ол дауыстап жіберді.

— Әрине! Өз үңгірім бар деп едіңіз ғой, соны көрсетіңізші.

— Сізді алып шығуға барамын, — деді бұл.

Қайтар жолда ол ойға шомып таста ұзақ отырды. Көңілінде шат-шадыман бір үміт беки түсті.

Талма түсте ол Құлпы сарайға келді, бірақ үйге кірген жоқ, өзінің келіп тұрғанын хабарласын деп Камилаға кісі жіберді. Оны күтіп тұрғанында екінші тәждің терезесінен бір сәт қана Виктория көрінді; ол Юханнеске ілтипатпен қарап, бұрылып, бөлмесінде көрінбей кетті.

Камила шықты, Юханнес оны тас кеніш пен үңгірге апарды. Оның көңіл күйі бүгін тыныш, қуанышты болатын, жас қыз оның құлазуын қуып тастап, алғаусыз аңқау сөздерімен дәл бір шарапат шашқандай ауада қалықтады да жүрді. Юханнесті бүгін қайырымды аруақтар жебеп-желеді.

— Есіңде ме, Камила, бірде маған қанжар сыйлап едің ғой. Ол күміс қында болатын. Мен оны уақ-түйек бұйымдармен бірге қобдишаға салып қойғанмын, өйткені онымен не істейтінімді білмедім.

— Онымен шынында да ештеңе жасауға болмайды. Ал содан кейін не болды?

— Сосын оны жоғалтып алдым.

— Қарай көр, міне саған қырсық. Айтқандай, кесепат емес қой ол, маған сондайдың басқасын табудың сәті түсер. Іздеп керейін.

Олар үйге қарай бұрылды.

— Есіңізде ме, сіз маған бірде медальон сыйлап едіңіз ғой. Алтыннан соғылған сондай сом дүние болатын. Соның ішкі жағына сіз бірнеше достық тілек жазғансыз.

— Қалайша, әрине, есімде.

— Өткен жылы шетелде сол медальонды мен біреуге беріп қойдым, Камила.

— Оныңыз не? Шынымен бердіңіз бе? Не үшін?

— Мен оны бір жас досыма ескерткішке бергенмін. Ол орыс еді. Сыйлығым үшін тізерлеп тұрып алғысын айтқан.

— Сондайлық қуанғаны шын ба? Құдая, тізерлеп тұрып алғыс айтса, ол, әрине, сұмдық қуанғаны. Мен сізге басқа медальон сыйлаймын, ал ол сізде қалады.

Олар Құлпы сарайдан диірменге баратын жолға шықты.

Юханнес тоқтай қалып, сөйлеп кетті:

— Міне, мына бұтаның түбінде менің басымнан бір қызық оқиға өткен бірде. Ол кезде мен жиі-жиі жалғыз қыдыратынмын Бұтаның ығында қисайып оз ойыммен болып жатқанмын. Кенет жолда екеу көрінді. Әйел тоқтай қалды. Серігі: "Сіз неге тоқтадыңыз?" — деп сұрады. Ол жауап ала алмай, қайта сұрады: "Сізге не болған?" — "Ештеңе болған жоқ, — деп жауап қатты қыз. — Алайда сіз маған бұлай қарауға тиісті емессіз", "Ал мен әбес ештеңе жасағаным жоқ қой, тек сізге ғана қарап тұрмын" деп қарсылық білдірді жігіт. "Иә, — деді қыз, сіздің мені сүйетініңізді білемін, бірақ түсінсеңіз, әкем сізді қабыл алмайды ғой, сондықтан бұл мүмкін емес". Ол да "айтуыңыз дұрыс, бұл мүмкін емес" деп күбір етті. Сонда қыз "Қолыңыз қандай үлкен! Білегіңіз қандай әлуетті!" деп қолын оның білегіне салды.

Үнсіздік.

— Одан әрі не болды? — деп сұрады Камила.

— Білмеймін, — деп жауап қатты Юханнес. — Алайда ол білек туралы әлгі сөзді не үшін айтты екен?

— Мүмкін, оның білезіктігі әдемі болған шығар. Оны ақ жейденің жеңі жасырып тұрған болар. О, мәселенің неде екенін мен енді түсіндім. Зайыры, қыз да оны сүйген.

— Камила, — деді ол, — егер мен сізді өте-мөте сүйсем және бірнеше жыл күтуге әзір болам... Мен жай ғана сұрап тұрмын... Бір сөзбен айтқанда, мен сізге лайық емеспін, бірақ сонда да, бірер жылдан кейін сұрасам, сіз менің әйелім болуға келісер ме едіңіз?

Үнсіздік. Камила кенет қызарып кетіп, қысылып, қолын сығымдап ілгері-кейінді шайқатыла бастады. Ол оны өзіне тартып:

— Сіздіңше қалай? Келісер ме едіңіз.

— Иә, — деді де ол оның құшағына құлай кетті. Араға күн салып Юханнес кемежайға шығарып салғалы Камилаға келді. Ол оның кішкентай, бейкүнә сәби қолын сүйді, жүрегі қуаныш пен ризалыққа шып-шып толды. Виктория оның қасында болмады.

— Сені неғып ешкім шығарып салмайды?

Юханнеске абдырай қараған Камила Құлпы сарайда сұмдық бақытсыздық болғанын айтты. Таңертең жеделхат келіпті, оны оқып қожайын өліктей құп-қу боп кетіпті, қарт камергер мен оның әйелі еңіреп тұрып жылапты. Кеше кешкісін аң аулап жүріп Отто өліпті.

— Өліпті! Лейтенант па?

Әрқайсы өз ойларына сүңгіп олар әрі қарай аяңдады; тек кісілер құжынаған кемежай, пароход, матростардың айғай-шуы ғана оларды ойдан оянуға мәжбүр етті. Камила қысыла тұрып Юханнеске қолын ұсынды да, оны ол сүйіп, былай деді:

— Камила, мен саған лайық емеспін, барлық жағынан да лайық емеспін. Бірақ маған тұрмысқа шығуға келіссең, сені бақытты қылуға бар күшімді саламын.

— Мен келісемін. Мен дәйім осыны қалағанмын, дәйім, әр дәйім.

— Таяуда қалаға ораламын, — деді ол. — Бір аптадан кейін көрісеміз.

Ол палубаға көтерілді. Ол оған қолын бұлғап-бұлғап қашан көзден тасаланғанша бұлғап тұрды. Үйіне барғалы бұрылғанда ол Викторияны көрді, ол да қолына орамал ұстап, Камилаға бұлғап тұр екен.

— Мен аздап кешігіп қалдым, — деді ол. Ол жауап қатқан жоқ. Және не деп жауап береді. Қазаға байланысты көңіл айта ма, болмаса қолын қысып құттықтай ма? Оның даусы мүлдем шықпай қалыпты, жүзінде терең абыржу табы бар, шамасы, күшті жан күйзелісін бастан кешірген болар.

Кемежай босап қалды.

— Көзіңіз әлі қызарып түр, — деді де, Виктория табанда аулақ кетті. Сосын қайта бұрылды.

Бұл тұрған орнынан тапжылған жоқ.

Кенет ол қайта оралып, бұған қарай адымдады.

— Отто өлді, — деді ол кілт, көзі жалт-жұлт етіп кетті. — Сіз үндемейсіз, өзіңізге-өзіңіз сенімдісіз. Ал ол сізден жүз есе артық болатын, естимісің? Ал қалай өлгенін білесіз бе? Оны атыпты, басын быт-шыт қылыпты, оның кішкентай ақымақ басын. Ол жүз есе...

Ол еңіреп жылап жіберіп, күйіктен аулаққа асықты.

Кешкісін диірменші үйінің есігін қақты. Юханнес есікті ашып қараса, табалдырықта Виктория тұр, ол бұған белгі берді де сыртқа шықты. Ол бұның қолынан ұстап жолмен жетелей жөнелді. Қолы мұздай сұп-суық екен.

— Отырыңыз! — деді ол — Отырып, демалыңыз. Сіз сондай қатты күйзелгенсіз.

Олар отырды.

Ол енді сыбырлап сөйледі.

— Сіз мен жайында не ойлауыңыз керек! Сізді бір сәтке де тыныш қалдыра алмаймын.

— Сіз өте бақыттысыз, — деп жауап қатты бұл. — Тыңдаңызшы, мені, Виктория, өзіңізге-өзіңіз келіп тынышталыңыз. Сізге бәз бірдеңемен көмек бере аламын ба мен?

— Күллі әулие-әнбиелер үшін менің бүгінгі сөзімді кешіріңізші, . — деп жалбарынды Виктория. — Мен шынында да өте бақытсызбын, бақытсыз болғаныма, міне, бірнеше жыл Ол сізден жүз есе артық дедім, бұл бекер, ол үшін мені кешіріңіз! Ол опат болды, ол менің атастырған күйеуім еді, не бары сол ғана. Мен оған оз еркіммен келісім берді деп ойлайсыз ба? Мынаған қараңызшы, Юханнес, мынау менің неке сақинам, оны баяғыда, тым ерте алғанмын, енді тастағалы тұрмын, тастадым да! — деп бұтаның арасына лақтыра салды, сылдырын оның екеуі де естіді. — Осының бәрін жасап жүрген әкем. Әкем кедейленіп, әбден отқа қарап қалды ғой, Отто болса, ерте ме, кеш пе, көп ақша алады. "Сен соған шығуға тиіссің", — деді маған әкемнің өзі. — Оны сүймеймін", — деп бірден айттым "Алдымен, ата-анаңды ойла, сосын Құлпы сарайды, өзіміздің атамекен қожалығымызды, менің абыройымды ойла", — деді ол. "Жарайды, мен келісейін, — дедім содан соң. — Келісім берейін, бірақ үш жыл күте тұрыңыз". Әкем рахмет жаудырып, күтуге келісті, Отто да тосты, барлығы да күтті, бірақ мені неке сақинасын салуға мәжбүр етті. Уақыт өтіп жатты, енді мені ештеңе де құтқара алмайтынына көзім жетті. "Күтудің керегі қанша? Күйеуім келсе келсін" дедім сосын әкеме. "Қудай жарылқайық қызым" деп ол маған қайтадан алғыс жаудыра бастады, мен тойға келісімімді бердім. Сөйтіп, міне, Отто келген. Оны қарсы алуға кемежайға бармай, өз бөлмемде тұрып терезеден оның Құлпы сарайға келіп түскенін көрдім. Сонда мен анама ұмтылып, алдына тізерлеп отыра кеттім. "Саған не болды, балам? — деп сұрады ол. "Болмайды, — деймін мен, — оған тұрмысқа шыға алмаймын, ол келіп төменде түр, одан да менің өмірімді сақтандырыңдар, мен шығанаққа немесе тоғанға барып суға кетіп өлемін, маған ең жеңілі сол". Анам өліктей бозарып кетіп, мені аяп жылап жіберді. Әкем келді. "Бұның қалай қымбатты Виктория, сен төменге түсіп, күйеуді қарсы алуың керек". "Бармаймын да қарсы алмаймын, оған барғым келмейді" деп қайталап, маған аяушылық етіп, өмірімді сақтандыруын өтініп сұрадым. Әкем бір ауыз жауап қайтарған жоқ, ойланып қалды, ал қолдары дірілдеп түр. Оның осы сұрын көргенде шыдамай: "Жарайды күйеуімді, кіргізіңіздер, мен келісемін" дедім.

Викторияның үні үзілді. Тұла бойы дір-дір етеді. Юханнес оның екінші қолын алып оз алақанында жылыта бастады.

— Рахмет, — деді ол. — Кәне кей, Юханнес, қолымды қыса түсші, қаттырақ. Кәне, қаттырақ қысыңызшы. Құдая, қолыңыз қандай жылы еді. Мен сізге қандай ризамын десеңізші. Тек қана мені кемежайдағы сөзім үшін кешіріңізші.

— Мен оны баяғыда-ақ ұмытқанмын. Қаласаңыз, сізге орамал алып келейін

— Жоқ, рахмет. Басым лыпылдап жанып тұрса да неге мұнша қалтырайтынымды түсінбеймін. Сізден, Юханнес, коп нәрсе үшін кешірім сұрауым керек.

— Жо-жоқ, қажеті жоқ. Міне, сіз ептеп тынышталдыңыз. Тыныш отырыңыз.

— Дастарқан басында мен үшін тост көтердіңіз, соз сөйледіңіз. Сіз орныңыздан тұрып, қашан отырғаныңызша менде ес болған жоқ. Сөзіңіз органдай есіліп, қатты толғандырғандықтан да азапқа түстім. Әкем не үшін айқай салдың деп сұрады, сөзіңізді бөле бергеніме өте ренжіді. Ал анам ештеңе де сұраған жоқ, ол түсінді. Анама мен барлығын атамзамандай-ақ ашып айтқанмын. Қаладан қайтып оралған соң, барлығын оған қайтадан айтып шыққанмын. Бұл мен сізбен кездескен жолы болған-ды.

— Ол жайында айтудың қажеті жоқ.

— Жақсы, тек мені кешіріңіз, мейірбан, қайырымды болғайсыз. Енді мен қалай болуым керек? Әкем қазір үйде, ол оз кабинетінде ерсілі-қарсылы жүреді де қояды, бұл оған сұмдық соққы болды. Ертең жексенбі, ол күллі қызметшілерді таратсын деп нұсқау берді. Оның өңі сұп- сұр боп кетті, ұдайы үн-түнсіз, күйеу баласының ажалы оған сондай эсер етті. Мен анама, сізге барғым келеді, дедім. "Ертең таңертең біз екеуміз камергермен және оның әйелімен қалаға баруымыз керек", — деді ол. "Мен Юханнеске барамын" дедім қайтадан. "Әкеңде ақша жоқ, бұдан бұлай үшеуімізге бірге тұруға болмайды, ол Құлпы сарайда жалғыз қалады, — деп, ол әңгіме тақырыбын ауыстыруға тырысады. Сосын мен есіктің алдына келдім. Анам маған қарады. "Мен саған кеттім", — дедім соңғы рет. Анам жаныма келіп, бетімнен сүйді де: "Онда амал не, сендерді құдай жарылқасын", — деді. Юханнес Викторияның қолын өз қолынан босатып: — Міне, енді жылындыңыз, — деді. — Зор рахмет, енді мен мүлдем жылынып қалдым... "Сендерді құдай жарылқасын", — деді анам. Мен анама барлығын мойындағанмын, ол баяғыдан біледі. "Әйткенмен, балам, кімді сүйесің?" — деп сұраған ол "Сен соны тағы да сұрайсың ба?" — деп сұрағына сұрақпен жауап қатқанмын. — Мен Юханнесті сүйемін, өмір-бақи жалғыз соны ғана сүйгенмін, жалғыз осыны, ғана. — Кеш болып қалды, — деді ол қозғалақтап. — Үйде алаңдап сізді күтіп отырған шығар, шамасы.

— Жоқ, — деп шыж ете қалды Виктория. — Олар менің сізді сүйетінімді біледі, Юханнес, олардың білетінін өзіңіз де сезетін боларсыз. Мен осы жолмен қыдырып жүріп: "Орманның шетін ала жүргенім жөн болар, өйткені ол да осы орманда сейілдеуді жақсы көруші еді" деп ойландым. Солай жасадым да. Ал сіздің келгеніңізді естіген күні мен ашық, сары көйлек киіп, сағыныш пен күтуден сырқаттанып бөлмеден бөлмеге кіріп сенде тіліп жүрдім де қойдым. "Сен бүгін жайнап құлпырып кетіпсің ғой!" деді анам. Әрі-бері жүріп менің ойлағаным: ол оралды, ол осында, әрі ол тамаша азамат!" деген бір-ақ пікір. Бұл — шындық. Келесі күні шыдай алмай, қайтадан ақ көйлек киіп, сізді кіру үшін тас кенішке бардым. Есіңізде ме? Сізді көргенде бар айтқаным бұл араға гүл тере келдім, деген соз болды. Ол сылтау ғана еді, мен ол үшін келмегенмін... Сіз онда менің келгеніме қуана қойған жоқсыз, бірақ бәрібір сізді көргеніме рахмет. Біздің соңғы кездесуімізден бері екі жылдан астам уақыт өтті. Сіздің қолыңызда шырпы сабағы бар еді, оны бұлғап отырғансыз, ал өзіңіз кеткенде сол бұтақты көтеріп алып, үйге апарып тығып қойдым...

— Виктория, — деді ол дірілдеп. — Бұдан былай ешқашан бұлай сөйлемеңіз, керегі жоқ.

— Керегі жоқ дейсіз бе? — деп үрейі ұшып кеткен ол оның қолынан ұстай алды. — Керегі жоқ дейсіз бе? Сізге ұнамайды ма? — Ол қатты толқып оның қолын сипады. — Иә, сізге бұл ұнайды ғой деп қалай ғана үміттендім екен. Мен сізге соншалық коп кесір келтірдім, кесел жасадым ғой. Алайда уақыт өте келе, бәлкім, мені кешірерсіз.

— Мен сізді баяғыда, атамзамандай-ақ кешіргенмін. Мәселе онда емес.

— Ал енді неде?

Үнсіздік. Ауыр үнсіздік.

— Менің қалыңдығым бар, — деді ол.

X

Келесі күні жексенбіде Құлпы сарай қожайыны үлкен басымен диірменшінің үйіне өзі келіп, кемежайға пароходқа лейтенант Оттоның мәйітін апару үшін түске Құлпы сарайға келуін өтінді. Диірменші оған апалақтап қарады да қалды. Сосын Құлпы сарай қожайынының өзі қызметшілердің бәрін таратып жібергенін, олардың шіркеуге кеткенін, үйде ешкім қалмағанын қысқаша баяндап берді.

Құлпы сарай қожайынының түні бойы кірпік ілмегені көрініп тұр, өңі о дүниеден оралғандай әлем-тапырық, оның үстіне қырындапты да. Бірақ ол бұрынғы дағдысымен қолында таяғын үйіріп, өзін әлі де тік ұстады.

Өзінің жөндем киімін киіп диірменші Құлпы сарайға қарай тартты. Ол ат жекті де, күймеге мәйітті Құлпы сарай қожайынымен бірлесіп тиеді. Осының бәрі тып-тыныш орындалды, тіпті куәлерсіз, құпия түрде атқарылды.

Диірменші кемежайға тартты. Күйменің соңынан камергер мен оның әйелі және Виктория мен Құлпы сарайдың қожайыны жүрді. Олардың төртеуі де жаяу. Құлпы сарай қожайыны баспалдақта тұрып, оларға қол бұлғады. Жел ақ шашын қобыратып жіберді.

Мәйітті пароходқа көтергенде, шығарып салушылар да палубаға шықты. Құлпы сарай қожайыны диірменшіге қожайынға сәлем айт деп тапсырды, Виктория да соны өтінді.

Пароход аттанып кетті. Диірменші оның соңынан ұзақ қарап тұрды. Күшті жел тұрып, теңіз толқып, пароход ширек сағатта ғана аралдардан әрі асып, көрінбей кетті. Диірменші сосын ғана оз жөніне аттанды.

Ол аттарды ат қораға апарып, жемін беріп, Құлпы сарайға барып-қайтуға бел байлады. Қожайынға әйелі мен қызының сәлемін және жеткізуі керек. Алайда ас үйдің есігі жабық болып шықты. Басты есіктен кіру үшін үйді айналып шығып еді, барлығы жабық.

"Қазір түс әлеті ғой, қожайын ұйықтап жатқан шығар" деп ойлады диірменші. Әйткенмен ол міндетіне мәттаһам адам болғандықтан, өз уәдесін орындау үшін төменге бұрынғы қызметшілер бөлмесіне түсіп, бәз біреуі кездесіп қалса, қожайынға жақындарының сәлемін жеткізбекші болды. Онда ешкім жоқ боп шықты. Ол аулаға қайта шығып, айнала қыдырып жүріп, ақыры қыздар бөлмесіне көз тікті. Бірақ мұнда да ешкім жоқ. Құлпы сарайда атымен тірлік жоқ сияқты.

Ақыры болмаған соң диірменші кетуге ыңғайланып еді, аяқ астынан Құлпы сарай жертөлесінен жылтыраған жарық көрінді. Ол тоқтай қалды. Темірмен торланған кішкентай терезелер арқылы ол жертөлеге түскен адамның сұлбасын айқын көрді, оның бір қолында шырағдан, бір қолында қызыл орындық. Бұл Құлпы сарай қожайыны еді.

Ол балға баратындай-ақ мұнтаздай боп қырынған, үстінде су жаңа фрак. "Оған терезе қағып әйелі мен қызының сәлемін айтсам ба екен" деп ойланған диірменші, таңданғанынан тұрған орнында қатты да қалды. Құлпы сарай қожайыны төңірегіне жарық түсіріп, жан-жағына қарап алды. Қайдан тапқаны белгісіз әлде шөп, әлде сабан толтырылған қапты бір жерден суырып алып, табандылықтың алдына кесе көлденең тастады. Сосын оған су шашқышпен бірдеңе септі. Одан кейін есікке жәшіктер, сабан мен бақтың жиналмалы сатысын апарып қойды. Диірменші оның осыларды жасай жүріп үсті-басын кірлетпеуге тырысқанына назар аударды. Ақыры ол шырағданның тұқылын әкеп қаптың үстіне қойып, айналасына сабан салды. Сосын ғана барып орындыққа отырды.

Таңырқауы барған сайын үдеп, диірменші мына құпия әзірлікті бақылап, жертөле терезесінен көз айыра алмады. Оның көңіліне бір катерлі күмән кірді. Құлпы сарай қожайыны біртіндеп ағып тоңази бастаған шырағданға қарап орындықта қозғалыссыз отыр, екі қолы екі тізесінде. Диірменші оның қара фрагының жеңінен тозаңды қалай сілкіп, қолын айқастыра қойғанын көрді.

Осы арада қарт диірменші үрейлене байбалам салды.

Құлпы сарай қожайыны басын жалт бұрып терезеге қарады. Сосын кенет атып тұрып терезеге келіп, әйнекке жабыса қалды. Оның көзінен кісі төзгісіз азап табы байқалды. Аузын қисайтып, үнсіз қаһармен әйнекке түюлі жұдырықтарын әкелді, сосын тек бір қолымен сес көрсетіп жатты, ал өзі жертөленің түкпіріне қарай шегіне берді. Кенет ол орындыққа сүрініп кетіп, шырағдан аударылды да алапат жалын бұрқ ете қалды.

Диірменші ойбайын салып, аулақ серпілді. Әуелі ол үрейленіп, не істерін білмей аулада алас ұрып, сосын үйді айнала жүгірді. Одан кейін жертөленің терезесіне ұмтылып, әйнегін сындырып, қожайынды айғайлап шақыра бастады, сосын еңкейіп тор сымдарды жұлқылап, майыстырып, кейбіреуін сындырды да.

Дәл сол кезде ол жертөледен бір дауыс естіді, сөз емес, дыбыс қана, о дүниеден шыққандай ауыр ыңқыл, осы ыңқыл екі рет қайталанды, үрейі ұшқан диірменші терезеден кейін қарай ыршып кетіп, өз үйіне тұра жүгірді. Кері бұрылып қарауға да батылы жетпеді.

Бірнеше минуттан кейін Юханнес екеуі жүгіріп мекенжайға келгенде, ежелгі үлкен ағаш үй — Құлпы сарай түгел алаулаған жалын құшағында екен. Кемежайдан да жүгіріп бірнеше адам келді, бірақ бәрі де ешқандай лаж жасай алмады. Түк қалмай барлығы өртеніп кетті. Ал диірменші мұны өле-өлгенше ешкімге айтқан жоқ.

XI

Махаббат дегеннің не екенін сіз білесіз бе? Ол қызғылт бұталарда сыбдырлап, сосын сап болатын жай ғана жел. Ал ізі өмірі өшпейтін таңба сияқты, қашан қабірге кіргеніңше ұмытылмайтын, ғұмыр бойы жарасы жазылмайтын махаббат болады.

Махаббаттың осы екеуін де жасаған жаратқан тәңірінің өзі, соның көз алдында бір махаббат мәңгілікке созылып, бір махаббат майып болып жатады.

Жол бойында өзара әңгімелесіп екі ана келе жатыр. Біріншісі әсем көк көйлек киіп алыпты, өйткені оның сүйгені алыс елдерге барған саяхатынан оралып келеді. Екіншісі қаралы киім киіпті. Оның үш қызы бар екен, екеуі қара торы да, біреуі үкідей аппақ. Сол ақ қыз қайтыс болыпты. Одан бері табаны күректей он жыл өткен, ал анасы оны жоқтап әлі күнге дейін қара жамылады.

— Бүгін күн қандай ғажайып! — дейді қолын сермеп қойып көк көйлек кигені. — Мені жылылық мас қылады, мені махаббат мас қылады, шаш-етектен бақытқа шалқып жүрмін. Мен дәл осы арада, қара жолдың ортасында тыр жалаңаш шешініп, күнге қолымды созып, оның сүйгеніне ерінімді тосуға әзірмін.

Ал анау қара жамылған үндемейді де күлмейді, құрбысының сөзіне жауап та бермейді.

— Күні осы уақытқа дейін қызыңды шынымен жоқтайсың ба? — деп сұрайды ойында ештеңе жоқ аңғырт көк көйлекті әйел — Оның қайтыс болғанына он жыл екен ғой.

Қара киген әйел күрсініп:

— Иә. Тірі болса ол он беске келетін еді, — дейді.

Сонда көк көйлектісі жұбатпақ үшін:

— Сенің әлі де екі қызың бар ғой, екеуі де аман, — дейді.

— Иә, бірақ олардың екеуі де қара торы ғой, — деп еңірейді қаралы әйел. — Ал менің марқұм болған қызым аппақ еді.

Екі ана да әрқайсысы өз махаббатын арқалап өз жолдарымен тарасады.

Ал екі қара торы қыздың әрқайсының оз махаббаты бар, бірақ қызық қылғанда екеуі де бір адамға ғашық болған ғой.

Сол кісі қыздардың үлкеніне келіп:

— Мен сізден ақыл сұрағалы келдім, өйткені сіңліңізді сүйетін едім, — дейді. — Кеше мен оның көзіне шоп салдым, ол дәлізде осы үйдің қызметші қызын сүйіп тұрғанымның үстінен түсті. Ол айқайлап жіберді, онысы айқай емес, ышқынған ыңқыл, аһ ұруы боп шықты да, ол жоқ боп кетті. Енді мен не істеуім керек. Мен сіздің сіңліңізді сүйемін. Бүкіл әулие-әнбиелер үшін онымен әңгімелесіп, маған көмектесіңізші!

Әпкесі боп-боз боп кетіп, жүрегін ұстайды, алайда ізінше жымиып күліп, оған батасын бергендей:

— Мен сізге көмектесейін, — дейді.

Келесі күні жігіт кіші қызға келіп, аяғына жығылып, өзінің сүйетінін айтып, жүрек кілтін ашады. Қыз оны көзімен өлшеп, көңілмен екшеп былай дейді:

— Сіз қайыр сұрап тұрсыз, бірақ мен өкінішке орай он кроннан артық бере алмаймын. Одан да менің әпкеме барыңыз, ол менен байы рак.

Осыны айтып ол басын қасақана сілкіп тастап шығып жүре береді.

Алайда ол оз бөлмесіне келе салып, еденге жата қалып домалап махаббаттың күйігінен қолын бұрай береді.

Қыс, көше суық тұман қиыршық кар, ексім жел Юханнес қайтадан қалада, өзінің ескі білмесінде, теректердің бұтақтары бұрынғысынша терезесінен бұл талай мәрте рауандап атқан таңды қызықтаған ағаш үйдің қабырғасын тақылдатады да тұрады. Қазір күн көрінбейді де.

Осы уақыттың өн бойында оның көңілін жұмыс аулады, ол бір құшақ қағаз жазды, қыс бойы ол одан да көбейді. Оның қиял патшалығында қандай оқиғалар сапырылысып, қандай көріністер көлбеді дейсің. Қиял жарығымен күннің жалынымен арайланып, талай түндер өтті.

Алайда бір күн бір күнге ұқсаған жоқ. Жақсы да күндер, жамап да күндер болды. Кейде жұмыстың қызған сәтінде бәзбір ой, бәз біреудің көзі, бағзы заманда айтылып кеткендей сөз қиял айдынына қалқып шыға келеді де, шабытты сөндіріп тастайтыны да бар. Сонда ол атып тұрып бір бұрыштан бір бұрышқа әрлі-берлі жүреді, сол табанының ізі еденнің сырын көшіріп ақ жемдеп жолақ жол салып, күннен күнге ағартып бара жатты...

Жұмыс істей алмайтын, дұрыстап ойлай алмайтын, естеліктердің шылауынан шыға алмайтын бүгінгі күні бағзыдағы бір түні бастан кешкенімді сипаттап бергім келеді. Қымбатты оқырман, бүгін мен үшін аса ауыр күп. Қар жауып түр, көшеде тірі жан жоқ, тоң ірек түгел мұңға батқан, жүрегімді шарасыз сағыныш мұңы жұлмалап жатыр. Көшеде жүріп келдім, сол да болса көңілімді орнықтыру үшін бөлмемде тағы да сағаттап жүрдім, міне, күп кешкірді, онымен жаным жай тапқан жоқ. Кеудемде от алаулайтын-ақ кез, бірақ мен батып бара жатқан күндей сап-салқын, боп-бозбын. Міне, осындай көңіл күймен отырып ләззатқа толы бір жарқын түнді бейнелеп берсем деймін, қымбатты оқырман. Мені тыншытып сабама түсіретін жұмыс, сондықтан да, кім білсін, бірнеше сағат өткен соң қуанышым қайта оралар... Есік қағылып, бөлмеге жас қалыңдығы, құпия некелесіп қойған Камила Мейер кірді. Юханнес қаламын орнына қойып, түрегелді. Олар бір-бірімен күліп амандасты.

— Сен менен неге бал туралы сұрамайсың? — деп ешқандай кіріспесіз сөзді төтесінен бастап ол орындыққа отыра кетті. — Мен бірде-бір биді жібергенім жоқ. Бал сағат үшке дейін жалғасты. Мен Ричмондпен биледім.

— Келгенің үшін коп рахмет, Камила. Мен көңілім құлазып, ренжіп отырмын, ал сен сондай көңілді шат-шамансың, бәлкім, бұл менің сергуіме септесер. Балға қандай көйлек киіп барып едің?

— Әрине, қызыл көйлек. Құдай-ау, есімде ештеңе қалмапты, тегінде көп сөйлеп, коп күлдім ғой деймін. Сондай көңілді болды. үстімде қызыл көйлек, қолым иығыма дейін ашық. Ал Ричмонд Лондонда елшілікте қызмет істейді екен.

— Ә, солай ма!

— Әкесі мен шешесі ағылшындар екен, ол өзі осында туыпты. Сенің көзіңе не болған, қып-қызыл ғой. Жылағансың?

— Жоқ, — деп жауап қатты ол күліп. — Мен өз ертегілеріме тесіліп коп қарасам керек, ал олардың күні шағырайып, алау атып тұрады ғой. Камила тәртіпті бала болсаңшы қағазды жырта бермей, онсыз да оларды біраз жырттың.

— О, құдая, ойланып қалыппын ғой. Ашуланба, Юханнес.

— Жай ғана нәрсе ғой. Бұлар бір жоба-жоспар сияқты шимайлар. Ал тоқтай қал, шашыңда шамасы раушан гүл болға^ау, ә.

— Болғанда қандай, қызылы емес, қара раушан. Юханнес, білсең бар ғой, біз бал айымызды Лондонда еткізуімізге болады. Онда жұрт айтып жүргендей онша жаман көрінбейді. Туманы ешқашан айықпайды дейтіндердікі ойдан шығарылған аңыз.

— Оны сен қайдан білесің?

— Ричмондтан естідім, оны бүгін түнде сол айтты, өзге-өзге ол біледі. Сен Ричмондпен таныс емес пе едің?

— Жоқ, таныс емеспін. Баяғыда ол мен үшін тост көтергені бар, жейдесінде жауһар зәпөнкесі бар жігіт емес пе. Ол туралы білетінім де, есім дегісі де сол ғана.

— Ол тұла бойы тұрған бір ғажайып. Елестетіп көрші, маған келіп, басын иіп тағзым етіп "Бикеш, сіз шамасы мені білмейтін шығарсыз!.." деп тур. Ал білесің бе, мен раушан гүлін соған сыйладым. — Раушанды? Қай раушан гүлін? — Шашыма таққан раушанды соған сыйладым. — Байқаймын сен оны сүйіп қалғансың ғой, тегі? Қып-қызыл боп кетіп ол шырылдап қорғана бастады. — Ондай ой, тіпті тамшыдай да болған жоқ. Егер біреу саған ұнаса, сен де оған жақсы қарасаң, оның бәрі... Фу, Юханнес, сен есіңнен адасқан екенсің. Бұдан бұлай өмірде ешқашан оның есімін ауызға алмайын. — Тәңірі жарылқасын Камила, жалпы мен оны айтайын дегенім жоқ. Кәне, ондайды ойла машы... Қайта мен оған сенің көңіліңді аулағаны үшін алғыс айтқым келеді. — Енді жетпегені сол еді — айтып қара тек! Мен оған өмірімде енді қайтып ешқашан бір ауыз соз айтпаймын. Үнсіздік. — Жә, жарайды, бұдан бұлай бұл туралы ештеңе айтпаймыз. Сен не, кеткелі жатырсың ба? - Иә, кететін уақытым болды. Жұмысың қалай жүріп жатыр? Ол жайында анам да біле кел деп еді. Ойлап қарашы, Викторияны ' көрмегелі коп болып еді, әлгінде ғана кездестірдім оны.

— Әлгінде дейсің бе?

— Саған келе жатқан жолда. Құдая, қалай жүдеп кеткен ол Маған жымиып күле қарады. Бері қарашы, сен жуық арада үйіңе барғалы жиналып жүрсің бе?

— Иә, таяуда, — деп ол атып тұрды. Оның беті қызарып кетті. Мүмкін, осы таяу күндері жүріп кетермін. Алда мен оған дейін бір дүниелерді жазып бітіруім керек, ертегілерімнің түйіні тәрізді бірдеңені ойлап қойып едім. О, иә, оны жазуға және сөзсіз жазуға тиіспін. Қиялдап көрші, сен жерге құс ұшар биіктен қарайды екенсің, — сонда оның таңғажайып, алабажақ папа қапталына ұқсас екеніне көзің жетеді. Оның қатарма жіктерінде кісілер жұптасып серуендеп жүреді, күн кешкіреді, бұл махаббат мезгілі. Өз кітабымды мен "Әулеттен әулетке дейін" деп атаймын. Маған ол ұлан-асыр сурет болатын сияқты көрінеді, оны мен ой көзіммен жиі көретінмін. Сонда маған кеудем көріктей далиып, құшағыма бүкіл жер сыйып кететін секілденетін. Міне, олар — адамдар, жануарлар, құстар, әлі әрқайсысы үшін махаббат сағаты соғады, Камила. Төңіректегінің бәрі құштарлықпен күтуге құмар, көздерінде жалын кеуделерінде толқын тулайды. Жерді жұқалтаң жалқын, күллі жалаңаш жүректердің ұялшақ қызғылт нұры орайды. Тек әлдеқайда алыста ұйқыдағы алып жартас асқақтайды, ол ештеңе көрмейді де естімейді. Ал ертеңгілік Тәңірінің өзі айналадағының бәрін күннің алау нұрымен жарқыратып жібереді. Кітап "Әулеттен әулетке дейін" деп аталады.

— Міне, қандай ойлар!

— Иә, осыны аяқтаған соң қайтып келемін. Менің амандығымды білуге келгенің үшін коп рахмет. Әлгі айтқанымды ұмыт. Менде ешқандай жаман ой болған жоқ.

— Мен онсыз да ұмыттым. Бұдан былай оның есімін ешқашан аузыма алмаймын.

Келесі күні таңертең Камила қайта келеді. Ол өзіне-өзі келе алмай, боп-боз болып қатты толқыған.

— Саған не болған? — деп сұрады ол. — Маған ба? Ештеңе де болған жоқ, — деп қыз асығыс жауап қатты. Өтінемін, маған бірдеңе болып қалған екен деп ойлама, мен сені сүйемін. Ал менің қандай шешімге келгенімді білесің бе: біз Лондонға бармаймыз. Онда не жақсылық бар дейсің. Анау мылжың өзі де ештеңе білмейді, тұман ол айтқаннан онда әлдеқайда көп түсетін көрінеді. Сен маған неге бұлай қарадың? Мен оның атын атағаным жоқ қой. Суайт бір жүрген, өтірікті сықпыртқанда шімірікпейді. Ешқандай да Лондонға бармаймыз.

Юханнес оған қарап, тесіле түседі.

— Жақсы, Лондонға бармаймыз, — дейді ол ойлана.

— Міне, жақсы! Демек, барлығы да шешілді. Ал сен анау "Әулеттен әулетке дейін" деген кітабыңды жазып бітірдің бе? Құдая, бұл өзі қандай қызық жоспар. Соны тезірек тәмамдап, бізге келсеңші, Юханнес. Өзің айтқандай, махаббат сағаты соқсын да. Папаның қатарма жіктері көп ғажап қапталы, түннің алқызыл жалқыны, — көрдің ғой, айтқандарыңның бәрін қалай қағып алғанымды. Кейінгі кезде сенде сирек болып жүрмін, енді күнде келіп, жұмысыңды қашан бітіретініңді біліп тұрамын.

— Жуықта бітіремін, — дейді ол қыздан көзін алмай.

— Ал бүгін сенің кітаптарыңды алып өз бөлмеме апарып қойдым. Оларды қайта оқып шыққым келеді, мені ол ешқашан зеріктірмейді, құмарта оқимын. Бері қарашы, Юханнес, жақсылық жасап, мені үйге дейін шығарып салшы. Менің үйге жалғыз баруым жақсы болмас. Білмеймін, біреу-міреу, бәлкім, мені көшеде аңдып жүрген шығар, әрлі-берлі қыдырған болып күтіп жүруі де мүмкін ғой. Оған тіпті сенімдімін... — Кенет ол жылап жіберіп сыбырға көшті: — Мен оны суайт атадым, менің тарапымнан бұл ағаттық. Оны осылай атауым менің өзіме де ауыр. Ол маған өтірік айтқан жоқ, қайта керісінше, барлық кезде... Бізде сейсенбі күні қонақтар болады, бірақ олардың арасында ол жоқ, ал сен кел, естіп тұрсың ба? Уәде етесің бе? Әйткенмен де мен ол туралы жаман айтпауым керек еді. Сенің мен жайында не ойлап тұрғаныңды мен білмеймін...

— Шамасы, саған не болғанын енді ғана түсіне бастадым, — деп жауап қатты ол

Қыз оның мойнына асылып, асып-сасып дірілдеп кеудесіне жабысты.

— Бірақ мен сені де сүйемін ғой! — деп дауыстап жіберді. — Маған сен. Мен оны ғана сүймеймін, мәселе оған жеткен жоқ. Былтыр сен мені айттырғанда, сондай бақытты едім, ал енді ол пайда болды. Ештеңе түсінбеймін. Мен соншалық спайымын ба, Юханнес? Бәлкім, оны сенен сәл-пәл артық сүйетін шығармын — өз-өзінен осындай бір сезім лап етті. Құдай-ау, оны көргеннен бері түн баласы ұйықтамай шығамын, оны барған сайын қатты сүйіп барамын. Не істеу керек маған? Сен менен әлдеқайда үлкенсің ғой, ақыл беруің керек. Ол мені осында бастап алып келді, енді мені үйге шығарып саламын деп күтіп тур, тоңып қалған шығар, шамасы. Сен мені жеккөресің бе, Юханнес? Мен онымен сүйіскенім жоқ, жо-жоқ, тек раушан гүлін ғана бердім.

Юханнес былқ етпей тыңдап алды. Сосын ғана:

— Менде саған айтар жауап жоқ, — деді.

— Рахмет, қымбатты Юханнес, маған ашуланбағанмын үшін рахмет, — деді ол көз жасын сүртіп. — Тек біліп жүргейсің, мен сені де сүйемін. Құдая, енді саған әлдеқайда жиі келін, қалағаныңның бәрін істеймін. Әншейін оны артығырақ сүйемін. Бірақ бұны қалағаным жоқ. Мен кінәлі емеспін.

Ол үндемей орнынан тұрды да, қалпағын киіп:

— Кеттік пе? — деді.

Олар баспалдақпен төмен түсті.

Көшеде Ричмонд түр екен. Бұл қара шашты жігіт екен, қара көзінен жастығы мен өмірге құштарлығы мен мұндалап тұр. Аяздан беті қызғылт тартыпты.

— Сіз тоңып қалған жоқсыз ба? — деп сұрады Камила оған ұмтылып.

Толқығаннан қыздың даусы шыңылтырланып шықты. Сосын ол кері Юханнеске ұмтылды, оның қолын ұстап:

— Кешір, сенен тоңған жоқсың ба деп сұрамақпын ғой. Сенің пальто киіп шықпағаның не? Қаласаң мен барып алып келе қояйын. Қажетсінбейсің бе? Онда күртеңді түймеле тым құрса.

Сөйтіп, қыз оның күртесінің түймелерін салып берді.

Юханнес Ричмондқа қолын ұсынды. Қазір болып жатқандардың өзіне ешбір қатысы жоқтай-ақ, оның ойлары әлдеқайда алыста жүрген. Тиянақсыз жымиып:

— Сізбен қайта кездескеніме қуаныштымын, — деп міңгірледі.

Ричмондтың жүзінде қысылу да, қуану да жоқ. Ол Юханнеске ескі досын көргендей қуанып қалды, қалпағын шешіп, сыпайы тағзым етті.

— Жақында Лондондағы кітап дүкендерінің бірінің жарнама әйнегінен сіздің кітабыңызды көрдім, — деді ол — Ағылшын тіліне аударылған екен. Оны көру бейне бір отаныңнан сәлем алғандай әсер етті.

Камила көзін бірінен кейіп біріне аударып екеуінің ортасында үнсіз келе жатты. Ақыры ол:

— Сонымен сен сейсенбіде кел, Юханнес. Ой, кешір, мен ұдайы оз шаруамды күйттеп кетемін, — деп күлімдеп сөзін жалғастырды. Сол арада ақталғандай бұрылып, қонаққа Ричмондты да шақырды. — Тек жақын кісілер ғана болады, анасымен Виктория да шақырылды, ал барлығы он адам келеді.

Юханнес кенет тоқтай қалып:

— Бәлкім, маған үйге қайтар уақыт болған шығар, — деді.

— Демек, сейсенбіге дейін, — деп жауап қатты Камила.

Ричмонд Юханнестіц қолын ұстап, оны ықыластана қысты.

Бақытты жастар жұп болып жолын әрі жалғастырды.

XІІ

Көк көйлекті келіншек толқығаннан өзіне-өзі келе алмай тұр, сәт сайын бақша жақтан шартты белгі күтеді, әзір күйеуі барында үйге кіре алмайды. Ah, осы бір бай ма, қырықтағы қырқылжың, оның үстіне таз! Бүгін кешкісін қандай қаскөй ой оны орындыққа шегелеп, тырп еткізбей, газетке тесіліп қойғанын?

Ол өзін қоярға жер таппай жүр, міне, сағат он бірді де соқты. Балаларын баяғыда-ақ ұйықтауға жіберген, ал байы қасарып жатпай қойды. Шартты белгі беріліп, құпия кілт есікті ашып кіріп келсе, екі еркек бетпе-бет келіп, бірінің көзіне бірі алая қарайды ғой. Ол бұны аяғына дейін ойламапты ғой.

Бөлменің қараңғы бұрышына кіріп алып келіншек өз қолын өзі бұрап, ақыры шыдамай:

— Сағат он бір болды. Егер клубқа баратын болсаң уақыт болды, — деп быжылдады.

Күйеуі бірден атып тұрып, бұрынғысынан бетер сұрланып, әуелі бөлмеден, сосын үйден шықты.

Бақтың қоршауының сыртында тоқтап, баяу ысқырық естіді. Қиыршық тастан аяқтың шықыры шықты, бақ есігіне кілт салып, бұрап қалды, ол көп ұзамай қонақжай пердесінен екі адамның сұлбасы көрінді.

Ысқырық та, аяқ шықыры да, қос көлеңке де оған көптен таныс болатын.

Ол клубқа қарай тартты. Ол ашық екен, терезелерінде шам жанып тұр, бірақ бұл кірген жоқ. Жарты сағаттай көшеде, оз бағының маңында сенделді. Таусылмайтын жарты сағат "Әлі де тоса тұрайын" деп ойлаған ол тағы да ширек сағат тосты. Ақыры ол баққа еніп, баспалдақпен көтеріліп, өз үйіне өзі қоңырау шалды.

Қызметші қыз есікті сәл ашып, саңылаудан сығалай қарап:

— Қожасым баяғыда... — дей беріп еді, алдында кім тұрғанын көргенде сасып қалды.

— Әлбетте, жатқан болар, — деп іліп әкетті қожайын. — Оған айтыңызшы, күйеуі келіп қалды деп.

Қыз жүгіріп кетті. Ол қожайынның есігін қағып:

— Мені қожайын оралғанын хабарласын деп жіберді, — деп сыбырлады жабық есіктің сыртынан.

Есіктің аржағынан қожайын:

— Сен не дедің қожайын оралды дейсің бе? Оны маған хабарла деген кім? — деп сұрады.

— Қожайынның өзі. Ол алаңда, яғни басқыш алаңында тұр.

Қожайынның бөлмесінен дәрменсіз айқай, сосын асығыс күбір-сыбыр естіліп, есік ашылып-жабылды да, бәрі тына қалды.

Қожайын үйге кірді. Әйелі не тірі емес, не өлі емес әрі-сәрі болып қарсы алды.

— Клуб жабық екен, — деп аяғандықтан асығыс баяндай бастады. — Қызметші қызға сені шошытып алмас үшін ескерттім.

Келіншек орындыққа сылқ ете қалды, өйткені көңілі орнына түсті, ол құтқарылды, енді бақытты. Осынау мәре-сәре жағдайда қайырымдылық рухы үстем шығып, күйеуінен ол өзін қалай сезінетінін сұрады.

— Сенің өңің келмейді, құп-қу. Ауырып тұрасың-ау, сүйіктім?

— Мен сырқат емеспін, — деп жауап берді ол.

— Әлде бірдеңе болды ма? Бетіңді бір түрлі тыржитасың.

— Бұл менің күліп тұрғаным, — деп жауап қатты күйеуі. — Менің жымиған түрім осы. Осы сәттен бастап өзімнің ерекше мәнеріме мен күлетін боламын.

Келіншек үздік-создық қырылдаған сөздерге құлақ түргенімен олардың мағынасын түсіне алмайды. Оның не айтқысы келеді, өзі?

Кенет ол келіншегін құшақтай алып, алапат күшпен бауырына қысып, тура бетіне қарап сыбырлады:

— Ал егер оның басына, әлгі кеткеннің басына мүйіз қондырсақ қайтеді... әлгі кеткеннің басына мүйіз...

Келіншек шарылдап қызметші қызды шақырады. Қысқа ғана бір мырс етіп ол әйелін қоя береді де аузын арандай ашып, санын шапақтайды.

Таңертең әйелдің қайырымды жүрегі тағы да үстем түсіп, күйеуін аяп:

— Кеше кешкісін сенде сұмдық шалық болды, байқаймын, ол өткен сияқты, бірақ өңің әлі боп-боз, — дейді.

— Иә, — дейді күйеуі. — Біздің жасымызда тапқырлыққа толғату қымбатқа түседі. Бұдан былай мен ешқашан астарлап сөйлемейтін боламын.

Әр алуан махаббат жайында әңгімелейді Мукден Кент, сосын тағы да бір сүйіспеншілік жөнінде айтып.

— Құштарлығы осы махаббаттан асқан ештеңе бұл жарық дүниеде жоқ, — деп қосып қойды.

Жаңа некеленгендер үйіне оралды, ұзаққа созылған үйлену саяхатының да аяқталар күні туып, олар қосақтасып өмір сүре бастады.

Аспанда аққан жұлдыз олардың үйінің шатыры үстінен зу етіп ғайып болды.

Жазда жас жұбайлар бір-біріне тақаса жүріп сейілдеді. Олар сары, қызыл және көгілдір гүлдер теріп, бір-біріне сыйлады, желмен шөптердің қалай жайқалатынына қарады, орманда құстардың қалай сайрайтынын тыңдады, олардың әрбір сөзінде наз, еркелік болды. Ал қыста қоңыраулы шанамен серуендеді, сонау заңғар биікте мәңгу жазықтарда жұлдыздар жүйткіп жүрді. Осылай көп жыл өтті. Жас жұбайлардан екі нәресте туды, алайда жүректері алғашқы сүйісуі сияқты бір-біріне тиесі боп қала берді.

Аяқ астынан күйеуі ауырып қалды, әр азаматты науқас ұзақ уақыт төсекке таңды, зайыбының шыдамын қатал сынға салды. Ақыры ол сауығып төсектен тұрғанда өзін-өзі танымай қалды, сырқат сарқын қашырып, күллі шашы түсіп қалыпты.

Кермек ойлар көңілін құлазытты да бірде ол жарына:

— Сенің енді мені сүймейтінің анық, — деді.

Зайыбы қып-қызыл боп кетіп, оның мойнына асылып, өз өмірлерінің көктем індегідей құштарлықпен ерін қайта-қайта сүйіп:

— Мен сені сүйемін, бұрынғыша қалтқысыз сүйемін, — деп жауап қатты. — Сенің таңдауың басқаға емес, тура маған түскенін ешқашан ұмытпаймын, бүгінгі бақытымды сыйлаған бір өзіңсің.

Сосын ол өз бөлмесіне кіріп бұрымын кесіп, тұлымын қырқып, сүйген жарынан бөлектенбеймін деп тақыр бас болып шыға келді.

Тағы да көп жылдар, өте көп жылдар өтті, жас жұбайлар қартайып, олардың балалары ересек болды. Ерлі-зайыптылар қуанышқа қоса шүйгіп, жаз болса, алқапты аралап, шөптің қалай жайқалып өскеніне қарап, қыс болса, жұлдызды аспан астында тонға оранып шана тепті. Олардың жүрегі тылсым шарап ішкендей сол баяғы жалыны мен шаттығынан танған жоқ.

Кенет міне, әйелі сал боп қалады. Егде әйел енді қайтып өз бетімен жүре алмайды, оны қол арбаға салып қыдыртуға тура келеді, мұның бәрі ерінің мойнында болады. Ол өзінің айықпас ауруынан азап шегіп, қайғы айғыздап бетіне әжім салады.

— Бұдан да менің өліп қалғаным жақсы болатын еді, — дейді бірде ауру әйел. — Мен бейшарамын, ұсқын сызбын, сен әлі әп-әдемісің. Сен мені сүйе алмайсың және бұрынғыдай жақсы да көрмейсің ғой.

Ал күйеуі болса толқудан бұрқ ете қап оны құшақтай алады:

— Жоқ, бақытым менің, сені өз өмірімнен де артық көремін, баяғы маған гүл сыйлаған алғашқы күндегідей, алғашқы сәттегідей сүйемін. Есіңде ме, маған раушан гүлін ұсынып жүрек шымырлатар жарқын жанарыңмен қиыла қарағаның. Гүл сонда өзің құсап жас жанымды аялады, өзің де сол гүлге ұқсап нарттай жанып тұрдың, мен болсам бақытыма мас едім. Ал қазір сені бұрынғыдан әлдеқайда артық сүйемін, мен үшін сен жас күнімдегіден де тамашасың, менімен бірге болған әр күнің үшін саған мың да бір алғыс.

Сосын ол өз бөлмесіне кіріп кетіп, бетіне күкірт қышқылын шашып, ұсқынсызданып шыға келді де зайыбына:

— Сорым қайнап, бетіме күкірт қышқылы шашырап кетті, жүзім алабажақтанып, сиық дегеннен сиық қалмады, енді сен мені сүймейтін шығарсың деді.

— О, менің жарым, менің сүйіктім! — деп күбірледі карт әйел ерінің қолын сүйіп. — Сен жер бетіндегілер дің бәрінен де тамашасың, менің жүрегім сенің үнің шыққанда әлі күнге дейін бұлк ете қалып, тыпырши жөнеледі, мен сені қашан өліп басым қара жерге жеткенше сүйіп өтемін.

XIII

Юханнес көшеде Камиланы кездестірді; ол шешесімен, әкесімен және жас Ричмондпен бірге келе жатыр екен, күймені тоқтатып мұны шақырды.

Камила қолынан ұстап, сөзін назбен бастады:

— Сен бізге келмедің. Білсең ғой, балдың қандай болғанын. Сені соңғы минутке дейін күттік, бірақ келмедің.

— Қолым тимеді, — деп жауап қатты ол

— Содан бері саған кіріп-шықпағаныма кешір, — деп сөзін әрі қарай сабақтады ол. — Мен осы таяу күндері Ричмонд кете салысымен сөзсіз соғамын саған. Ай, бізде қандай бал болды десейші! Тек Виктория нашарлап қалып, оны үйіне алып кетті, ол туралы есітіп пе едің? Жақында халін біліп қайтамын. Қазір хәлі біршама жақсарған шығар, тіпті мүлдем айыққан да болар. Ричмондқа мен өзіңдегідей медальон сыйладым. Бері қарашы, Юханнес, бөлмедегі пешке абай боламын деп уәде берші. Сен жаза жөнелгенде бәрін де ұмытып кетесің, сондықтан бөлмең суық, дәл бір жертөле сияқты. Қызметші әйелді шақыртуың керек қой.

— Жақсы, мен қызметші әйелді шақыртайын, — деді ол. Семер бәйбіше де Юханнестің хал-ахуалын біліп, амандығын сұрап жатыр. "Әулеттен әулетке дейін" кітабының жазылу барысын біліп, шығармасын асыға күтетінін айтты.

Юханнес барлық сауалдарға да жауап беріп, басын иіп тағзым етті. Күйме қозғалып кетті. Мұның бұлардың бәрінде — мынау

күймеде, мынау адамдарда, әлгі бос мылжыңда не шаруасы бар. Кенет оның көңілі қоңылтақсып, суық шарпып өткендей болды, осы сезімнен ол қашан үйіне жеткенше айыға алмады. Көшеде оның есігі алдында бір адам жүрген сықылданды. Бұл Юханнестің ескі танысы, Құлпы сарайдағы бұрынғы мұғалім екен. Онымен Юханнес шүйіркелесе сәлемдесті. Мүғалім жылы киініп алыпты, үстінде ұзын, мұнтаздай етіп тазаланған тәуір пальто, өзі жасарып кеткен сияқты, жүзі айдынды. — Алдыңызда тұрған өзіңіздің досыңыз әрі әріптесіңіз, — деп баян етті ол Маған қолыңызды беріңізші жас жігіт. Кейінгі кезде тәңірі құдай мені қайырлы хақ жолымен жүргізіп, мен отбасылы болдым, енді үйім, шағын бағым, әйелім бар. Жарық дүниеде ғажайыптар әлі де бола береді екен. Бұған қарсы сіздің не айтарыңыз бар? Юханнес мұғалімге қайран қалып қарады. -Демек, қарсылығыңыз жоқ қой? Онда былай, мен оның баласына сабақ бергенмін. Оның алғашқы некеден ұлы бар, бұрын тұрмысқа шыққан, сосын жесір қалған Сөйтіп мен жесірге үйлендім. Бесікте жатқанда маған мұндай болашақ тілемеген болар, әйткенмен менің үйленгенім жесір болды. Біздің жүгірмек, демек, бірінші некеден. Бір сөзбен айтқанда, мен онда бардым, баққа, жесірге көз салдым, осы тақырыпта ұшы-қиырсыз ойға баттым. Кенет, мәссаған, бәрі маған осыны ұсынып түр. "Иә-иә, саған бесікте жатқанда мұндай тағдыр тілемеген болар" деймін өзіме-өзім, өзге де ойларым осы тектес, сонда да мен келісімімді бердім, кім білсін, шыр етіп жерге түскенімде маңдайға жазылғаным осы болар. Сөйтіп, міне, бәрі осылай болып шықты.

— Құттықтаймын, — деді Юханнес.

— Тоқтай қал! Бұдан әрі бір сөз айтушы болма! Мен сіздің не айтқалы тұрғаныңызды білемін. Ал анау алғашқы, бозбала шақтың мәңгілік махаббаты не болды деп сұрағалы тұрсыз ғой. Ол артиллерия капитанына тұрмысқа шыққан жоқ па еді? Тағы да бір болмашы сұрақ: еркектің өзі қалағанын алғаны бір рет болсын, болып па еді, өмірде бір рет болып па еді? Меніңше, болған жоқ. Құдайдың бір сүйген құлы жөнінде әңгіме есіткенім бар, жаратқан жалғыздың өзі оның жалбарынған тілегін қабылдап оған бірден -бір алғашқы махаббатын жұбайылыққа беріпті. Бірақ бұл жақсылықпен бітпепті. Неге деп сұрайсыз ғой сіз тағы да, жауап берейін: себебі қалыңдық ұзамай қайтыс болыпты, түсіндіңіз бе, ха-ха-ха! Қашанда осылай ғой. Қалағанын ешкім де әйелдікке алған емес, алса ол сол сәт опат болады. Тағдыр дегенің бізбен міне, қандай

зұлмат ойын ойнайды десейші. Сондықтан кісі өзіне басқа махаббат тілейді, қайтсе де ұтылмауға тырысады. Мұндай өзгерістен өлген ешкімді әлі көргенім жоқ. Табиғаттың, өзі осылай құрылған ғой, адамдар бұдан да бетіне төзеді, оған сізді сендіре аламын Оның айқын мысалы мына мен.

— Байқаймын өміріңізге разы сияқтысыз, — деді Юханнес.

Әбден, қолдан келсе қоныштан баспай не, бәрі де мүмкіндігіне қарай. Қам-қарекеттің шексіз теңізі менің сүйгеніме із қалдырды ма? Міне, менің қарным тоқ, көйлегім коп, басымда үйім, қойнында әйелім, бауырымда балам бар — әлгі еріп келген жүгірмекті айтамын. Менің әдейі айтайын дегенім осы еді. Ал менің өлеңдеріме келсек, тұспалдамай дұрысын айтайын. О, менің жас әріптесім, мен сізден үлкенмін, әлбетте, табиғат дарынын недәуір жомарт сыйлаған да болуы мүмкін. Соған қарамастан менің өлеңдерім әлі жазу үстелінің тартпа жәшігінде жатыр. Олар мен ілгеннен кейін басылып шығады. "Демек, одан өзіңізге түк пайда жоқ қой!" дейтін шығарсыз. Олай айтсаңыз, тағы да жаңылысасыз, қазіргі кезде мен олармен өз отбасымның жанына азық беріп жатырмын. Кеш сайын үстелімнің жәшігін ашып, өз өлеңдерімді алып, оларды жұбайым мен жүгірмегіме оқып беремін дауыстап. Әйелім қырықта, ұлым он екіде, екеуі де менің өлеңдеріме тамсанып таңдай қағады. Айтқандай, жағдайыңызға қарай біздің үйге соқсаңыз қонақасы жейсіз. Өзіңізді қонаққа шақырылдым деп санаңыз. Құдай қолдап, панасына ала жүрсін сізді.

Ол Юханнеске қолын созды. Сосын тағы бір сұрақты қойып қалды:

— Виктория туралы естіп пе едіңіз?

— Виктория туралы дейсіз бе? Жоқ. Яғни, естігенім тек ол...

— Оның күннен күнге солып, сөніп бара жатқанын қалай байқамадың? Көзінің алдындағы көлеңкесі барған сайын қарауытып бара жатқан жоқ па еді?

— Мен оны өткен көктемнен бері көрген емен. Сонда ол күні осы уақытқа дейін ауру ма?

— Иә, — деп мұғалім күтпеген батылдықпен жер тепкіледі.

— Маған осы таяуда айтты... Жоқ, оның солып бара жатқанын байқағаным жоқ, өйткені оны кездестірген жоқпын. О не, ол қауіптенерліктей ауру ма?

— Өте қатты сырқат. Мүмкін, ол өліп те қалған шығар. Түсінесіз бе?

Юханнес асып-сасып абдырап мұғалімге бір, есігіне бір қарады. Кетерін де, қаларын да білмей апалақтап тағы да мұғалімге, оның шұбаланған ұзын етек пальтосына, қалпағына қарады. Сосын аянышты, азапты кейіппен жымиып күлді. Әдетте осылай аяқ астынан қырсыққа шалынған, кесапатқа ұшыраған ғана адам жымиятын

Ал қарт мұғалім сөзін үрейлі мақалымен жалғастырды:

— Тағы бір мысал, .мұны жоққа шығарып көрші кәне! Ол да өзінің қалағанына, яғни бала күнінен атастырылып құдай қосқан қосағына, жас, тамаша лейтенантқа шыға алмай қалды. Бір күні кешкілік аңға шыққанында қаңғыған оқ қақ маңдайынан қадалып, басының быт-шыты шығыпты. Міне, ол алдыңда жансыз жатыр деңіз — қалжыңның құрбандығы. Құдай тағалаға пендесімен осылай ойнау қажет болғаны да. Оның қалыңдығы Виктория болса, сола бастады, қасірет жыланы жүрегін жалап-жұқтап, үңгіп жеп, ол бәріміздің, бүкіл достарының көз алдында сола, сөне бастады. Осыдан бірнеше күн бұрын ол Семер дегендердің үйіне қонаққа барады. Оның өзі маған айтқанындай, онда сізді де күтіпті, бірақ сіз келмепсіз. Сонымен, сол балда орнында бір секунд те отырмайды, күйеуі жөніндегі естеліктер толқыны жүрегіне лап қойып, ол өзін ұмытып қатыбас тағдырына ерегесіп, ештеңенің қарсылығына қарамастан бүкіл кеш бойы билейді, есінен адасқан адамдай ексімдей - ексімдей билейді. Ал сосын құлап түседі, ол құлаған жер кілкіген қан болып кетеді. Оны көтеріп алып кетеді де, күймеге салып, үйіне аттандырады. Содан онша көп ұзамаса керек.

Мұғалім Юханнеске тақап келіп, үзілді-кесілді:

— Виктория қайтыс болды, — деп тік еткізді.

Юханнес соқыр адамдай сипалақтап, қолымен алдын қармап, апалақтады да қалды.

— Қайтыс болды дейді? Қашан? Олай болуы мүмкін емес. Виктория қайтыс болған ба?

— Қайтыс болды, — деп жауап қатты мұғалім. — Бүгін таңертең, анығын айтқанда түске таман көз жұмды. — Ол қолын пальтосының қалтасына салып, одан бір қалың конверт алып шықты. — Ал мынау хатты ол сізге тапсыр деп өтінген еді. Мынау сол "Мен өлген соң бер" деп еді. Ол қайтыс болды. Енді хатты өзіңе тапсырамын Менің міндетім осымен отелді.

Қоштаспастан, қайтып бір ауыз соз айтпастан мұғалім жалт бұрылып, шапшаң басып көшемен төмен түсіп, көрінбей кетті. Ал Юханнес хатты қолында ұстаған қалпы қалшиып тұрды да қалды. Виктория қайтыс болыпты. Ол оның есімін ештеңе бейнелемейтін көмескі үнмен дауыстап қайта-қайта атады. Хатқа қарап еді, — таныс жазу, бас әрпі, жай әрпі ап-айқын, жолдары түп-түзу. Ал мұны жазған иесінің өзі жоқ - дүние салған. Ол басқы есікке кіріп, баспалдақпен жоғары көтеріліп, саусылдаған көп кілттердің арасынан керегін тауып алып, есікті ашты. Бөлменің іші қараңғы, әрі салқын екен. Ол терезенің алдына келіп, жалқындап батқалы тұрған күннің жарығымен Викторияның хатын оқуды қолға алды. "Қымбатты Юханнес, — деп жазыпты ол. — Сіз осынау хатты оқығанда мен бұл дүниеде болмаймын. Менің сізден еш ұялмай, арамызда ешқандай кедергі жоқ сияқты, қайтадан хат жазып отырғаным қызық қой, өзі. Бұрын денсаулығым дұрыс еді, сізге қайтадан хат жазғаннан гөрі күні-түні азап шегіп, өзімді-өзім іштей жегенді артық көретінмін, енді тірлік шіркін менен аулақтап барады, барлығы да өзгерді. Аузымнан қалай қара қан ақтарылғанын жат адамдар көрді, дәрігер қарап жіберіп, өкпем іріп, біреуінің болмашы ғана бөлегі қалғанын айтты, енді неден ұялып, қысылып -қымтырылмақпын. Сары төсекте сарылып жатып, сізге айтқан соңғы сөздерімді ой елегінен өткізіп жатырмын. Мұның өзі кешқұрым орманда болып еді ғой. Онда мен мұның өзіңізге арналған ақтық сөзім болатынын білгенім жоқ та, әйтпесе сізбен қоштасып, рахметімді айтпас па едім. Ал енді сізді қайтып көре алмаймын, сондықтан сол бір кездескенімізде алдыңызда тізерлеп тұрып, аяғыңызды сүймегеніме, табаныңыз тиген топырақты сүймегеніме, өзіңізді ғана сүйетінімді жарияға жар салып ашық айтпағаныма сондайлық өкінемін де опынамын. Осында жатып бүгін де, кеше де үйге қайтып оралып, орманнан екеуміз қатар отырып, қолымды қолыңызға салып аялаған жерді тауып, топырағына аунап, басқан ізіңізді іздеп, көкбұтаны сүю үшін аздап сауығып, аяғымнан тік тұруды ұдайы армандадым емес пе. Алайда анам айтқандай, сәл де болсын тәуірленбей туған үйге орала алмаймын.

Қымбатты Юханнес! Менің жер бетіндегі барлық сыбағам — бұл дүниеге келіп, бір сені сүйіп, тірлікпен қош айтысу ғана деген ұғымға көндігуім сондай қиын болып жатыр. Қозғалмай жатып соңғы сағатың мен күніңді күтуден оғаш не бар екен. Ілбіп аттаған сайын біртіндеп өмірден, адамдардан, көшенің ызы-шу әбігерінен аулақтап кетіп барамын, енді қайтып көктемді ешқашан да көрмеймін, ал мынау көшелер, бақтағы ағаштар ештеңе көріп білмегендей тірлік құрып тұра береді. Бүгін маған кереуетте аз ғана отырып, терезеден қарауға рұқсат етті. Бұрышта әне екі кісі кездесіп, қол алысып амандасты, өзара әңгімелегісі, күлісіп жатыр, ал мен болсам, осылай шалқалаған бетіммен өмірден өтуім керек. Ал төмендегі анау екеуі ғой, менің өлім сағатын күтіп жатқанымды білмейді, тіпті білсе де бір-бірімен бәрібір амандасып ашық-жарқын әңгімелесе берер еді. Кеше түнде, көзге түртсе көргісіз қараңғылық түскенде, менің соңғы сағатым соққандай болды, жүрегім тоқтап, құлағыма бейне бір мәңгіліктің күбірі келгендей сезіндім. Алайда келесі минутте оянып, тынысым қалпына қайта келді. Анам болса мені үйдің іргесіндегі өзен мен сарқыраманың шулы сарынын еске түсіріп жатыр деп ойлады.

Тәңірі құдайым-ай, менің сізді қалай сүйгенімді білуіңіз керек, Юханнес! Алайда оны сізге көрсете алмадым, оған коп нәрсе бөгет болды, бәрінен бұрын өзімнің төл мінез-құлқым кедергі келтірді. Әкем де өзіне-өзі тым қатал болды, ал мен одан асып қайда барамын, қызымын ғой. Ал енді өлгелі жатып ештеңені де түзете алмайсың, жазып отырған себебім соның бәрін айтып кету. Бұның бәрін де не үшін жасап жатқаныма өзім де қайран қаламын. Әсіресе менің көзім жамылғаннан кейін бұның сізге бәрібір емес пе. Әйткенмен ақтық минутімде өзімді бұрынғыдай жалғыз сезінбей, ойша болсын өзіңізбен қатар отырғандай көрінгім келеді. Менің хатымды қалай оқып отырғаныңызды көріп тұрғандаймыз, күллі қимылыңыз, иығыңыз көз алдымда тұр, алдыңызда хатты қалай ұстап, қалай оқып тұрғаныңызды да елестетіп отырмын Міне, біз бір-бірімізден онша алыс емеспіз деп ойлаймын. Сізді шақыртып кісі жіберуге менің хақым жоқ. Анам бұдан екі күн бұрын сізге кісі жіберткісі келіп еді, ал мен одан да хат жазуды артық көрдім. Оның үстіне сіз мені ауырғанға дейінгі қалпымда есіңізде сақтап қалуыңызды қаладым. Әлі есімде, сіз (осы тұста бірнеше сөз сызып тасталыпты) менің көзім мен қасымды; олар әлі күнге дейін бұрынғы қаз-қалпында. Міне, сіздің келгеніңізді қаламай жатқаным да сондықтан. Сізден тағы да бір өтінерім — маған табытта жатқанда қарамағайсыз. Шамасы, мен онша өзгере қойған жоқ шығармын, бұрынғыдан бозарыңқыраған болармын, үстімде, әрине, сары көйлек болады, дегенмен де мені көруге келсеңіз, сізге ауыр соғады.

Осы хатты жазуға мың мәрте оқталған шығармын, сонда да айтайын дегенімнің мыңнан бірін де қағазға түсіре алмай отырмын Қазір сондай қорқынышты, менің өлгім келмейді, жүрегімнің түкпірінде әлі де құдайға сенімім зор, кенеттен тәуір болып кетермін, тым құрыса көктемге дейін өмір сүрермін. Көктемде әйтеуір күн жадырап, ағаштар бүр жарып, жапырақ жаяды ғой. Егер мен жазылатын болсам, өмірі сіздің көңіліңізге келер ештеңе жасамас едім, Юханнес. Осыны ойлап қаншама көз жасын төктім мен бейбақ! Шіркін-ай, көшеге шықсам ғой, жолдың көмкерме тасын сипап, әрбір үйдің алдына аялдап, әрбір табалдырыққа алғыс айтып, барлығына мейірімімді үйіп-төгер едім. Ал менің өзіме жаман болса, жаман-ақ болсын — тек қана өлмей, өмір сүрейінші. Өмір сүру үшін боз біреу соғып жіберсе де қыңқ етпей, бір де сөз айтпай, күле берер едім, құдайға сиынып, алғысымды жаудыра берер едім, тек тірі жүрейінші. Мен әлі өмір де сүргенім жоқ қой, ешкімге ештеңе жасап та үлгермедім, сол құрмаған тірлігім, жасамаған ғұмырым әне-міне қыршынынан қиылғалы тұр. Егер маған өлімнің ауыр соғатынын сіз білсеңіз, аман алып қалуға қолыңыздан келгеннің бәрін жасайтыныңызда шек жоқ. Әрине, сіз де еш лаж жасай алмайсыз, дегенмен мен ойлаймын: егер сіз және барлық жұрт мен үшін құдайға жалбарынып, өмірімді ұзартуын тілесе, жарылқары көп жаратқан көп тілегіне құлақ асар ма еді, қайтер еді. О, оған қандай разы болып, алғыс айтар едім, ешкімге ешқашан кесір жасамас едім, не болса да бәрін күліп қана қарсы алып, маңдайыма жазғанның барлығып мойымай көтерер едім — тек тірі жүрсем болды.

Анам жанымда жылап отыр. Ол менің қасымда түні бойы көз жасын көлдетіп отырды. Бұнысы бір жағынан мені жұбатады, айырылысу күйігін азайтады. Бүгін ойыма тағы да мынау бір көрініс келді. Егер таңғажайып күндердің бірінде мен үстіме сәнді көйлек киіп, сізге тура көшеде қарсы жолығып, алдын ала әзірлеп қойған раушан гүлін сыйласам қайтер едіңіз. Сосын олай ешқашан жасай алмайтыным, қалағанымның ешқашан болмайтыны есіме түсіп, қашан басым қара жерге жеткенше, әзір ешбір жақсылық болмайтынына көзім жетті. Енді қазір жиі жылаймын, уанбай да, жұбанбай да жылай беремін. Кемсеңдемесем, кеудем де ауырмайды, бірақ көз жасын төкпей көкірек ашылмайды. Юханнес, сүйіктім, сүйікті досым, көз ашып көргендегі жер бетіндегі жалғыз ғашығым, кеш қараңғы болғанда келіп, менімен бірге отыр. Сені көрген шаттығымнан бар күшімді салып күлейін де жылайын, да күлейін. Ал менің өрлігім мен өжеттігім қайда кеткен, өзі! Мен енді оз әкемнің қызы емеспін бе, бұның бәрі әл-қуатымның қалмағаныиаи болар. Мен көп қайғырдым, Юханнес, осы соңғы күндерден көп бұрын-ақ зар илеп, жапа шеккенмін. Сіз шетелге кеткенде қасірет шектім, ал көктемде қалаға көшіп келгенімізден бергі әр күнім азап, әр күнім нала. Бұрын түннің мұншама шетсіз-шексіз ұзақтығын ешқашан байқамаппын. Осы мерзімнің ішінде сізді екі мәрте көшеде көрдім; бірде сіз әндетіп, жанымнан байқамай өте шықтыңыз.

Сосын сізді Семерлердің үйінде көрермін деп үміттеніп едім, келмей қалдыңыз. Мен онда да сізбен сөйлеспейтін, жаныңызға жақындап келмейтін едім, сізді көргенімнің өзіне мәз болып, мың да бір алғыс айтатын едім. Алайда сіз келмей қалдыңыз. Мен бол¬сам, сіз мен үшін келмей қалды деп ойладым. Сағат он бірде билей бастадым, одан әрі тосуға төзімім жетпеді. Иә, Юханнес, мен сізді сүйгенмін, бүкіл өмірімде тек сізді ғана сүйдім. Мұны жазып отырған Виктория, ту сыртымнан сөздерімді құдайдың өзі оқып тұр.

Ал енді сізбен қоштасуға тиіспін, мүлдем караңғыланып барады, ештеңе көре алатын емеспін. Хош, Юханнес, тірлік кешкен әрбір күнім үшін өзіңізге алғыс айтамын. Жерден ұшып бара жатып соңғы секундте сізге рахмет айтып, ұзақ сапарымда есіміңізді күбірлеп айтып жүремін. Бақытты болыңыз, кезінде кесел келтірсем кешіріңіз, өйткені аяғыңызға жығылып, ғапулық өтіне алмай барамын. Оны мен қазір оз жүрегімде жасап жатырмын. Бақытты болыңыз, Юханнес, мәңгілік қош болыңыз. Әрбір күнім, әр сағатым үшін, бәр-бәрі үшін тағы да рахмет. Бұдан әрі хәлім де, әлім де жоқ.

Өзіңіздің Викторияңыз.

Шам жағылып еді, әжептәуір жарық болды. Мен тағы да есімнен танып, жерден алыстап кеттім. Құдайға тәубе, бұл жолы онша үрейлі болған жоқ, тіпті баяу музыка үнін естідім — қараңғы да емес. Қандай разылық десейші! Әлім құрып барады. Хош, менің сүйгенім..."


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама