- 06 ақп. 2022 00:00
- 209
Махаббатсыз өмір бос
Жаратылыстың бізге сыйлаған сезімдерінің бірі-махаббат. Адам өмірінде ойда жоқта пайда болып, кенеттен жан-дүниеңді түсініксіз күйге енгізеді. Өзге әлемге тап болғандай өзгеше сезімде боласың. Бір жаннан өзгені байқамай, көзіңді шел басады. Махаббат сезімін сезініп, ғашық жандардың көзі байлаулы болады. Мінсіз адам болмайтыны барлығымызға мәлім. Ал, сенің сүйіктіңде бір мін жоқтай көрінеді. Иә, қазір екі жанның арасындағы махаббатты баяндамақшымын. Ғашық адам өз-өзіне ұксамай кетуі қалыпты жағдай. Адам жарымен кездескенде, мидың жүйке тізбектері басылады. Сондықтан, қабылданған шешім қате болуы мүмкін. Төрт минут-адаммен қарым-қатынас бола алатынын түсінуге жеткілікті. Сонымен қатар, жақыныңды құшақтау арқылы табиғи ауруды басуға болады. Ғашық болу кезінде адамның гормонының деңгейі жоғарылайды, сол себепті қызғаныш сезімі пайда бола бастайды. Жалпы, махаббат жайлы үздіксіз айта беруге болады. «Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді», -демекші, жүректерді жұмсартып, адамдарды мейірімді ететін осы –махаббат. Ақын-жазушылардың шығармалары мен ән-жырлардан табылатын тылсым сезімді сезініп көру бір бақыт. Махаббат өткінші бір сезім емес. Шын махаббат сыйластық, сүйіспеншілік, адалдықтан тұрады. Махаббат -әлемдегі ең шынайы әрі нәзік сезім. Қозы Көрпеш Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік Кебек арасындағы махаббатты айта кеткен жөн болар. Нағыз махаббаттың үлгілері. Махаббаттың шынайылығын білу үшін жүрегіңнің үніне үңілген жөн болар. Адам баласының жүрегі ешқашан алдамайды.
Нұғыман Айдана