Photo: Михаил Крамор (https://www.pexels.com/@vantik93) / Pexels
- 22 мам. 2026 14:30
- 18
Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденімен марапатталды
Белгілі әнші, "МузАрт" тобының солисті Мейрамбек Беспаев Қазақстанның жоғары мемлекеттік марапаты – "Парасат" орденімен марапатталды. Бұл жағымды жаңалықты әншінің әріптесі Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда өткен салтанатты шарада бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олардың қатарында Мейрамбек Беспаев та болды.
Сәкен Майғазиев досының жетістігіне шын жүректен қуанып, оның қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап өтті. "Сүйінші, Қазақ елі! Мейрамбек досым "Парасат" орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым", – деп жазды Майғазиев.
Бұл марапат – Мейрамбек Беспаевтың ұзақ жылдар бойы қазақ эстрадасында сіңірген еңбегі мен елі алдындағы қызметінің зор бағасы болып табылады.