Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мекен үстеу
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы

І. Сабақтың тақырыбы: Көкөністер дүкенінде. Мекен үстеу.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: өткен сабақта алған білімдерін әрі қарай тереңдету, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, мекен үстеу тақырыбымен танысу;
ә) дамытушылық: оқушылардың коммуникативтік, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын, тіл білімдерін байыту.
б) тәрбиелік: оқушыларды қайырымды, адал болуға, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ребус шешу, сөздік диктант, диалог
Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тапсырма парақшалары
ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Жазған сөйлемдерін тексеру, оқыту. Сөйлемдеріндегі үстеулерді тапқызу.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Көкөністер дүкенінде
Демалыс күні әжеммен көкөністер дүкеніне бардым. Дүкен сөрелерінде қарбыз-қауын, алмұрт, таңқурай, т. б. көптеген жемістерді таңдап алуға болады. Дүкенге біз қырыққабат, қызанақ, сәбіз, қияр, пияз сатып алуға келдік. Дүкенде сатып алушылар көп екен. Сондықтан біз кезекке тұрдық. Сатушы барлығын өлшеп, бағасын айтты. Әжем ақшасын төледі.
Менің ата-анам менің денсаулығыма көп көңіл бөледі. Үнемі жеміс-жидектер, көкөністер сатып алып отырады. Оларда менің өсуіме керекті дәрумендер бар. Мен алма мен анарды жақсы көремін, сондықтан оларды жиі сатып береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама