- 05 нау. 2024 00:20
- 246
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»
Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.
Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.
Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.
1. Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау
1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші т. с. с
2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма?
3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел т. с. с
4. Әріптерді танып, атай алады ма?
2. Базалық тәжірибесін анықтау
1. Балаңыз сізді банкке, поштаға немесе магазинге шығарып салған ба?
2. Балаңыз кітапханада болды ма?
3. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба?
4. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе?
5. Хоббиі бар ма?
3. Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау
1. Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма?
2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма?
3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма?
4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма?
5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма?
6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма?
7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма?
8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?
4. Эмоционалды даму деңгейін бағалау
1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді?
2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме?
3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме?
4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма?
5. Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау
1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме?
2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма?
3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?
6. Физикалық даму деңгейін бағалау
1. Есту қабілеті жақсы ма?
2. Көру қабілеті жақсы ма?
3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма?
4. Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалдақпен жүру т.с.с
5. Белсенді, шымыр, шапшаң көрінеді ме?