Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
№25 жалпы орта білім беретін мектеп.
«Бөбек» шағын орталығының
мектепалды дайындық топ тәрбиешісі
Тазабекова Шұғыла Нұрлыбекқызы

Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық.
Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында олардың интеллектуалдық және жан - жақты дамуын қамтамасыз ететін біріңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Мектепте сапалы білім алу мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты.
Білім саласындағы өзара байланыс бұрыннан талап етілетін, алайда ол кезде бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата - ана да, мектепке дейінгі мекеме де бастауыш мектеп талабын біліп отыратын. Ал қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде.
Ұлы педагог А. А Сухомлинский «Баланың ақыл ой дамуының, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды» - деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді.
Ә. Бидосов өз мәлімдеуінде “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.
Сабақтастық дегеніміз – екі буын арасындағы ортақ міндеттер, ортақ жүйе, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі. Яғни сабақтастықтың түпкілікті мақсаты - баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты көрініске бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық.

Бірінші көрінісі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, мектепалды топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыруы жатады.
Екінші, тәжірибелік көрініс – бір жағынан мұғалімдердің мектепалды даярлық топ яғни, өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысуы, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін мектепке дейінгі мекемелердегі дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың білім деңгей нәтижелерімен және мінездемелерімен танысуы болып табылады.

Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты
Бала денсаулығын сақтау, нығайту;
психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс, асхана)
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
- салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
эмоционалдық аман - саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс - әрекет түріне жағдай жасау;
- талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
- айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.

Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме — танымдық әрекет — мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып — оқу әрекеті — оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Мектепалды дайындық тобының балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылмау керек. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата - ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке баруы үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине, бұл да маңызды фактор алайда, баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Әрине, мектепке дейінгі мекемеде өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, психолог – педагог та балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындығын тексереді. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығы деген не? Бұл баланың мектеп бағдарламаларын қабылдауында психикалық жағынан дайын болуы.
- Ерік - жігерінің дайын болуы
- Мотивациялық дайындық
- Интеллектуалдық дайындық
- Физикалық дайындық
- Коммуникативтік дайындық
- Ұсақ саусақ бұлшық ет моторикаларының жетілуі.

Интеллектуалды толысу – бұл назарды топтастыра алу, құбылыстар мен жаңалықтар арасында байланыстар орната білу, логикалық есте сақтаудың дәрежесін көтере білу, үлгілер, мысалдар келтіру, ақыл - ойды дамыта білу қабілеті 6 - 7 жасқа бала білуі керек: Өзінің мекен - жайын, тұратын жерінің атауын қала, ауыл. Мемлекетінің атауын, бас қаласын. Өзінің ата - анасының аты – жөндерін, қайда, кім болып жұмыс жасайтынын. Жыл мезгілдердің ауысуын.

Ай, апта атауларын. Ағаштар мен гүлдер атауларын. Үй және жабайы жануарларды ажырата білу.
Мотивациялық толысу - (баланың оқуға деген ынтасының болуы) яғни баланың – оқушы атануы жайында тілегенің болуы. Мектептің бала үшін білім ордасы екенін түсінуі. Мектеп жайында балаға тек жағымды хабар беру.

Ерік жігерінің толысуы - баланың алдына мақсат қоя білуі. Өзінің әрекетінің нәтижесін бағалай алуы. Үлкендер талап еткен талапты орындай алуы. Баланың ерік жігерінің қалыптасуына бейнелеу өнері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және құрастыру әсер етеді.
Баланың өмірде болатын әрбір жағдайды қабылдауында, оған деген әсерін білдіре алуында көрініс табады. Зеріктіретін өте ұзақ жұмысты атқаруда, күйзеліс жағдайларына төтеп беруде маңызы зор.

Қарым - қатынас дайындығы (коммуникативтік дайындық)- баланың өзін - өзі басқара алуы яғни ұжымдық қарым - қатынасқа түсе алуы. Яғни балалармен бірлесіп жұмыс жасай білуге, керек кезде өзінің көзқарасының дұрыстығын қорғай білуі немесе қателігін мойындауы. Қатарластарымен болатын қарым - қатынастың қажеттілігін, балалар тобына сіңісіп кетуді, мұғалімдер мен оқулықтардағы тапсырмаларды түсінуін тұспалдайды.

Физикалық даму жағынан дайындық - денсаулығының жарамды болуы. Шыдамдылық, шыныққан бір орынында 35 - 40 минут отыра алуы. Жүйелі білім алуда баланың жұмыс жасай алу қабілеті оның жас ерекшелігінің қажеттілігіне сай физикалық дамуының деңгейі.

Ұсақ саусақ бұлшық ет моторикасының жетілуі - 6 - 7 жасқа қарай бала қарындаш пен қылқаламмен әртүрлі әдіс - тәсілді қолдана еркін сурет сала білуі. Суретте бірнеше заттарды бейнелей алып, тұтас бір мазмұнда сурет сала білу. Штрихтау, суреттерді контур шетіне шығармай бояу. Тор көз, қисық жол, ұзын жол дәптерлерінде бағдарлап жұмыс жасай білу.
Жоғарыда айтылған факторлар (ықпалдар) ескерілсе мектепке дейінгі мекемемен, бастауыш буын мен ата - ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан дайындығы дұрыс қамтамасыз етіледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама