Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үлестер
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
№4 Шұбарқұдық орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Тампилова Жайнагүл

Тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер.
Мақсаты:
*Білімділік: Үлес, жай бөлшек ұғымдарымен таныстыру, үлестер мен жай бөлшектерді есептер шығаруда қолдануға үйрету.
*Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін. Жаңа материалды түсіндіре отырып дамыту.
*Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке баулу.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, компьютер слайдтары, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ түрі: жаңа сабақ, кіріктірмелі, ойын сабағы.
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өтілгенді қайталау. «Футбол» ойыны.
4. Жаңа материалмен таныстыру.
5. Пысықтау есептерін шығарту.
6. Сабақты бекіту. Кестені толтыру.
7. Сергіту сәті. «Адасқан әріптер»
8. Тест жұмысы.
9. Қорытындылау.
10. Үйге тапсырма беру.

I. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталамын.
II. Үй тапсырмасын тексеремін.
III. Өтілген сабақтарды жаңа сабақ алдында қайталап алу барысында қайталау сұрақтарын қоя отырып, «Футбол» ойынын ойнатамын.
Мұнда оқушылар екі топқа 11 оқушыдан бөлініп отырады. Екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Сұраққа жауап берген топ келесі командаға гол соққан боп есептеледі.
Сұрақтары:
1. Натурал сан деп қандай сандарды айтамыз?
2. Шеңбер дегеніміз не?
3. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
4. Дөңгелек дегеніміз не?
5. Бұрыштың анықтамасы
6. Бұрыштың түрлері
7. Ең кіші жай сан?
8. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
9. Жұп сандар дегеніміз не?
10. 12 санының бөлгіштері
11. 7 санының алғашқы бес еселігін ата
12. Шеңберде ол тек біреу ғана, ол не?
13. Шамасы 130⁰ бұрыш - ол қандай бұрыш?
14. Тік бұрыш анықтамасы
15. 10404 саны 3 - ке бөліне ме?
16. Ең үлкен бір таңбалы жұп сан?
17. Доғал бұрыш анықтамасы
18. Шамасы 180⁰ болатын бұрыш қалай аталады?

IV. Жаңа сабақты баяндау.
Анықтама: Тең бөліктерді үлестер деп атайды.
Енді тарихи мәліметтерге сүйенсек, ерте кезде адамдарға сауда - саттық және түрлі есептеу жұмыстарда бөлшектер мен үлестерді есептеу қажет болған. Жай бөлшектер туралы ілімді дамытуға үнді математиктері көп үлес қосқан. Қазіргі жай бөлшектерді белгілеу VIII ғасырда Үндістанда қабылданған.
Бөлшектің алымы мен бөлімін бөліп тұратын сызықты, грек математиктері Герон және Диофант пайдаланды. Бөлшекті қазіргі кездегідей сызықша арқылы жазуды 1922 жылы Италия ғалымы А. Фибоначчидің «Абак кітабы» сияқты шығармаларында ғана енгізді. Ұзақ уақыт бойы бөлшектерді сандар деп атамаған, оларды кейде «сынық сандар» деп атаған. Чек XVIII ғасырда ғана оларды сандар ретінде қабылдай бастаған. Ағылшын ғалымы И. Ньютонның «Жалпыға бірдей арифметика» деген кітабында бөлшек ұғымын бір өрнекті екінші өрнекке бөлуден шығатын бөлінді ретінде қарап кеңейтті.
Үлестерге мысал келтірейік:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама