Мектепалды дайындық топтарындағы балалардың топ ішінде тиімді қарым - қатынас жасауын дамыту. (психологиялық тренинг)
Мектепалды дайындық топтарындағы балалардың топ ішінде тиімді қарым - қатынас жасауын дамыту.
(психологиялық тренинг)
Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуі де асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғаннан соң, суреттің орның ауыстырып жұптарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұптары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1, 2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2 - 3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келе көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы:
Психолог әр балаға ойынға арналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш, Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс - жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
Атырау қаласы,
Исатай Тайманов атындағы №27 орта мектеп психологы
Зира Кайыржанова Рахымжанқызы
Мектепалды дайындық топтарындағы балалардың топ ішінде тиімді қарым - қатынас жасауын дамыту. (психологиялық тренинг) көшіріп алу