- 19 жел. 2019 00:00
- 211
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін -ақ, өзінің белсенділігін,өнерлі халық екенін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырарлықтай айтатын болсақ,әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы.Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына.Рәміз дегенде менің ойыма ең бірінші келетіні,халықтың салт-дәстүрі,ұлты,тілі,тарихы,бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып,көркемделіп баяндалған.Мысалға алар болсақ,біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді.Таза ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің ,тыныштықтың белгісі болған.Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.Тудағы күннің нұры,шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің ,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты,егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани еркешелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақтардың жомарттылығы мен қырағылығын,ой ниетінің биіктігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-елтаңба.Қазірде біз елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалар мен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып,арқау болып тұрған оның шаңырағы.Шаңырақ-елтаңбаның жүрегі,қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын ошақтың амандығы мен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелер секілді.Елтаңбадағы қос тұлпар бостандыққа,амандық пен бірлікке жетелейді.Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген.
«Бағымыз жанып,жұлдыздарымыз жарқырай берсін »деген сеніммен алға қарай жылжи беру деген асыл арманды осы бес бұрышты жұлдыз арқалап тұрғандай көрінеді.
Тағы бір рәмізіміз-мемлекеттік әнұран.Осы салтанатты әуенді естігенде қай Қазақстан азаматының жүрегі дір етпейді екен сірә?Әнұранымыз жүректің лүпілін арттырып,халықты патриоттық сезімге тәрбиелейді.Отанға деген сүйіспеншілік,бейбіт пейіл,досқа ашық құшағымызбен еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.Бұл музыкалық бойтұмар десек артық емес.Себебі халықтың тарихы,ұлты,байлығы мен еркіндігі,бәрі -бәрі осы әнұранымызбен шырқалады. Көптен күткен ,ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қанша қан төгіп жеттік.Енді міне,егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп.оның мемлекеттік рәміздерін ардақтау әр Қазақстан Республикасы азаматының борышы.
Ел көгінде қалықтап рәмізіміз,
Боламыз болашақтың жарығы біз.
Еңбек білім жүрекке әркез жиған,
Батыл қазақ алтын ел барлығымыз,
Рәмізімен көркейген алтын елім,
Қамқорлық қып ғаламның алты белін.
Жырға қосам рәмізін ел отанның,
Жүректе жыр ел десе бар білемін! -деп ақындарымыз жырлағандай рәміздеріміздің мәртебесі асқақтай берсін!Өйткені рәміздер-бұлар біздің еліміздің,Қазақстанымыздың,яғни Республикамыздың бет бейнесі,біз үшін биік,біз үшін қастерлі.Олай болса Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтей,қастерлей білуі қажет деп ойлаймын.
Мәжит Ержігіт
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Тасөткел орта мектебінің
8 сынып оқушысы