Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мен өзіме сенемін
Мен өзіме сенемін
Мақсаты: адам бойындағы ішкі сезімдерді шығара білу, кез - келген қиын жағдайдан шыға білу, қарым - қатынастарын нығайту.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті карандаш, ақ парақ, сазды әуен.
Әдіс - тәсілдер: Тест, жаттығулар.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер. Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Сенім мен Сезім» деп аталады. Біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі өз - өзімізге сенімді болуды үйренеміз.

«Сәлемдесу» жаттығуы.
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, қасында тұрған көршісін, бір - бірден ортаға шығып, қалай таныстыру ұнаса, солай таныстыруларың керек.
Мысалы: Айгерім өзі ақылды, жұмыста беделді, ибалы да инабатты ару.
Сұрақ. Бір - бірлеріңізді жақсы ілтипатпен таныстырғанда өздеріңізді қалай сезіндіңіздер.
«Бүгінгі менің көңіл - күйім» жаттығуы
Тренингке қатысушыларға айна таратылып беріледі. Айнаға қарап көңіл - күйлерін бейнелейді. Тренингке қатысушыларға көңіл - күйлердің түрлері жазылған парақшалар таратылады. Айнаға қарап соларды орындаулары тиіс.
- Ащы лимон жегендегі түріңіз;
- Тәтті шоколад жегендегі түріңіз;
- Бастығыңыз ұрысқандағы түріңіз;
- Қатты қуанғандағы түріңіз;
- Айнаға қарап әдемі күліңіз;
- Айнаға қарап ашуланыңыз....
«Аң - жәндік» жаттығуы
Бірінші қатарға ұнайтын аңдарың атын жазасыздар.
Екінші қатарға ұнайтын жәндіктердің атын жазасыздар.
Қортынды. Таңдаған аң мен жәндіктеріңізді төмендегі көп нүктенің орнына қоясыз.
1. Мені жұрт....................... деп ойлайды;
2. Мені.............. деп ойласа екен деймін;
3. Дәл өзім....................;
4. Мен жұмыста......................;
5. Жарыңыздың алдында......................;
6. Негізі мен............................;
7. Достар арасында........................;

«Ормандағы ағаш» жаттығуы
Біз ормандағы ағаштармыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып күнге талпынған ағаштар болайық.
- Жапырақтар жайнайды. /барлығымыз жымиып тұрамыз/;
- Жел соғады/қолымызды жоғары көтеріп, жаймен қозғаймыз/;
- Жел қатты соғады/қолымызды тез, тез қимылдатамыз/;
- Кенеттен қара бұлт келді /көзімізді жұмып, бұлттың бейнесін жасаймыз/;
- Жаңбыр жауа бастады/қолымызды шапалақтаймыз/;
- Аспан күркіреді/аяғымызбен жерді соғамыз/;
- Жаңбыр қатты жауа бастады/Қолымызды тез, тез шапалақтаймыз/;
- Жай ғана тоқтай бастайды/жайменен қолымызды қозғалтамыз /;
- Жапырақтар суларды сілкіп - сілкіп тастайды/орнымызда тұрып секіреміз/.

«Сіздің көңіл - күйіңіз»

Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерінкерегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.
Тестің кілті.

Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен оте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Егер сіз Ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрасыз.

Егер сіз Ағаштың бұталарына жапырақтар салсаңыз, онда сіздің ішкі жан – дүниеңіз өз қалпында. Егерде Бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жағында жапырақтар көп болатын болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіндесіз және іс жүзінде қолдануды күтудесіз.

Егер сіз Бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек - бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш - жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.

Егер сіз Ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.

Егер сіз Бұтаққа құсты немесе жануарды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған Жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі – мүмкін сізді бір жағдай мазалайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуге тура келеді. Егер сіз бұтаққа Бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.

«Тілек» айту.
Міне, құрметті әріптестер, бүгінгі тренингіміз арқылы, өзімізге сенімділігіміз артқан болса мынау көріп отырған жай ғана ағашқа жан бітірейік.
Қатысушыларға гүл, жапырақша, жүрекше таратылады соған бір - бірлеріңе тілектеріңізді жазып, сыйлаймыз. Тілек жазушы кімге арнағанын, кімнен екенін жазу керек. Сыйлаған тілегімізді оқып, барлығымыз бірлесе отырып өмірге деген нық сеніммен мына ағашқа сыйлайық. Біздің қолымыздан барлығы келеді. Өйткені біз өзімізге сенеміз.
Құрметті әріптестер, мынау қарбалас өмірден күнделікті тыныс - тіршіліктен арылып, бой сергіткен боларсыздар, менің мақсатым орындалғаны. Тренингке қатысқандарыңызға ат салысып, зейін қойып тыңдағаныңызға үлкен рахмет!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота" балабақшасының психологы
Тогаева Акелик Утелгеновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама