Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қырық миллион теңге шоуы
Қырық миллион теңге шоуы
Ойынның мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; қазіргі заман талабына орай «Көркейе бер, туған жер» дегендей ойын арқылы болса да, өз ойларын жеткізе білуге, бала қиялының ұшқырлығына ерік беруге мүмкіндік жасау.

Ойынның барысы:
1. Ойын шартымен таныстыру;
2. Ойынға қатысатын 2 топты анықтау.
3. І топты ойынға қатыстыру;
4. ІІ топты ойынға қатыстыру;
5. Мадақтау.
І топ 3 оқушыдан құрылған топ қатысады.
Әр ойында 8сұрақ беріледі. Ойын ережесі бойынша алғашқы 4 сұрақта теңгелер 3 ұяшыққа салынады, ал жауап 4 - еу болады.
І топ сұрақтары:
1. Жұмбақ
Басқа кисең бөрік,
Мәнді сұлу көрік
Жауаптары: цилиндр; конус; призма; куб.
2. Сөз мағынасы
“Градус” сөзінің латын тіліндегі мағынасы қалай аталады?
Жауаптары: жылытылған; кішірейтілген; үлкейтілген; ұзартылған.
3. Өлшем бірлік
Тұтам – қазақтың ежелгі өлшем бірлігі. Ол қанша өлшемді білдіреді?
Жауаптары: орта шамадағы бір саусақтың ені; жұдырық ені; көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық; саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық.
4. Геометрия
Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым
Жауаптары: аксиома; теорема; формула; тұжырымдама.
5. Атаулар
Градустың 1/60 бөлігі қалай аталады?
Жауаптары: секунд; радиан; минут.
6. Физика
Джоульмен өлшенбейтін шама?
Қысым; энергия; жылу.
7. Математика
Бірнеше санның қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын шама?
Жауаптары: арифметикалық орта; геометриялық орта; бөлінді.
8. Ғалым
“Миллион” сөзін қазақ жеріне алғаш таратқан кім?
О. Жәутіков; Ы. Алтынсарин.

ІІ топқа
1. Жұмбақ
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген.
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
Жауаптары: теріс сан; бөлшек сан; оң сан; иррационал сан.
2. Сөз мағынасы
Грек тілінен аударғанда “жер өлшеу ”деген мағынаны білдіретін сөз
Жауаптары: география; планиметрия; геометрия; физика.
3. Өлшем бірлік
Қазақтың ежелгі өлшем бірліктерінің бірі - “оқ бойы”. Бұл қанша метрге тең?
Жауаптары: 3 - 5м; 10 - 12м; 1 - 1, 5м; 15 - 20м.
4. Геометрия
Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неше градусқа тең?

Жауаптары: 450; 1200; 900; 600.
5. Атаулар
1 граммның мыңнан бір бөлігі
Жауаптары: кг; тн; мг.
6. Физика
Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі
Жауаптары Садақ ату; арқан тартыс; теңге алу.
7. Математика
Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр?
Жауаптары: 2м 8дм 8см; 28дм 8см; 288см.
8. Ғалым
Координаттар жүйесін ең алғаш ұсынған кім?
Лейбниц; Декарт.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Милы орта мектебінің
Математика - физика мұғалімі
Мамбетова Акзира

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама