Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Мен таңдаған өмір
Тақырыбы: Мен таңдаған өмір
Мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің өмір туралы көзқарастарын қалыптастыру және өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.
Өткізу формасы: тренинг
Сыныбы: 10 сынып
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі - түсті қиылған қағаздар.

Барысы:
1.«Мен және өмір» жаттығуы
Шарты: оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

2. «Қанағат қарын тойғызады»- дегендей. Ендеше, қанағат болған жерде, бақыт та болады. Бақыт - бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!
«Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы
Бір – бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе балық аулауды ұсынамын. Әр қатысушы балық аулайды, аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмені алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Сәби бақыты, ол -…….. Ең үлкен қорқыныш - бұл
Дәрігер бақыты, ол - ……. Мен мынадай адамдарға сенбеймін….
Ата - ана бақыты, ол - …….. Мен ренжимін, егер…..
Ер - азамат бақыты, ол - ….. Егер мен сенімді болсам, онда……..
Ұлт бақыты, ол -…..
Ұстаз бақыты, ол - ….

3. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың көңіл - күйлерін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.
Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «мен» деп есептеңдер. Мысалы: мен өзімді ағып жатқан бұлаққа теңеймін. Өйткені – мен адамдарды, жануарларды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп, өйткені мен өмірге керекпін.

4. «Эксперимент» жаттығуы
Мақсаты: стресс жағдайында өзін ұстауға үйрету.
Оқушыларға бейтарап түрде жазылған әріптерден құралған мәтіні бар топтама таратылады. 30 сек ішінде оқу қажет.
МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА. АсЫқпАтүспеДІдепҚОлымАТЕзДамЛСЫзіздЕУІнеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДебоЛАдыКез.
ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгІРетінДЕҚазаҚертЕГІСінқОЛдаНдЫқҚаЗақЕрТегІЛерІарҚЫЛыБалаЛаРдЫҢжАсеРЕкшЕЛІкТЕріНЕқАРАйқИЯлДЫқШығАРмАШылдыҚкөРсетКІшІнАНықтАУкЕрЕК.

5. «Интуицияңды тексер» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диагностикалау.
Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Балалар өздері дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың номерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен анықтаймыз.
Тапсырма:
1) Ақ аю қай ұяшықта жасырылған?
2) 1000 доллар
3) 5 - деген баға
4) Алтын сағат
5) Тесттен 125 балл жинады деген сертификат
5. «Досым, саған не тілейін» жаттығуы
Жайланып айнала отырып, менің қолымдағы ғажайып бауырсаққа қараймыз. Қазір ол көңілді түрде сіздердің қолдарыңа өтеді. Бауырсақты алған адам өз әсеріңізбен бөлісіп, қатысушыларға тілек арнайсың.
Талдау:
Бұл күн не әкелді?
Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?

Қорытынды
Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез - келген адамнан сұраңызшы, «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз.
- Адам жанына ең қажет - өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым - қайғың өзінен - өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кедергіден қиналмай өтесің.
Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе болғаны.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Ақсуат ауылы, №100 орта мектептің педагог - психологі
Жанабилова Айнұр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама