Мен таңдаған Университет
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) – Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет болып алғаш ашылды.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ 150-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды.
Британдық "Times Higher Education" агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 - орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.
Ең экологиялық университеттердің "UI Green Metric Ranking of World Universities" жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие болды.
Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.
Университетте 16 факультет бар. Соның ішінде мен таңдаған мамандық ол - журналистика саласы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны. Ол алғаш рет 1934 жылы құрылған, сонымен қатар ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттің бірі. Алғашында Қазақ Комунистік журналистика институты болып құрылған. Әуеліде екі жылдық оқыту мерзімімен құрылып, кейіннен үш жылдыққа өзгертілді және бір жылдық курсы болды. Осы факультетте оқыған түлектердің көбісі үлкен зиялы қауым мүшелері, дара тұлғалар. Факультетті бітірген түлектер республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөздерде, радиода, теледидарда, отандық және шетелдік баспаларда, Үкімет салаларында қызмет етуде. Солардың қатарында Қ.Сұлтанов, М.Құл-Мұхаммед, С.Абдрахманов, Е.Бекхожин, Ж.Кенжалин, Н.Ораз, т.б. сынды бүгінде ірі тұлғаларады мақтанышпен атап өтуге болады.
Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем елдерін қызықтыратын университет қатарына жатады. Бұған дәлел, әр елден жыл сайын келетін студенттерді айтсақ болады. Ол студенттер: Қытай, Оңтүстік Корея Республикасы, Үндістан, Бангладеш, Тәжікстан, Азербайжан және де т.б. елдерден келген ұлт өкілдері. Олар шет елде оқу үшін түрлі әлем университеттерінің рейтингісіне көз жүгірте отырып, таңдайды. Тек қана шетел азаматтары ғана емес, өзімізден де түлеп ұшқан түлектер өте көп.
ҚазҰУ сапалы, жоғары деңгейде білім үйретіп қана қоймай, жан-жақты дамуды, үлкен ортада өз-өзіңді қалай ұстау керектігін, үлкен әлеуметтік ортамен байланысты жақындата түсетін киелі орта.
Бұл универсиетте жарты жыл оқи отырып, өз ортамды, қызығушылығымды таба алдым десемде болады. Ортамдағы адамдардан үлгі алдым, олардан ақыл-кеңес естідім. Оның өзі университетке алғаш қадам басқан студенттерге үлкен қолдау. Әпкені әпке деп, ағаны аға деп, ініні іні деп, қарындасты қарындас деп білетін үлкен орта мен жүркетері мейірімге толы бұл факультет мен үшін жаныма жақын. Әртүрлі ұйымдар арқылы өзіңді дамыту жолына, қызыққан бағытқа бару арқылы тәжірибеден өтуге болады. Тек қана осымен шектелмейді, білікті ұстаздар қауымы мен журналистер жиналған киелі мекен. Әр бір ұстаз, профессорлар, аға оқытушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, сапалы білім беруде. Бар білгендерімен бөлісіп қана қоймай, жан-жақты дамуға, дара тұлғалармен көрісуге, олармен ақпарат бөлісуге тренинг өткізіп отырады. Әрбір сабақта мамандықты ұмытпай, әртүрлі тілде болсын сұқбат алу, мақала жазу, көрініс қою сынды қабілітке баулиды. Болашаққа бастар жолды, үлкен мұхитта кемені қалай жүргізуге болатындығы жайлы психологиялық қолдаулар мен ұстаздардың жан-жақты көмегі ерекше. Тек қана бұлар емес, тәжірибе алмасуға арналған телестудиялар, үлкен кітапхана, көмек көрсету орталығы, интернет орталығы, жатақхана сынды барлық жағдай жасалған ҚазМҰУ қалашығы деп аталатын бұл ел ішіндегі тағы бір қалашық.
ҚазМҰУ-да Баспа үйі, лабаратория, зертханалық жұмыстар жасайтын орталық пен қатар мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын орталықтар да бар. Республикалық, Дүниежүзілік деңгейде спорт жеңістері, түрлі байқаулардан марапаттар да иеленген. Әрбір саланы қамтитын, оларды бір-бірмен ұштастыра білетін бұл университет Қазақстандағы ең мықты және де ЖОО-лар ішінде бірінші болып табылады.
Мен, ҚазҰУ- ды бала кезден таңдағаныма, осы университетке түскеніме еш өкінбеймін. Себебі, университет маған мүмкіндік берді және әлі де мүмкіндік береді деп сенемін.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті 1-курс студенті
Ұлдана НУРАДИН (Оспанова Г.Т.)