- 19 ақп. 2023 00:00
- 204
Музыканың адам өміріндегі маңызы
Музыка-белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді.
Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуда жағдай тудырады. Музыка өнері-әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып асқақты күйімен өрбіп, дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы.
Музыканың мүмкіндігі мол. Эмоцияның көп түрлері ішінен музыка ең алдымен көңіл күйді білдіреді. Музыка қоғамдық тәжірибеге де белсенді түрде әсер етеді.
Кеңшілікова Құралай Шалқарқызы