Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Менің археологиялық күнделігімнен үзінді

Қызылоpдa қaлacы, Үш тілде оқытaтын мaмaндaндыpылғaн cыныптapы бap дapынды бaлaлapғa apнaлғaн «Мұpaгеp» мектебінің
5 «К» cынып оқушыcы- Жеңісбек Гүлсана
Жетекшіcі: Caйлaуовa Жaмиля Қaйpaтқызы тapиx пәнінің мұғaлімі

Мен, Гүлсана  ұшса құс қанаты талатын, кен байтақ жеріміздің құнды тарихынан  хабар беретін Тасмола мәдениетіне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге аттандым. Ол Петропавл облысы, Екібастұз ауданы, Тасмола деген ауылдан анықталды. Ол жерде қазба жұмыстары барысында бірнеше қанжарлар, жебе ұштарын, айналар және  құрбандық ыдыстарын таптық. Ал әшекей бұйымдардан жолбарыс, таутеке, бұланның қола және алтын мүсіндері кездесті. Тасмола тайпаларында ағаштар, былғары және темірден жасалған ыдыстар кең қолданыста болды. Бұл обалардан қыштан жасалған ыдыстардың қалдықтары аз кездеседі екен. Бұны мен қазақтардың көшпелі өмір салтымен ұқсастырдым. Себебі, олар көшіп қонып жүргенде оларға ыңғайлы ыдыс тиімдірек болды. Мұртты обалар б.з.д. VII-III ғасырларда құрастырылды деп топтың ғалымдары есептеді. Орталық Қазақстан аумағын мекендеген адамдар ерекше жерлеу құрылыстарын қалдырылған. Менің есіме бір сұрақ келді. Неге Берел қорымдарынан табылған саркофагтарда немесе мәңгі тон қабаттары секілді жерленбеген? Себебі, бұл Тасмола мәдениетіндегі «Мұртты» обалардың өзіндік ерекшелігінде. Оның ұзын жақ бөлігінде адам жерленсе, ал екінші жеріне өзінің жылқысын жерлеген.  Ал олардың мағынасы адамдар ол қайтыс болғаннан кейін екінші өмірінде өзінің жылқысы мен қару жарақтары керек болады деп ойлады, оны ұзынғып жасағаны құдайға апарар жол деп ойлады. Осындай «Мұртты» обалар елімізде 300-ден астам екен. Біз оларды Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан таптық. Сонымен бұл экспедиция олжалы аяқталды.  Бұл шығарма менің болашақ археолог ретіндегі бір күнім тақырыбында жазылған. Мен еліміздегі археология саласының дамып, К. Ақышев, Ә.Марғұлан. З.Самашев, К.Байпақов аталарымыз секілді атақты археолог-ғалымдардың ізін жалғастыратын жастар көбейіп, сыры ашылмаған жәдігерлер зерттеледі деген ойдамын.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама