- 05 нау. 2024 03:01
- 258
Менің көңілді добым (сипаттау)
Тақырыбы: Менің көңілді добым (сипаттау)
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация, әлеуметтік орта
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған орта.
Мақсаты:
1. Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
2. Сөздік қорларын, саусақ моторикасын дамыту.
3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету. Түсіндіру, сұрақ - жауап, Ғажайып сәт, Тәжірибе жасау, ойын.
Көрнекіліктер: Түрлі ойыншықтар, Доптар, Тақырыптық слайд, суреттер. Үлестірмелер.
Сөздік жұмыс: Доп, домалақ, көңілді.
Билингвальды компонент: Доп - мяч, домалақ - круглый, көңілді - веселый.
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.
- Балалар, сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?
- Біздің топта қандай ойыншықтар бар?
Таңғажайып сәт.
Есік қағылып, Сәуле атты қуыршақ келеді.
- Балалар көктем мезгілі келді. Мен достарыммен бірге ойнайын десем добым жоқ.
Маған дос жасап беруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Қуыршақ олай болса сен біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізге қатыс.
Тақырыпты хабарлау.
«Менің көңілді добым»
Іздену - ұйымдастырушы
Слайд арқылы балаларды қатыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Резеңкеден және пластмассадан жасалған доптар жайлы айту.
Пішініне, түсіне тоқталу.
Тәжірибе
Үлкендеу табақшаға су құйып, оған доптарды салу арқылы доптардың жеңіл екенін балаларға көрсетіп, түсіндіру.
№29 демонстрациялық материалмен жұмыс
- Қараңдаршы, балалар мынау не?
- Доп қандай?
- Пішіні қандай?
- Олай болса, Ш. Смаханұлының доп туралы өлеңін жаттайық.
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің.
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Билигвалды компонент
Доп - мяч, домалақ - круглый, көңілді - веселый
Сергіту сәті
Добым, добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды,
Жек көремін оныңды.
Практикалық жұмыс
Қағазды умаждау әдісі арқылы доп жасау.
Қорыту.
Рефлексия «Ғажайып қоржын» ойыны
1. Балалар қоржыннан доп алып, сипаттайды.
2. Қуыршақ балаларға рахмет айтып қайтады.
3.- Біз бүгін немен таныстық?
- Доп қандай екен?
Мадақтау
Аяқтау.
Күтілетін нәтиже
Орындайды: Заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тапсырманы.
Түсінеді: Ойыншықтарды күтіп ұстау керектігін, өлеңнің мазмұнын.
Қолданады: Ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы
Толық нұсқасын жүктеу