Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Тақырыбы: §38 - 39 XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып
Мақсаты 14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни - наным сенімдерімен, даму ерекшелігімен танысады. Сабақтың тақырыбын ашады, мазмұнын игеруге, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйренеді
Мәдениетпен бірге оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген құштарлығын ояту, салт дәстүрлерімізді құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Жалпы мақсат Орта ғасырлардағы Қазақстанның жер аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен таныса отырып, қазіргі кездегі дәстүрлеріміздің тарихи сабақтастығына баса назар аудару. Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Оқушылар тақырыптың мағынасын біледі, түсінеді, өз ойларын дәлелдеуге, топпен жұмыс істеуде пайдаланады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер Миға шабуыл Кім жылдам, Постер,«Ептілер, жүйріктер, алғырлар»
Топтастыру, Эссе
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген - келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Топ басшыларын анықтау, бағалау қағаздарын беру.
Яғни суреттер арқылы бөлінеді
Бір - біріне сәттілік тілейді
Бір - бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз
Аламыз білім жақсы ғып,
Тілейміз бәрімізге сәттілік

Білу
Миға шабуыл
Кім жылдам
Интерактивті тақтаға «Қайталау – оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
Тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
Миға шабуыл әдісін пайдалану
«Мәдениет» сөзжұмбағы
1. Ақ және қара немесе басқа түсті киізді оюмен ойып, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын төсеніш./Сырмақ/
2. Хан кеңесшісі Уәзір/
3. Су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық /Сардоба/
4. Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны /Мешіт/
5. Жуынды су ағызатын құдық Ташнау/
6. Әділдігімен әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам./Би/

7. Қымыз тағы басқа сусындарды құюға арналып ешкі терісінен жасалған ыдыс /Мес/
8. Құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі /Тасаттық/
Мәдениет дегеніміз не?
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениет
Материалдық Рухани
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,
жиһаздары, қолөнер бұйымдары) даналық сөздер)

Түсіну
Постермен өткен тақырыпты қорғау
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату
1 - топ Материалдық мәдениет
2 - топ Рухани мәдениет
3 - топ
Музыка өнері
4 - топ Діни - наным сенімдер

Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Толепбергенова Арайлым Акаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама