Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Менің отбасым
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, дидактикалық материалдар, буклет, суреттер
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн,
Қайырлы таң, достар.
Сендерді көрсем қуанам.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын білесіңдер ме?

- Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден
айырмашылығы қандай?
- Қыс мезгілі несімен қызықты?

- Балалар бүгін біз отбасы туралы әңгімелесеміз. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отбасы дегеніміз ата - ана және жақын туыстарыңыз, яғни бір үйде тұратын адамдар. Үйдегі аталарың мен әжелерің отбасындағы ең үлкендер, сондықтан сендер оларды құрметтеп, сыйлауларың керек. Ал әке мен ана сендердің ең жақын адамдарың. (Слайд көрсете отырып, отбасы мүшелерін таныстыру). - Бұларды бір сөзбен қалай деп айтамыз?
- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, аға - әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім, айым, жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді.
- Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.

- Отбасы туралы қандай тақпақ білесіңдер?

1 - бала:
Отбасы ол бақыт,
Отбасы ол ата - ана,
Отбасы ол шаңырақ.

2 - бала:
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасы мыналар,
Ең жақын адамдар.

3 - бала:
Атадан ақыл аламыз,
Атамыз біздің панамыз.
Атамыз біздің данамыз,
Атадай адам боламыз.

4 - бала:
Ата менен ананың,
Айтқан тілін аламын.
Үлкен - кіші жұмсаса,
Қайда болсын барамын.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Жел еседі алдымнан.
Кіп - кішкене ағаштар,
Біп - биік боп өседі.

Санамақ:
Бас бармағым - атам үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем отау панасы.
Ортан терек - әкем үйдің тірегі,
Шылдыр шүмек анам, шаңырақ ажары.
Кішкене бөбек - мен бәрінің базары

Дидактикалық ойын: «Бес саусақ». Ойын шарты: тақтаға бес саусақ ілінеді. Бес саусаққа отбасы мүшелерінің суреттерін бір - бірлеп жапсырып, атап
шығады.

Мейірім шеңбері: Шеңберге тұрып өз отбасыларына арнап жылы лебіздерін айтады.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектептің
шағын орталық тәрбиешісі Сүндетова Күнзира Рахымқызы

Менің отбасым. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама