- 05 нау. 2024 04:17
- 214
Менің Қазақстаным!
Менің Қазақстаным!
Жоспар
Кіріспе бөлім
Отан дегеніміз не?
Негізгі бөлім
Менің Отаным – Қазақстан.
Қорытынды бөлім
Туған жерім – Зырян қаласы.
Отан дегеніміз не? Отан отбасынан басталады. Отбасында бір - біріне ең жақын адамдар өмір сүреді. Олар әрдайым бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Отбасым – ата - анам, ата - әжем, ағаларым, әпкелерім. Отбасында іңгалап дүниеге келіп, анаңның бесік жырын тыңдап, әлдиіне бөленесің. Ал әкең сенің қауіпсіздік пен қамқорлықта болуың үшін барын салады. Осы жылы ұяда сен барлық жақсы қасиеттерді отбасы мүшелерінен үйренесің. Қазақ отбасы ұлттық құндылықтарға бай. Мен ес білгелі үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, әлсіздерге қамқор болу, өтірік айтпау, адамның ала жібін аттамау сияқты көргенді істерді үйреніп келемін. Менің бақытты балалық шағым Отанымда өтіп жатыр. Ал менің Отаным Каспий теңізінен басталып Алтай өлкесіне дейін созылып жатқан Қазақстан Республикасы. Ана тілі, мәдениеті, салт - дәстүрі, діні, тарихы бар мемлекет. Сөзден маржан тізген тілі бар, ән мен күйі күмбірлеген мәдениеті бар, ұрпақтан ұрпаққа жеткен салты бар, имандылыққа тәрбиелейтін діні бар, ұмытылмас тарихы бар менің қазақ елім. Кең байтақ отанымызда туған елімізден басқа бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді. Оларды қазақ елі бөліп – жармайды, өз халқынын кем санамайды. Керісінше жақын тартып, көмектеседі. Республикамызда бірнеше ұлт өмір сүргендіктен мәдениетіміз бен ынтымақтастығымыз біртұтас. Еліміздегі барлық халықтар мемлекеттік тілімізді құрметтейді, ұлттық құндылықтарымызды қатаң сақтайды. Халқымыз ерте заманнан бауырластық пен туыстастыққа аса мән берген. Туғаны немесе қонағы болсын сыйластық пен қонақжайлылық танытқан. Қазір Қазақстан әлемдік деңгейде дамып келе жатыр. Бұл туралы біз мектепте көп мағлұматтар аламыз. Бүгінгі менің сыныптастарым ертеңгі елімізге қызмет жасайтын мамандар.
Эссе авторы: Зарлықанова Ақжан Бауржанқызы,
Зырян ауданы – Зырян қаласы,
«Зырян қаласындағы №8 орта мектебі» КММ
5 сынып оқушысы
Менің Қазақстаным! жүктеу