Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің Қазақстаным

"Менің Қазақстаным" Ұлы дала елінде дүниеге келіп, туып өскеніме алғысым шексіз.Кең байтақ, тәуелсіз елімде, емін еркін қазақша сөйлеп, ауасын жұтып жүргенім үлкен бақытпен пара-пар.Тәуелсіздікке жету мақсатында ата-бабаларымыз қаншама ауыр оқиғаларды басынан өткерді.Қазір тәуелсіз елдің қатарындамыз. Барлығы оңайлықпен келе қоймағанын біз бен сіз жақсы білеміз. Кең байтақ еліміздің болашағы жарқын болуына,мен үлкен сенім білдіремін.Елтаңба, Ту, Әнұран барлығыда Қазақстанның абыройын, намысын бейнелейтін белгілеріміздің бір бөлігі.Елордамыз, тіліміз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз барлығыда Қазақ еліміздің ұлылығы мен тектілігінің бір көрінісі. Қазақ халқымыздың патриот ел екені де оның көптеген мақалдарынан, нақыл сөздерінен байқалады."Туған елдей-ел болмас, туған жердей-жер болмас", Отанға қатысты"Бұтағы көп ағашқа құс қонар ", Ә. Сәрсенбаевтың: Сенен артық қасиет жоқ, жері, тегі, Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі, Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер, Көркейтуге міндеттімін мен сені,-туған жерге деген махаббаты осындай өлең жолдарынан байқалады. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері де қазақ тілді меңгеріп, тағамдарынан дәм татып, өз елдеріндей сезініп,елімізге қызмет атқарып жүр.Кең байтақ атамекенім әрқашан басқа ұлт өкілдеріне қонақжайлылық көрсетіп, сыйластық танытады.Қазақстан жері мақтанарлықтай табиғи аумақтарымен және ескерткіш, минералды шикізат көздерімен ерекшеленеді. Кен байлықтарымызға әрине мұнай-газ, қорғасын, 70-тен астам әр түрлі минералдар мен шикізат көздеріне өте бай. Мәдениет пен қоғам жайлы айтатын болсам: Ұлы дала көшпелілерінің мұрагеріміз, сондықтан ұлттық мәдениетіміз ерекше. Жылқыға ерекше мән беріп, қозғалыс көлігі ретінде адамзат үшін өте маңызды рөл атқарған . Атқа мінген әрбір қазақ өзің емін еркін ұстап, аспанда самғап ұшып жүргендей еркін қалықтаған. Халқымыздың дәстүрінде де тәй-тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі. Ер жетіп, бой жеткен де жылқының құлағында ойнап, әр қадамын нық сеніммен басу үшін бөбек кезінен тұсауын кескен. Қазақ халқы жан- жануарларға да ерекше көзқараспен қараған. Соның бірі жет қазынаның бірі ит, қой және сиырды бағып, өнімдерін қажеттілікке жаратқан. Шексіз даланы игеруде де үлкен мәдениет жатыр. Қазақ халқы өте ертеден өнерпаз болған. Жартасқа, таяққа, билеп жүрген адамдарды өте ерте кезден бастап қашап бейнелеген. Кейіннен сыбызғы, домбыра, қобыз, даңғыра секілді аспаптар жасай білген және музыкалық үн шығарған. Қазақстан еркін ел және әлеуметтік мемлекет. Еліміз ең әуелі бостандыққа ұмтылған. Әрбір адам үшін ең қымбаты оның өмірі және құқықтары. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда алғаның бүкіл дүйім жұрт біледі. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Қазіргі таңда қазақ халқы 18 милионнан асады. Қазақстанда ең ірі теңіздеріміз Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл теңіздері баршылық. Қазақстан мақатанарлыққа тұрарлықтай мемлекет. Ал оның бүгін, ертеңі біз екенімізді ұмытпауымыз қажет. Заманға лайықты болу үшін ең әуелі тәрбие мен білім беру жүйесін түзеуіміз керек. Жас ұрпаққа білім беру үшін қазіргі таңда бар жағдай жасалған.Балабақшадан бастап есейген шағына дейін еркін өсіп, білім алуына қазіргі таңда мүмкіндік көп. Оқыту мен тәрбие беру жауапты тұлғалардың қолында деп ойлаймын. Жас жеткіншектерді қазірден баулып, тәрбие беретін болсақ, отанға деген махаббат сезімі өле өлгенше сақтарлар деген ойдамын. Дана халқымыздың «Отансыз адам, армансыз бұлбұл» деген екен. Адамзат баласы үшін туып өскен жері, кіндік қаны тамған жері әрдайым ыстық. Адам баласы үшін отан ошақ басынан басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Қазақстаннан білім алып, тәрбиесін көрген жас түлекпін. Әне міне дегенше 11 сыныпты аяқтап, Қазақстанның түкпір-түпірінен келген жас түлектермен жоғарғы оқу орнына түспекпін. Жоғарғы оқу орнына түсетін сыныптастарым Қазақстанның алыс шалғай жерлеріне білім іздеп кетпекші. Балалық шақпен де қоштасуды бір сәт ойласам, жүрегім алабырсып, толғаныс сезімі атша тулап қобалжып кететінім бар. Мен жас түлекпін және Қазақ елінің болашақ журналистімін алға ұмтылған. Сүрлеу-соқпағы көп өмірдің белесіне қадам басамын. Алла қаласа Қазақстан үшін тер төгіп, қаламын мықтап ұстаған Қазақстанның еңбек сіңірген журналист қызы болмақшымын. Жас түлек деген болашақ маман иесі, өмірдің бір белесіне аттанып бара жатқан жолаушы. Қазір Қазақстанды бүкіл әлемге мойындаған аға-буын өкілдері де кезінде мен өтейін деп жатқан сынақтардан өткен болар. Мен де сол кісілер секілді Көк туымды желбіретіп, Қазақстанның бетке ұстар азаматшасы болуды нәсіп етсін. Қазақстан туралы, туған жерім туралы жан толғанысын айтып тауыса алмаспын, сірә! Қазақ халқының бірлігі, татулығы ажырамай әрдайым отанның басты орынға қоя білетін азаматтармен азаматшаларды тәрбиелеуіне тілектеспін. Қазақстанға деген шексіз махаббат және алда келе жатқан үлкен сынақтардан өткелі тұрған қазақстандықтарға айтарым: сындардан сүрінбей өтіп,өз сүйген мамандықтарының иесі болып, Қазақстанға еңбегі сіңген тұлғалар болуына тілектеспін.«Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұл-қыздарымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан». Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арман «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіз дігі». Тәуелсіздікке жетіп, міне тәуелсіз, егемен еркін елімізге 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар сенімін абыроймен ақтап, қазақ халқын бүкіл әлемге танытып,еліміздің ертеңгі жастарына үлгілі болайық.

Ақбөпе Жайлау


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама