Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Решат-Нури Гунтекин "Үзілген жапырақтар" повесть

Бұл көркем туындыда "бір айналдырса-шыр айналдырады" деген дәлелденген. Басты кейіпкер ата-тегі түріктерден шыққан Əли-Ырза. Өте намысшыл,суық жəне ешкімге жалынбайтын азамат. Іскер адам еді. Көптеген тіл білетін. Жұмыста өз көзімен көрген жаншошырлық жағдайға бей-жай қарамай намысы ұстап жұмыстан шығып кетеді. (Əкесі жоқ бір қызға жанашырлық жасап жұмысқа кіргізеді,бастығымен ойнас болғанын,екіқабат болып қалғанын біліп,намыстанып жұмыстан шығып кетеді). Бұл оқиғаның басталуы еді. Əли-Ырзаның 4 қыз,жалғыз ұлы бар. Жалғыз ұлы жұмысқа тұрып əкесін қуантады. Əкесі баласына риза болып,əкелік орнын береді. Осылай Əли-Ырзаның қадірі кете бастайды. Ұлы күйеуге шыққан,жеңілтек əйелді өзіне жар етіп алады. Келіні келе салысымен үйдің қожайыны болып,үлкен екі қыздары Лейла мен Нежлаға бар өнерін үйретіп,үйді жын ойнаққа айналдырады. Үлкен қызы ақылды еді. Бұл қорлыққа шыдамай екі баласы бар еркекке тұрмысқа шығып,кетіп қалады. Ұлы түрмеге түседі. Нежла қызы Сирияға бір жігіттің етегінен ұстап кетеді. Лейла қызы жеңілтектіктен ауруға шалдығады. Осылайша оқиға шарықтау шегіне жетеді. Ақырында,байғұс əке бір өзі баз кешіп,кіші Айшамен,əйелімен қалады.

Бұл жерде балаларын жапырақтарға теңеп тұр. Əр жағдайда үзіліп тұрады. Өмірден алынған жағдайлардың басын біріктірген. Тірі кезінде өз туған балаларының осындай опасыздық жасауы əкенің жүрегіне қатты батады. Шиеленістен туындаған өмір. Басында бəрі жақсы болған. Бірақ,сол бір келеңсіз жайттан кейін,өмірі түбегейлі өзгерді. Сəтті шыққан туынды.

Тұрғанбек Бибіфатима


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама