Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Менің сүйікті ойыншығым
Бұл 2 сыныпта өткізілген сабақ. Сабақта жаңа техналогиялар қатыстырылып өткізілген
Сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолданылған.
Қазақ тіл
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты қолайлы етіп түсіндіру. Ойыншықтардың атын әр түрлі қызықты тапсырмалар орындату арқылы ажырата білуге үйрету.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік, есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО әдістері, көрнекілік, талдау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. 1Сабаққа назарларларын аудару.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, біздің сабағымыз күндегідей емес, интерактивті тақтаны пайдалана отырып,
өз білімімізді, тәртібімізді көрсете білейік.
Олай болса, балалар сабағымызға сәттілік тілей отырып, өлең шумағынан
бастайық.

1. 2. Психологиялық дайындық.
Мен оқушы баламын,
Оқу, білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
Ендеше, отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.

II. Қызығушылықты ояту.
2. 1 Миға шабуыл (жедел сұрақ )
Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек.
- Сенің атың кім?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қандай түстерді білесің?

2. 2 Топтастыру
Аты, тақырыбы
сипаттау
әңгімелеу
Басы, негізі, соңы
қандай сөйлемдерден құралады
- Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? («Ақылды қарға» ертегісі )
- Мәтін неден құралады? (Сөйлемнен )
- Мәтін не туралы? (қарға туралы)
- Мәтінде қарға қандай болып шығады? (Ақылды қарға )
- Неге ақылды қарға дейміз? (Өйткені қарға ақылмен суды құмырадан ішеді )
2. 3 Қорытынды. Сонымен балалар бұл ертегіде қарға өзінің ақылымен құмырадағы аз суды тас салу арқылы ішеді екен.

III. Мағынаны ашу Жұмбақ жасыру
Бар екен олар бақшада
Бар екен олар үйде де
Өздеріне қарасаң
Келеді олар әр түрлі

Ендеше, бәріміз тақтаға қарайық.
Сендерге мынандай жұмбақ айтқым келіп тұр.

Жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ойыншықтар
ойыншықтар( сурет көрсету)
Оның ойыншықтар екенін қайдан білдіңдер? ( өйткені бізде де бар )
- қандай ойыншықтар болады? (доп, машина, секіртпе, қонжық)

3. 2 Ережемен таныстыру
Демек, балалар ойыншықтар дегеніміз бұл әр үйде бар, өзіміз ойнайтын заттар екен. Ойыншықтар әр түрлі болып келеді. Мысалы: жұмсақ ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар

3. 3Оқулықпен жұмыс
Ай, күнді жазу.
Көркем жазу
1 - жаттығу ( Ауызша)
- Мынау қандай ойыншық?
- Мынау - доп
- Мынау қандай ойыншық?
- Мынау - қуыршақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама