- 05 нау. 2024 03:41
- 298
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық қартасы.
Ортаңғы топқа арналған.
Білім саласы: Коммуникация
Таpayы: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты:
Білімділігі Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: ойыншық - игрушка, доп - мяч, қуыршақ - кукла.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, көбелек.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Іздестіру - ұйымдастыру
Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.
Табиғат біздің анамыз!
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз!
Біз әдепті баламыз!
«Көбелек гүлге қонады» ойыны
Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Көктем мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?
4. Балалар біз қайда келдік?
5. Балабақшада сендер не істейсіңдер?
6. Немен ойнайсыңдар?
Балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз.
Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
- Бұл қандай пішін?
- Пішінің түсі қандай?
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың
(Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, пирамида т. б)
- Жарайсыңдар, дұрыс
Тәрбиеші; Қыз балалар қандай ойыншықпен ойнауды ұнатады?
Тәрбиеші;- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Құыршақ туралы кім тақпақ айтып береді?
Милана
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар; машинамен ойнайды.
Тәрбиеші; Ал, машинаның түсі қандай?
- Кім машина туралы тақпақ біледі?
Али
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
Тәрбиеші: Исалина А. С.
Менің сүйікті ойыншықтарым. жүктеу