Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
ТҮСІНІК ХАТ
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде ұсынылады. Бұл бағдарлама оқушылардың алдыңғы сыныптардан алған биологиялық білімдерін жинақтап, қорыта отырып, биологиялық заңдылықтарды, заманауи теорияларды, концепциялар мен ілімдерді терең мағынада түсініп қабылдауын қамтамасыз етеді. Бағдарламада оқушылардың жаратылыстану - ғылыми көзқарасы мен экологиялық мəдениетін қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген. Есептер шығару биологиялық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, ерік және қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себебі тиеді, биологияға қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден - бір құрал болып табылады. Сонымен қатар қосымша материалдармен кірістіріліп қарастырылған. Барлығы 1 жылға 34 сағат жоспарланған (аптасына 1 сағат).

Оқу курсының тақырыптарының мазмұны
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

І бөлім. Кіріспе (1 сағат)

ІІ бөлім. Гентика негіздері (10 сағат)
Генетика ғылымының ашылу тарихы. F1 ұрпағы гибридтерінің біркелкілігі туралы ереже. Ажырау заңын қамтамасыз ететін ереже. Г. Мендель заңының ашылу тарихы. Дигибридті, полигибридті шағылыстыру, белгілердің тәуелсіз ажырауы. Гендердің дифференциалды белсенділігі. Генетикалық есептер шығару. Жинақтап қорыту

ІІІ бөлім. Өзгергіштік (12 сағат)
Өзгергіштік оның себептері. Фенотиптік өзгергіштік. Мутация және мутагенез, оның селекция тәжірибесіндегі маңызы. Полипдоидия және селекциялық тәжірибеде пайдалану. Будандастыру. Алшақ будандастыру. Оның селекция тәжірибесі үшін маңызы. Гетерозис, оны өсімдіктер тәжірибесінде пайдалану жолдары. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері. Іріктеме туралы ұғым. Іріктемеге қойылатын өндірістік талаптар. Жинақтап қорыту

ІV бөлім. Сұрыптау (10 сағат)
Сұрыптаудың әдістік жолдары. Жаппай сұрыптау. Аутогамды популяциядағы сұрыптау. Жекелей сұрыптау. Педигири әдісі. Клондық сұрыптау. Аллогамды популяциядағы сұрыптау. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру. Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды будандастыру.

V бөлім. Жинақтап қорыту (1 сағат)

Ә. Молдағұлова атындағы
№28 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: А. О. Карибаева
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама