- 21 сәу. 2020 00:00
- 235
Менің университетім – менің мақтанышым
Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Мен Орымбай Қымбат Бақытқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы кафедрасының 2- курс магистрантымын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында.
86-жылдық тарихы бар еліміздегі алғашқы жоғары білім ордасы болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бүгінгі таңдағы еңсесі биік. Осы білім шаңырағының қазақ халқының тарихындағы алатын орны да ерекше. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін басынан сан алуан тарихты өткізе отырып, қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті мамандар даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді.
Орымбай Қымбат Бақытқызы
Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ,
Тapих, apхeoлoгия жәнe этнoлoгия фaкультeтiнiң 2-куpc мaгиcтpaнтты