Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің затымды алыңыз (ІІ түрі)

Әпенді бір кесек еті қолында, үйіне қарай асықпай, маң-маң басып келе жатады. Сол кезде қарсы кездесе кеткен бір ашқарақ ит мұның етін жұлып алып қаша жөнеледі. Бармағын тістеп өкініп қалған Қожа аңырып жан-жағына қарайды, анадай жерде біреу ет сатып тұр екен. Әпенді көп ойланып жатпай әлгі кісінің етін жұлып алып қаша жөнеледі.

— Әй, Қожа, таста қылжақты, етті қайтар! — деп айқайлайды анау.

— Орнына менің етімді ал! — дейді бұл

— Ол қайда?

— Ана қашқан иттің аузында! — депті Қожа.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама