- 28 қаң. 2020 00:00
- 198
Ел ұрлап жеген ит (І түрі)
Қожанасыр үйіне ет алып келеді де, әйеліне береді. Әйелі өзінің құрбыларымен бастаңғы жасап, дәмді тамақ істеп жеп қояды да, Қожанасыр келгенде:
— Етті ит ұрлап жеп кетіпті, — дей салады.
Қожанасыр бір күні дүкеннен ет орнына балта сатып алады да, сүртіп, тазалап, төрдегі сандыққа салып, аузын құлыптап қояды.
Бұған таңданған әйелі:
— Мұныңыз қалай, Қожеке? — деп сұрайды.
Қожанасыр:
— Ой, оңбаған, надан сорлы-ай! Бір мірілік етті күнде жеп үйренген ит бес теңгелік балтаны жеймін деп, балталанып қала ма деп жасырып қойып жатырмын, — дейді.