Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Миллиардердің бұрынғы әйелі қамау камерасында өз-өзіне қол салды

Миллиардердің бұрынғы әйелі қамау камерасында жан тапсырды

Ресейлік миллиардер Александр Галицкийдің бұрынғы әйелі Алия уақытша ұстау изоляторының камерасында өз-өзіне қол салды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Алия Галицкаяға күдік туындаған. Ол бұрынғы күйеуінен ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Baza Telegram арнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, миллиардердің бұрынғы әйелі Мәскеу облысында ұсталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Алия Галицкая кездесулерде және телефон арқылы бұрынғы күйеуінен 150 миллион доллар (72 миллиард теңгеден астам) беруді талап етіп, компроматты жариялаумен қорқытқан.

«Бұған дейін Алия бизнесменнің инвестициялық шоттарын қоса алғанда, ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыз берген. Осы іс бойынша Галицкийдің 435 миллион рубльге (2,7 миллиард теңгеден астам) мүлкі, атап айтқанда, Патриарший прудындағы пәтер, екі автотұрақ орны, қала сыртындағы үй және «Тургенев» клубындағы пәтерлер тәркіленді», - деп жазады Telegram арнасы.

Сот Галицкаяны алдағы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, бірақ ол тергеу изоляторына жеткен жоқ: «Базаның» мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салған.

Александр Галицкий - Шығыс Еуропа мен Батыстағы ең танымал және ықпалды венчурлық инвесторлардың бірі. Оны жиі жоғары технологиялар индустриясының «сәулетшісі» деп атайды. Оның қорларының басқаруында жүздеген миллион доллар бар.

Жаңалықтар

Жарнама