Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мінездеме
МІНЕЗДЕМЕ
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас маманы
Дулат Әлімбайұлы Арапбаевқа
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев 1982 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Астана қаласы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы – заңгер.
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев 2003 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бас маман ретінде қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті.
Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және тәртіпті офицер ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Сырт келбеті ұқыпты. Дене бітімі дамыған. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.
Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін мақтау қағазымен марапатталған.
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев келешекте жоғары дәрежелі, білікті офицер болады деген сенім білдіреміз.
Төрағасы қолы аты - жөні

Мінездеме. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама