Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 минут бұрын)
Мұнай бағасы АҚШ пен Иран келіссөздерінің үзілуіне байланысты күрт өсті

АҚШ пен Иран арасындағы екінші кезең бейбіт келіссөздердің үзілуі әлемдік мұнай нарығына кері әсерін тигізді. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Таяу Шығыстағы мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдардың тұрақты қаупінен бөлек, Ормуз бұғазының жабылуы нарық үшін басты мәселе болып қалуда.

Дүйсенбі, 27 сәуірде Brent маркалы мұнай бағасы шамамен үш пайызға өсіп, барреліне 108 долларға жетті. Бұл апталық өсімді 13 пайызға жеткізді.

Сенбі күні Дональд Трамп АҚШ Иран Ислам Республикасының өкілдерімен келіссөз жүргізуге асықпайтынын мәлімдеді. Себебі, Тегеран олардың талаптарын орындамаған. АҚШ президентінің айтуынша, елді кім басқаратыны және кіммен келіссөз жүргізу керектігі белгісіз.

Иранның зымырандық шабуылдарына байланысты танкерлер әлі күнге дейін Ормуз бұғазынан өтуден бас тартуда. Бұрын бұл бұғаз арқылы әлемдік шикі мұнай жеткізілімінің бестен бірі өтетін.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама