Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Мұңлы қыз (ІІІ нұсқа)

Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбішесі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал-екең алады», — дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы қой, алалы жылқысын қимаған қыз әкесі жалғыз қызын байға тоқалдыққа береді. Әкенің қатігездігіне өзегі өртеніп, заманының әділетсіздігіне күйінген қыз ұзатыла жатып: «Қаракер аттың тоқтығы-ай, жалынан ұзын шоқтығы-ай. Мені малға сатқаны әділеттің жоқтығы-ай», — деп зарлаған екен. Қыз ұзатуға жиылып, қыз зарын естіп тұрған көпшілік «О, мұңлы, сорлы-ай!» — деп өкініседі. О баста қыз ұзату салтанатын күйге қоспақ болған күйші адамның іш-бауырын елжіреткен мына қайғылы халге іштей елжіреп, қыз зарына арнап, «Мұңлы қыз» күйін шертіпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама