Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы,
«С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Толеуова Аманжан Талгаровна
Әдебиет 8 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру. Поэманың тақырыбы мен идеясы, көркем бейне жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін,
табиғатты сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды табиғатқа деген адамгершілік қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: білім мен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар.
Көрнекілігі: Ақын өмірінен слайдтар, тірі дауыстағы өлеңін үнтаспадан тыңдау, «Салтанат», Аққу» күйлері, « Жазылар естеліктер мен туралы» ақынға арналған естеліктер мен бағалар, Жетімкөлдің, аққудың суреті, шыршалы тоғай көрінісі(сурет) интербелсенді тақтадан.
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Тренинг. «Тілек тілей білеміз бе?» Тілек тілеу барысында топқа бөлу.
б) Үй тапсырмасын сұрау: Ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа оқу.
Әр топтың оқушылары Мұқағали ақынды өзіне меншіктей отырып, ақын өмірі, шығармашылығы, естеліктер жайлы тың деректер мен дәйектер береді.
1 - топ: Менің Мұқағалиым өзінің туған жерін қарасазын, Хан Тәңірі, Шалкөдесін сүйді. Туған жеріне арналған бір шумақ өлеңмен үзінді оқиды.
2 - топ: Ақын өлеңдерінің тақырыптары.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшыраған да «Ақынның ақындығы атақ емес, арда ғана» деген байламды берік ұстап, шен - шекпенге де, лауазым – атаққа да қызықпаған.
Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы:
Мен жырламаймын, сырласамын.
Сыры бір замандаспен мұңдасамын.
Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым
немесе,
Тіпті де мен еместі «Мен» дегенім...
Өзгенің жан – сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін
дейді, Мұқағали шығармаларының негізі «өзін - өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы толғауында жесір жеңге образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, даналық, ар, намыс, рух пен нәпсі арасындағы толлассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.
Болған – ды менде бір жеңге,
Жылайтын еді бір демде,
Күлетін еді бір демде,
Күлетін еді күллі әлем,
Дариға жеңгем күлгенде...
Әйел тағдырын, әйел әлемін ақын терең түсініп, дөп жырлаған ба дерсің?!
Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың небәрі 12 жылдық өмірі қалған-ды. Соны сезіп білгендей ақын жүрегі алабөтен асығады.
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңада ғана бастадым... – деп жанұшыра үн қатады.
Үлкен қалада үйсіздік пен күйсіздіктің қиыншылығын тартуына, қызметінің жиі ауысуына қарамастан, Мұқағали «алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан, бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан, шырақтардан, оттардан, жалаулардан, тіпті жоғалған замандардан да» өзі тағат таппай іздеген поэзияға деген шексіз махаббатына деген адалдығына, тұрақтылығын сақтап қалды.
в) Жаңа сабақ: Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрды. 1962 жылы Алматыға көшіп келеді де, « Социалистік Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді. « Жұлдыз» журналында қызмет атқарады.
«Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда,
Байқашы бір бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп ақиық ақын - Мұқағали ұрпақтарға ұлан - ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Анасының естелігіне жүгінсек, Мұқағали 14 - 15 жасынан - ақ өлеңге шындап ден қоя бастайды. Төбесі аласа ғана тамға қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, шаршамай, шалдықпай оқумен болады.
Жырды оқымас бұрын Т. Момбековтың «Салтанат» күйін тыңдатамын да, содан кейін жырды мәнерлеп оқимын. Оқушылармен бірге отырып мазмұндық жоспар құру.
Тақырыбы ------------------------------------------------------- Басты оқиғалар.
Тау басына біткен көл --------------------------------------- Жетімкөлдің емдік қасиеті
Жетімкөл жағасындағы дәстүр жалғастығы
Жетімкөл жетімсірейді
Ауру бала -------------------------------------------------------- Баланың ауруға шалдығуы
Баласын күзеткен ана
Тәуіп шалдың айтқан емі
ана шешімі
Оқыс атылған мылтық
Жылқышы қарт. Шарасыз ана. -------------------------- Көзінен жас, көңілінен зар төгілген байғұс ана
Халық ырымы
Бала өлімі
Ана қасіреті
Аққулар туралы аңыз…--------------------------------------- Халық айтса, қалт айтпайды.
Поэмадағы сюжеттік оқиғалар негізіне композициялық талдау жасату:
Оқиғаның басталуы: Жетімкөл туралы аңыз
Оқиғаның дамуы: Ауру бала. Тәуіп айтқан ем.
Оқиғаның байланысуы: Ұзақ түн. Дәрменсіз ата - ана.
Оқиғаның шарықтау шегі: Оқыс атылған мылтық. Астан – кестең көл беті.
Оқиғаның шешімі: Аққудың киесі. Жалғыз ұлынан айырылған ана қасіреті.
Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдау. Аққуға қатысты слайдтар көрсету.
Топтық жұмыс: мәтінмен жұмыс. Поэмадан троптың түрлерін табу.
Эпитет:
Кейіптеу:
Теңеу:
Кейіпкерлерге мінездеме беру:
Баланың анасы:
Баланың әкесі:
Тәуіп шал:
Жылқышы қарт:
г) Бекіту:
1. Поэма оқиғасы немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма?
2. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не?
3. Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?
4. Аққуды атуға бола ма?
5. Аққудан басқа қандай аң - құсты киелі деп білесің?
6. Бүгінгі таңда аң - құсты қорғау мәселесі қандай деңгейде?
д) Қорытынды: Дүниеде екі ана бар. Бірі – адамның анасы. Екіншісі - тіршіліктің анасы табиғат. Олардың екеуі де мейірімді. Кез келген ананың жүрегін жаралауға, табиғатқа қаталдық көрсетуге, оны бүлдіруге хақымыз жоқ. Бірақ біз кейде анамызды ренжітеміз. Солай ма? Табиғат ананы да бүлдіреміз. Осымыз дұрыс па?!
Ана аққуды атуға, олардың бір – бірінсіз өмір сүре алмайтынын біле тұрса да оқ атты. Неге? Оған не себеп? Өз ойымызды ортаға салайық.
Білемін, керемет бір күні келеді,
Жайнайды, жасыл бағым гүлденеді
Көремін, керемет бір күн кешемін,
Болашағым сенімен бірге өсемін,- деп өз заманымен ғана емес, болашағымен бірге өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді. Қазірде талай жайсаңдар мен жақсылардың мәңгілік мекені болған Қеңсайдың құшағында жатыр.
Мұзбалақ ақын тауды, қазақ ауылын көп жырлаған. Мысалы:
Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күңіренсем күрсініп, тау жылаған
немесе,
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал, ырысым - ұлан ғайып кең далам
деп жырлайды ақын.
Құдайдың құдіретіне қалай таң қалмайсың? Пендешілік іштарлықпен Мұқағалиға деген халықтың махаббатын «қызғанып» жатқанымызда, Алланы сүйген жүрегі үшін, Тәңірдің өзі ақынның тау мүсінін табиғаттан қашап шығарды.
Бағалау:
Үйге: Поэманы оқып, өзіңе ұнаған жерінен үзінді жаттау.
Толық нұсқасын жүктеу