Аққала балаларда қонақта
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Аудандық «Шұғыла» балабақшасы ІІ санатты тәрбиеші
Қожамұратова Гүлім
«Аққала балаларда қонақта» ойын – сауық кеші.
Мақсаты: Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру. Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым құбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың өлеңдерді, билерді, ойындарды орындауға қызығушылықтарын дамыту. Балалардың көңіл – күйін шаттыққа баулу.
Көрнекілігі: аққала кейіпкері, залды қыс мезгіліне сәйкес безендіру, меже, меже сызықтары, қар жауатын аппарат
Барысы: Балалармен орманға серуенге шығу
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін сендер орманға серуенге шығуға дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз орманға серуенге кеттік. Балалар мына жерде қар қалың екен. Қарда із бар екен. Біз сол іздің үстімен жүрейік.
(ізбен жүру)
Алдымызда дүмбешік жол бар екен енді осы дүмбешіктің үстімен абайлап жай жүріспен жүрейік.
- Балалар, айналаларыңа көз тастап қараңдаршы жердің бетін не жапқан?
Балалар: Қар
(Таңғажайып сәт, қар жауады)
Тәрбиеші: Балалар жоғары қараңдаршы, не жауып жатыр?
Балалар: Қар
Тәрбиеші: Қар қандай?
Балалар: ақ, жұмсақ, мұздай салқын
Тәрбиеші: балалар, қарды қолғапсыз ұстауға, жеуге бола ма?
Балалар: жоқ болмайды
Тәрбиеші: иә дұрыс айтасыңдар, қарды жесек ауырып қаламыз
Балалар, сонымен қар жылдың қай мезгілінде жауады екен?
Балалар: қыс мезгілінде
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе?
Балалар: иә білеміз
Балалардың тақпағы.
Бинұр: Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды
Жон аппақ түске енді
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды
Мирас: Қысым – ау, қысым – ау
Жібердің қысып – ақ
Қалмаспыз біз деген
Боранға ұшырап
Аппақ қар жауа бер
Риза ғой саған ел
Нұрай: Шыңдарды, құздарды
Шаңғымен сызалық
Елемей ызғарды
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып
Меруерт: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып – жылтыр боп жатады
Нартай: Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды
Тәрбиеші: Енді балалар мен сендерге жұмбақ өлең жасырайын
Ойнаңдар да ойлаңдар
Сәбіз мұрын кім де бар?
Шелек киген басына айтыңдаршы
Балалар, балалар
Балалар: Айтамыз біз айтамыз
Аппақ қардан жасаймыз
Шыдайды ол аяз да
Көңілде ол аққала, аққала
Аққала кіреді. (тақырып түседі)
Аққала: Саламатсыңдар ма, балалар мен сендердің дауыстарыңды естіп,
осында келдім. Мені таныдыңдар ма?
Балалар: иә, таныдық сіз аққаласыз
Аққала: мен ертегілер еліндегі аққаламын.
Аққала неден жасалады?
Балалар: - қардан
Аққала: - мен неше бөліктен тұрамын
Балалар: 3 бөліктен
Аққала: - қане саусағымызбен көрсетейікші
- менің бөліктерім қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелек
Аққала: - дөңгелектердің көлемінде қандай айырмашылықтар бар?
Балалар: 1 дөңгелек – үлкен
2 дөңгелек – кішілеу
3 дөңгелек – кішкентай
- Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер.
Тәрбиеші: - Балалар біз Аққалалардың көңілін көтеру үшін «Аққала» әнін орындап берейік.
Хор: «Аққала»
Аққала: Рахмет балалар менің көңілімді көтеріп тастадыңдар, сендерге риза
болдым
Балалар, менде сендерге өзім білетін жұмбағымды жасырып көрейінші:
1. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (Мұз)
2. Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем (Шана)
Тәрбиеші: - балалар, аққалаға тосын сый жасасақ қалай болады. Аққала сіз көзіңізді жұмып тұрыңыз (балалармен бірге аққала құрастыру)
Аққала: Балалар рахмет мен сендерге ризамын, маған өте тамаша дос болады.
- балалар менде сендермен дос болғым келеді. Менімен дос боласыңдар ма?
Балалар: иә дос боламыз
Тәрбиеші: балалар, сендер осы достық туралы кім мақал – мәтел біледі?
Балалар: Ақуды атпа, досыңды сатпа!
100 теңгең болғанша 100 досың болсын
Досы көпті жау алмайды
Жақсы дос үшін жан пида
Тәрбиеші: ал енді осы достығымыз жалғасын табу үшін “ Тату доспыз бәріміз “ әнін бірге шырқайық
Хор: “ Тату доспыз бәріміз “
Тәрбиеші: Аққала, сіз енді біз топтың жігіттер квартетінің әнін тыңдаңыз.
Жеке ән: «Ақ тиін»
Тәрбиеші: Аққала біздің топтың бишілері сізге би де билеп береді.
Би: «Петрушка»
Тәрбиеші: Балалар, енді аққаламен бірге қар атысып ойнайық.
Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөлініп, екі межені дәл көздеп, қар ату. (Балаларды мадақтау)
Аққала: Жарайсыңдар балалар, сендер мені өте риза қылдыңдар, сондықтан мен сендерге өзімнің сыйлығымды бергім келіп тұр
(Сыйлығын тарату)
Балалар, ал енді мен сендермен аққала биін билейінші.
«Аққала» биі.