Дақылдар әні. Әдібай Табылды
Орал қаласы,
№19 орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Гулбар Куспанова
Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні Әдібай Табылды (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дәнді дақылдар туралы түсінік бере отырып, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, қазақтың белгілі балалар жазушысы Ә. Табылды өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
2. Өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт - бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
3. Өлең мазмұны арқылы оқушыларды білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: дамыта оқыту, ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, топпен
жұмыс, мәнерлеп оқыту, қызығушылығын ояту.
Сабақ көрнекілігі: Ә. Табылды суреті. ұран, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық сәт.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
- Балалар бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекше деп айтуымызға болады.
— Себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.
— Ендеше, біз бүгін «Білім әлеміне» саяхатқа шығамыз. Білім әлеміне жету үшін мынадай ауылдардан өтуіміз керек.
«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Еңбек түбі береке»
«Кімнің ойы жүйрік?» «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
— Бірінші ауыл: «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек — сызба арқылы өткен тақырыпты яғни үй тапсырмасын тексеремін
— Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік? Сұрақтар беріледі.
Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы талданады.
Сұрақтар:
1. Анна апайдың бақшасы кімнің әңгімесі? (Оралхан Бөкей)
2. Күздігүні ауа райы қалай суреттелген? (Аспан шайдай ашық. Ағаш жапырақтары сарғайған. Ұшқан тырналардың дауысы естіледі)
3. Балалардың іс – әрекеті туралы айт.
4. Жеңісті аурудан айықтырған кім?
5. Жеңіс неге ұялды және қандай шешім қабылдады?
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Оралхан Бөкейхан кім?
2. Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің?
3. Жеміс – жидектерді қалай жеу керек екен?
4. Анна апай балалардың ұрлығын сезіп қойса, Жеңісті емдер ме еді?
5. «Ұрлық түбі – қорлық» дегенді қалай түсінесің? Мәтін мазмұны сұрақ - жауап әдісі бойынша қорытындыланады.
Екінші ауыл: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп аталады. Олай болса жаңа сабақпен танысайық.
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, міне біздер маужыраған барқыт күздегі Анна апайдың бақшасы жайында түсінік алдық. Енді бүгін сіздермен дәнді дақылдар жайында түсініктер аламыз. Бүгінгі тақырыбымыз Әдібай Табылдиевтің «Дәнді дақылдар» өлеңі.
Сергіту сәті. - Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп - түзү боп отырып,
Көркем етіп жазайық
Тақтамен жұмыс.
Автор туралы түсінік. Әдібай Табылды - белгілі педагог, ақын, жазушы, ғалым, Қазақтың мемлекеттік Әл - Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры. Әдібай Табылды 1926 жылы 2 - қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген.
Балаларға арналған «Бөбекке сөз» (1959) атты жинағынан бастап көп - теген өлеңдер мен қысқа әңгімелер, скетчтер, эпиграммалар жинақтары жарық көрді. «Алыптардың алабы», «Бәрекелді», «Кірпі», « Ғажайып бақ» сияқты ертегі - пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды. 2001 жылы «Қазақ этнопедагогикасы» атты оқулығы үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық сыйлықты иеленді. Періште жүрек ақынның тәп - тәтті өлеңдері о бастағы табиғилығынан айныған емес. Оған «Қайырлы таң, балалар!» атты жыр жинағындағы өздеріңе ұсынылып отырған өлеңдері куә.
Оқулықпен жұмыс.
А) Мәтінді мәнерлеп оқу:(Интерактивті тақтамен бірге еріп оқушылар хормен оқып шығады)
- Олай болса бұл әңгіме нелер туралы, не жөнінде екені туралы қысқаша сұрақтармен тиянақтау.
Үшінші ауыл: «Еңбек түбі береке».
Өлеңді сұрақ - жауап арқылы талдау:
1. Өлең неліктен « Дақылдар әні» деп аталған?
2. Өлеңді тағы қалай атауға болар еді?
3. Өлеңде қандай дақылдар жөнінде айтылған?
4. Аталған дақылдардың қандай пайдасы бар?
5. Осы дақылдардан қандай тағамдар жасалады?
Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:
Арпа – астық тұқымдастарға жататын бір жылдық аса бағалы дақыл. Мұны азық – түлікке, мал жеміне, сыра қайнатуға пайдаланады. Арпаның жаздық және күздік түрі болады. Жаздық арпа Қазақстанның бүкіл облыстарында, ал күздік арпа Шымкент, Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында өседі. Жаздық арпаға қарағанда, күздік арпаның түсімі жоғары және 13 - 15 күн ерте піседі.
Сұлы – астық тұқымдасының бір түрі. Бір жылдық және көпжылдық 70 - ке жуық түрі бар шөптесін өсімдік. Сұлының биіктігі 60 - 100см. Суықты көтереді, сұр, қара топырақта өседі. Батыс, Шығыс, Солтүстік облыстарында өседі. Майдың екінші жартысында еккен дұрыс. 8 - 10 күнде көктеп шығады.
Тары – астық тұқымдас бір жылдық өсімдік. Биіктігі 70 - 100 см. Қазақстанда Орал, Павлодар, Қызылорда облыстарында өседі. Тары бөлшектеп орылады. Тары егініне қаракүйе қауіпті.
Бидай – астық тұқымдас ең маңызды дақыл. Бидайдан ұн, жарма, макарон дайындалады. Кебегі малға беріледі. Бидайдың 22 мәдени және жабайы түрі бар. Бидайдың қатты және жұмсақ түрі болады. Жұмсақ бидайдың масағы жұмсақ, дәні жылтыр болып келеді. Одан нан пісіреледі. Қатты бидай дәні ірі, екінші орын алады. Нан дұрыс көтерілмейді. Солтүстік аудандарда көбірек өсіріледі.
Күріш - астық тұқымдас бір жылдық өсімдік. 20 - ға жуық түрі бар. Жылуды, суды көп қажет етеді. Қызылорда облыстарында өседі. Күріш өсіруде әр гектардан 174 ц. алып дүниежүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сабағынан қағаз, жіп, картон жасайды.
Кестені толтыру:
Бұрын білгенмін ----------Бүгін білдім ------------Білгім келеді
Төртінші ауыл:«Кімнің ойы жүйрік?»
Олай болса біз дақылдарды тереңірек түсіну үшін сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Әрбір топ дақылдардан өздеріне таңдағандарыңды алып әр орталықтарға бөлініп отырамыз.
Әрбір дақылдар суреттеріне қарай орталықтарға бөлінеді:
оқу орталығы (бидай)
жазу орталығы ( сұлы)
математика орталығы ( тары)
шығармашылық орталығы ( күріш)
Орталықтардың тапсырмасы:
Оқу орталығы.
Рөлге бөліп оқу
Жазу орталығы.
«Ас атасы - нан» тақырыбына мына тірек сызбалар арқылы шығарма жаз:
а) Күзгі табиғат: сарғылт тартып жапырақ, маужырап барқыт қоңыр күз, сап – сары кілем төселген сияқты, шық тамшылары моншақтай, бұлттар ә) Ас атасы нан, күлім қаққан адамдар, күз – қауырт жұмыстың көзі.
Математика орталығы.
1. Арман мен Айгүл Омар атайға дақылдарды машинаға тиісті. Олар түске дейін 50 қап, ал түстен кейін одан 10 қап артық тиеді. Олар барлығы қанша қап тиеді?
2) Омар атай Арман, Марат және Айдосқа күріш, бидай, тары берді. Арман тары, күріш алмады. Марат тары алған жоқ. Ал Айдос болса Арман мен Мараттың алмағандарын алды. Балалар қандай өнім алды?
Шығармашылық орталығы.
Күріш, тары бидай, сұлы туралы өлең, жұмбақ, мақал құрастырып, оқып беру.
Орталықтардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтыру. Жауап берген орталықтың жұмысына басқа орталықтың оқушыларын қатыстыру. Басқа орталықтағы оқушылар жаңа сабақ бойынша өздері түсінбеген сұрақтарын қоюға болады.
Қосымша тапсырма:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды......,
..... болып, дымқыл тұман...... басқан.
Білмеймін..... ма,..... ма,
Жылқы ойнап,....... қашқан,........ жарысқан.
А. Құнанбаев.
Жұмбақтар шешу.
Алыстан көрсем ақ тас
Жақыннан көрсем – дәмді ас. (Күріш)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар (Бидай)
Күн көргенде пісем дейді,
Піскен бойдан түсем дейді. (Алма)
Түймедей қыз,
Түймедей қызды жылатар. (Пияз)
Асыл болмаса да жасыл.
Қып – қызыл қаны асыл.
Қыз болмаса да шырайлы,
Өседі жерге шұрайлы. (Қызылша)
Құйрығы жасыл, қызыл қораз,
Інге тығылып ұзын қораз. (Сәбіз)
Титтей қазанның түбі тәтті. (Жаңғақ)
Жартысын ектім, бүтінін алдым. (Картоп)
Жетпіс қабат жейдесі,
Тамақ бізге кейде осы. (Орамжапырақ)
Көмген жалғыз, қазғанда сан қыз. ( Картоп)
Шырайлы қызың, мұрыны ұзын. (Сәбіз )
40 қабат шекпені,
Шешкен жанға өкпелі.
Соның бәрін шешкен соң
Көздің жасын төккенің. (Пияз)
Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)
Ой толғаныс.
Бесінші ауыл: Білгенге маржан, білмегенге арзан
Жаңа тақырыпты қорыту үшін Бес жолды өлең құрау тапсырылады
1. Кім? Не?
2. Қандай?
3. Не істейді?
4. Сөйлем
5. Синоним
Балалар біз осылай көптеген ауылдарды аралап, білім еліне де келіп жеттік. Ендеше, білім елін аралайық.
Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау.
-«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Слайдты жүктеу