Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 37 минут бұрын)
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Елім барда» (қазақ әдебиеті 6 сынып)

Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат алып, «Елім барда» өлеңінің тақырыбы мен идеясы ашылады.
Отанды, елін сүюге баулиды, перзенттік борышты өтеуге тәрбиелейді
Міндеттері: Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, тілі, ой - өрісі дамиды, өлең құрылысына талдау дағдылары қалыптасады, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой түйіндеу
Сабақтың көрнекілігі: М. Мақатаевтың суреттері, кітабы, бейне жазба

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. М. Мақатаевтың өмірі туралы оқушылар баяндайды
А) Мұқағалидың өмірі
Ә) Білімі
Б) Қызметі
В) Жыр – жинақтары
Г) Поэмалары
2. «Қара өлең» өлеңін жатқа оқиды.
а) Өлеңнің басты тақырыбы не?
ә) Идеясы қандай?
3. Оқушылар М. Мақатаевтың өздері сүйіп оқитын өлеңдерінен үзінділер оқылады.

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Галереяға саяхат» М. Мақатаевтың өмірінен алынған суреттерге
шолу.
Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың 650 ден астам өлеңдері бар. Оның қалам тартпаған тақырыбы жоқ десек болады. М. Мақатаев – қазақ халқының сүйікті ақындарының бірі, күллі қазақ даласы М. Мақатаевтың өлеңдерімен сусындап жүр. «Бәсәре», «Өмір - дастан» т. б. жыр дастандары әдебиетіміздің асыл мұралары.

ІV. Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген «Елім барда» өлеңі мәнерлеп оқылады. Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
V. Өлең құрылысына талдау:

«Елім барда»
Тақырыбы: Еліне, жеріне деген ыстық ықыласы
Идеясы: Елінің болашағына еңбек етіп, туған даласының амандығын тілеп, халқы үшін өмір сүретіндігін білдіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама