Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мұхтар Әуезов «Жетім»
Атырау облысы,
Индер ауданы, Жарсуат ауылы,
Махамбет атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Сұлтанғалиева Үміткен Байтұрсынқызы

Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М. Әуезовпен таныстырып «Жетім» әңгімесінің мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық мақсаты: Сабаққа деген ұлы жазушыға деген сүйіспеншілік, қызығушылығын арттыру, оқушылардың жан - жақты ойлау дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, бүктемелер, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Әліби Жангелдин «Амангелді Иманов» туралы естелік. Үш қатарға жеке - жеке сұрақ беремін.
1 - қатарға Әліби Жангелдин туралы не білесің?
2 - қатарға Амангелді Имановқа мінездеме беріңдер.
3 - қатарға Амангелдінің батыр болуына нендей жағдайлар әсер етті деп ойлайсыңдар?
1. Әліби Жангелдин (1884 - 1953) қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында өмірге келген. Қазақтың белгілі қоғам қайраткері. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін мемлекеттік деңгейдегі әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.
2. Амангелді Иманов өте ширақ өзін сергек ұстайтын, дос жарандарымен құрбы - құрдастарының арасында көңілді ақжарқын болуды қалайды. Салт атпен жүргенді ұнатады. Ол асқан аңшы мерген болған. Болаттай берік, алмастай өткір болған. Ән - күйді, өлең жырды ұнататын.
3. Амангелдінің батыр болуына атасына еліктеуі, жігерлі өткір, еңбекқорлық тағы сол сияқты қасиеттері орыс патшасының халыққа жасаған зорлық - зомбылығы, намысшылдығы, ер жүректілігі әсер етті.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе.
- Кәне, балалар сендер қандай қазақтың ақын - жазушыларын білесіңдер?
- М. Әуезов туралы не білесіңдер?
- М. Әуезовтің қандай әңгіме, шығармаларымен таныстық?
Интерактивті тақтадан суретін көрсете отырып, өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.
Мұхтар Әуезов (1897 - 1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматургі және қоғам қайраткері. Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет етті. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман – эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т. б шығармалары бар.
М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесімен танысамыз.
- «Жетім» деген сөзді естігенде көз алдарыңызға не елестейді.
- Жалпы осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
«Жетім» әңгімесін түсіндіру.

2. Оқулықпен жұмыс.
а) Әңгімені бес бөлікке бөліп, берілген межелі жерге дейін оқиды, ары қарай мазмұны қандай болады, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар әр бөліктен кейін әңгімені өз ойларымен жалғастырып көреді.
ә/ Өз бетінше оқуды ұйымдастыру.
б) Сөздікпен жұмыс.

3. Сұрақ - жауап.
Дамытушы сұрақтар арқылы сабақты қорыту
1. М. Әуезов кім екен?
2. Әңгімедегі Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
3. Әңгімеге «Жетімнен» басқа тағы қандай ат қояр едіңдер?
4. Мәтіннен Қасымның әжесінен айырылған жерін тауып оқы.
5. Исаға қандай мінездеме берер едіңдер?
- Олай болса, қатігез мейірімсіз болудан аулақ болыңдар.

4. «Бес жол шумақ өлеңі»
1. Зат есім 1 сөз. Қасым. Жетім
2. Сын есім 2 сөз. Қайғылы, мұңлы, зарлы, аянышты.
3. Етістік 3 сөз. Жылайды, қайғырады, армандайды, сағынады.
4. Түйін. 4 сөз. Жетім деген жаман сөз. Жетімнің күйін басқаға бермесін.
5. Синоним. Тұлдыр.

5. Сабақты қорытындылау. «Ой жинақтау»
Мектебіміздегі «Шапағат» қоры туралы, еліміздегі балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтар туралы және әліде қамқорлықты қажет ететін адамдар туралы әңгімелей отырып, оқушылардың ой - пікірлерін білу.

6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма. М. Әуезов «Жетім» әңгімесін оқып мазмұнын айту.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама